«Әлемдегі ардақты да, аяулы жан!»

Эссе

Эссе

Алғысым шексіз Анама!

Дүниедегі ең қымбат, ең әдемі сөз ол – ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздей терең, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды. Барлық аналар әлемдегі ең ардақты, аяулы, сүйікті де сүйкімді жандар деген ойыммен келіспейтін адам баласы жоқ шығар деп ойлаймын. Ана әлемнің сегізінші кереметі деп санауға болады. Әр адамның өз анасына деген махаббаты шексіз. Ана жайлы ойыңды айтып тауыса алу мүмкін емес. Менде анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.

Егер менен «Әлемдегі ең тәтті сусын мен ең жұмсақ заттарды аташы?» деп сұраса мен еш ойланбастан әлемдегі ең тәтті сусын ананың сүті болса, ең жұмсақ ол – ананың аялы алақаны деп жауап берер едім.

Мен анама қанша алғыс айтсам да алдындағы қарызымды еш өтей алмасымды білемін. Себебі, ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, мына жарық керемет өмірді сыйлады. Сондықтан да мен анамды өте қатты жақсы көремін. Ол мен үшін бүкіл әлемдегі ең сұлу, ең әдемі жан. Маған осындай ғажайып өмір сыйлап, осы күнге дейін мәпелеп өсірген ардақты жанның есімі – Анар. Анам мамандығы бойынша дәрігер болып жұмыс істейді. Егер мен ауырып қалған сәттер болатын болса, анам тез арада – ақ мені емдеп алады. Барлық аналар сияқты менің де анам мені әрдайым ойлап, жаман қасиеттерден аулақ жүргенмімді тілеп отырады. Кей кездері мен ананмның айтқан ақылын ұмытып, бұзықтық жасап қойсам, анам маған ұрсып та береді. Бірақ, мен анама ренжімеуге тырысамын. Өйткені, аналарымыз біздің болашағымызға алаңдап, дұрыс жол көрсету үшін ұрсады деп ойлаймын.

Мен анамның жүзінен мейірімді күлкісінің кетпегенін қалаймын. Сондықтан да анамды әрдайым қуантып отыруға тырысамын. Сабақтан бос кезімде үй шаруасына көмектесіп, айтқан тапсырмаларын уақытында орындап отырамын. Кей кездері анам маған «Сен маған ұқсайсың» деп айтады. Анамнан осындай сөздерді естіген кезде бойымды бір қуаныш пен мақтаныш сезімі баурап алады. Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ сияқты көрінеді. Міне, менің сүйікті анам осындай!

4 стр., 1656 слов

На казахском языке ана тілі

... ана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғ ана өрілсін! Олай болса, ана тіл імізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғ ана туған тіл іміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады. Ана тілі ... болса, ана тілі н ұмытқан адам Отанға қауіпті болмай, не болады?! Қоғамның адамгершілік жағынан деградацияға ұшырады нақ осы ана тілі ... сөзбен айтқанда,бүкіл рухы нақ осы тілде жатыр.Дегенмен,қазақты қ ...

Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана — барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана — ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі — Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу — бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ш. Қалдаяқовтың: «Сыйлар ем ай мен күнді, қолыма түспеді»,-деген әні еріксіз еске түседі. Ай мен күнді сыйласаң да артық болмас еді-ау.

Міне, қаншалықты қадірлі жан екені осыдан да көрініп тұрған жоқ па?

Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

Халықта: «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген керемет нақылға айналған бұл сөзді, ешуақытта есімнен шығармай келемін.

Иә, мен анам алдында әрқашанда қарыздармын.

Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Өмірде мен ұқсағым келетін бірде бір жан болса — ол менің анам. Ана үмітін әрқашанда ақтауға тырысамын. Асыл, анам, аман болшы қашанда! Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

2 стр., 573 слов

Алтын адам тақырыбында

... дениетіміздің қайнар бұлағы Алтын адам дер едім. Қорыта айтқанда, еліміздің нақышының қатары Алтын адаммен толықты. Өйткені, Алтын адам – ел ертеңінің, тарихымыздың ... а ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған. Аңызға сүйінсек, «Алтын адам», яғни 18 жасар жауынгер ... ерліктері мен естеліктері көп-ақ, әрине. Алайда оның барлығы дерлік нақты шындыққа дәлел бола алмайды. 1969 жылы Алматы ...