» » жазуға көмекші құрал

Эссе

`

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Шымкент 2016 (Мұқабасы)

(ішкі беті)

Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту мен жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді.

Кітап қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, жас мамандарға, оқушыларға арналған.

«Эссе жазып үйренейік» курсының бағдарламасы

  1. Эссе деген не?

  2. Эссенің басқа жазба жанрлардан айрмашылығы

  3. Эссе жазуға қойылатын талаптар

  4. Эссе жазу үшін нені меңгеру керек?

  5. Қазақ тілінің орфографиясы

  6. Тыныс белгілерді дұрыс қойып үйренейік

  7. Сөз өнері- жазу үшін қажетті асыл өнер

  8. Практикалық сабақ

  9. Эссені тексеру мен бағалау

  10. Қазіргі эссе үлгілері

Эссе жазуға көмек

Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс. Мектеп мұғалімдеріне ұсынылып отырған бұл көмекші құрал сондай өткір мәселені шешуге көмек болады. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық бағытта эссе жазылып жүр.Сондай эссе жазушыларға көмек ретінде ұсынылып отырған жұмыстың нәтижесі — алғашқы жылдардан қалалық байқаулардан алған жүлделеріміз.

15 стр., 7394 слов

Егер мен сынып жетекшісі болсам» жазу

... 14. Адамгершілік тәрбиесі 15. Тәрбиенің негізгі принциптері 16. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері 17. Бала ... үйесіне айналдыруды көздейді. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен жүргізілетін СӨЖ негізгі міндеттері: ... педагогикалық іскерліктермен қаруландыру. 4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту. 5. Студенттердің болашақ мұғалім ...

Эссе дегеніміз

Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.

Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әртүрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі. Эссе — жеке әсер етуді және нақты сылтау бойынша пікір ойды білдіретін кішкене көлем мен еркін композицияның шығармасы . Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Бұдан басқа

Э ссе нің классификациялары.

Мазмұны жағынан эссе келесідей болады:

  • философ иялық ,

  • әдеби- сындық ,

  • тарихи ,

  • көркемдік ,

  • көркемдік -публисти калық

  • рухани имандылық және т.б .

    3 стр., 1288 слов

    Махамбет туралы жазу керек?

    ... болашағы бұлыңғыр. Əбіш Кекілбаев Махамбет туралы жазған «Шандоз» атты еңбегінде оның ... жырларымен оларды күреске үндеді. Күрес-Махамбет поэзиясының негізгі тақырыбы болып табылады. Ол қазақ әдебиетінің ... оған көне дəстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақ ... азіргі таңда біздің патриоттарымыздың еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық идеяға баулысын десек оларға Махамбет ...

Қалыптары бойынша

  • пікірсараптық,

  • лири калық миниа тюрлық ,

  • ескертпелер ,

  • күнделіктен жазбалар ,

  • хаттар және басқа .

Э ссе бөлінеді :

  • сипаттамалық ,

  • баяндамалық ,

  • рефлексив тік ,

  • сындық ,

  • талдаулық және басқа .

Жазылу көлемі:

5-сынып 70 -80 сөз

6-сынып 80-90 сөз

7-сынып 90 — 100 сөз

8-сынып 100 – 150 сөз

9-сынып 150- 200 сөз

10-сынып 200- 300 сөз

11-сынып 300 -400 сөз

ЖОО –дағы студент 500 сөз немесе 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.

Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

7 стр., 3095 слов

М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман- сі. Ұлытау жотасында, 10 сынып

... ан тау-кен инженер-геологі Талқылауға арналған сұрақтар: неліктен, қалай, қандай себептер Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілді ... мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, мақала) жазу Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: ... шығармада қалай көрініс тапқан? 2.Жезді пайдалану, өндіру неліктен кешікті деп ойлайсыңдар? 3.Ұлт тауқыметін шығармамен қалай байланыстыруға ...

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

Жеке көзқарастың көрінісі;

Деректі дәйектер (аргументтер);

Теоретикалық негіздеме;

Терминдерді қолдану;

Цитаталарды келтіру;

Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

Сауаттылық (пункт., орфогр.);

Жиі кездесетін қателіктер:

1. Проблема ашылмайды;

2. Автордың жеке ұстанымы көрінбейді;

3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;

4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;

6. Ауызекі сөздер, диалект, слэнг, жаргон сөздер;

7. Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы;

8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;

9. Логиканың болмауы.

Эссе жазуға қалай дайындалу керек?

Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру керек сияқты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?»

Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?

Ол:

-Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

-Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

-Оқырмандарды ақпараттандыру;

-Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

-Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;

-Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

-Іс-әрекетке түрткі болу.

Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін білу.

Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек. Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.

Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек.

Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.

Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.

Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ, тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет.

Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.

Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: деректерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материалдарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.

Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.

Қорытындыға тілдік клише

Осылайша, жоғары баяндалғандар негізінде қорытынды жасауға болады …

Қорыта отырып, айтқым келеді …

Жоғары баяндалғандар негізі келесіге тіркеледі …

оқылған мәтіннің негізінде тұжырым жасауға болады…

Айтылғандарды қортыа отырып, айтуға болады … Бұдан … шығады, Мен мәтін нің авторына шынымен ризашыцлығымды білдіремін, өйткені ол мені … ойландырып тастады

Бұл мәтін мен тағы да … екеніне сендірді

Қортындыда мен автордың тырысқаны бекер кетпегенін айтамын, олар менің ішкі дүниемді мәселелерді жақсы түсінуге үйретті.

Бұл мәтін мәселеге терең үңілуге, біздің өміріміздегі маңызды нәрселерді қайта бағалауға үйретті

Ақырында эссе жазу барысында қажет болатын бірнеше кеңестер береміз : 1. Мәтіннің жанрын анықтауда сақ болыңыз : оны әңгіме немес статья деп атауға асықпаңыз, өйткені сіз қате жіберіп алуыңыз мүмкін . Мәтін , фрагмент , үзінді сөздерін қолданған дұрыс.

2. Егер сіз авторлық неологизм ді қолдансаңыз , оны міндетті түрде тырнақшаға алыңыз, әйтпесе мәтінде бұл сөз грамматикалыө қате болып есептелінеді.

дөрекі, балағат

Эссені келесі жоспармен жазу керек:

берілген мәтіннен ц

Өмірлік тәжірбиені қолдана отырып:

  • Менің қарапайым өмірлік тәжірбиеме қарамай, осыған ұқсас жағдайды есіме түсіремін (менің досым, сыныптасым, жерлесім) …

автор өмірбаянының, көзқарастарының,сенім-нанымының деректеріне көз салу

II. Мәселені тұжырымдау:

Мәтінде «мәселе» сөзі (немесе «сұрақ») міндетті түрде айтылуы керек.

Сондай-ақ келесі тілдік клишелерді қолдануға болады

Мақұлдау

Бейтарап ұстаным ( деректер констатация сы )

Айыптау, мінеу

Автор таңданады …;

ұтылады …,

сұқтанады …, бізбен бірге қызықтауға шақырады …,

болып жатқандарға қызықтай бақылап отырады ..,

мейірімді дос және ақылды кеңесші ретінде , автор бізбен бірге әңгімелеседі

Автор… туралы ойлайды ,

Оқырманды диалогқа шақырады ,

Өз ойларымен бөліседі,

Оқырман алдына маңызды көкейкесті мәселені қояды,

Өмірлік күрделі (философиялық) ұғымдарды түсіндіруге

Автор .. . туралы жүрегі езіле отырып жазады

туралы қинала отырып айтады ;

Автор ың … наразылығын тудырады ;

Автор… келісе алмайды ,

Ащы мысқылмен …. туралы жазады ;

Өзінің …эмоциональ дық , автор қобалжыған ойларын мазасызқорытындымен жазады

Эссенің құрылымы және жоспары

Эссенің құрылымы оған талап етілетіндермен анықталады:

  1. Эссенің авторының ойы қысқаша тезистер қалыпындағы мәселелер бойынша баяндалады.

  2. Ой дәлелдермен бекітілуі керек — сондықтан да тезистен кейін дәлелдер беріледі. Мысль должна быть подкреплена доказательствами — поэтому за тезисом следуют аргументы

Дәлелдер бұл фактілер , қоғамдық өмірдің, оқиғалардың, өмірлік жағдайлардың және өмірлік тәжірбиенің, ғылыми дәлелдеулердің, ғалымдардың пікірлерге бағыттамалардың құбылысы. Әр тезистің пайдасына екі дәлел келтіргеніміз жөн: бір дәлел нанымсыздау болады, үш дәлел жанр түрінде орындалып, қысқаша және образдауға бейімделген баяндаманы күрделендіріп жібереді. Осылайша эссе дөңгеленген құрылымға айналады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдап алынған жоспарға, ойдың қисынды дамуына байланысты):

  • кіріспе

  • тезис, дәлелдер

  • тезис, дәлелдер

  • қорытынды .

Тезистерді мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?

Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын деректер болып, автор оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе – тезистерді ойды мағыналы баяндауға айналдыру қажет.

Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.

кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлімде

Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.

Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыстығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-аудың жатықтығына, ойдың логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек.

Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.

Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.

Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін білу.

Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек.

Эссе үлгілері

Ұстаздық еткен жалықпас

Жоспар:

І Кіріспе

Ұстаз –адам жанына білім дәнін себуші

ІІ Негізгі бөлім

1) Адам тәрбиелеу – ұлы міндет

2) Жүрегімнің қалауы – ұстаздық

ІІІ Қорытынды

Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға

Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген

сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол — нағыз ұстаз»

Л. Н. Толстой

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Ғалым да, шахтер де бас иетін,

Ұстазым, бар сенің қасиетің.

Білім берген, ой берген, ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.

Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне –осы, өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында деп білемін, себебі ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.

Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу – кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дарқан адам.Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз, өйткені өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мұхаммет Мұстафа (c.a.у) бір хадисінде: «Маған бір әріп үйреткеннің 40 жыл құлы боламын», — депті. Өзім оқытушы болсам да, мені оқытқан мұғалімдерімнің алдында әрқашан басымды иемін. Осындай дәрежеге жетуіме олардың қосқан үлесі ұшан-теңіз деп білемін.

Қазір өзім де қазақ тілі пәнінің оқытушысымын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Студенттік шағымнан бастап менің намысымды қозғайтын бір өзекті мәселе қазақ тілі мәселесі еді. Сол себепті «өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолында өз үлесімді міндетті түрде қосуым керекпін» деген оймен осы мамандықты таңдаған едім. Әрине, өкінішті жайттар да болған еді,дегенмен «бейнет түбі-зейнет» демекші осы бағыттағы үйренем деген студенттеріммен бірге жеткен жетістіктеріміз қуантып, әрі осы бағытта жұмыс істеуге өз басымды жігерлендіреді. Студенттерімнен алғыс естіген уақытта менен бақытты адам болмайтын тәрізді. Сол кезде өз басым мұғалімдік жолын таңдағаныма қуанамын. Әрине, егемен мемлекеттің мемлекеттік тілі болмайынша, ол мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сол себепті қазіргі уақытта тіл үйрету мәселесі қазақ мектебі үшін де, орыс мектебі үшін де ерекше орында тұр.

Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым – студентті тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Қытай философының «Маған жай айтсаң, ұмытамын, көрсетсең,есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң, үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру, өйткені тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны студент өзі де оқып алады.Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан-жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт. Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын. Өйткені жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушы білімінің дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болуы міндетті.

Қорыта айтқанда, әрбір оқытушы хакім Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ.

2050 жылғы Қазақстан

Жоспар:

І Кіріспе

Ата-баба аңсаған тәуелсіздік

ІІ Негізгі бөлім

1) Жүзеге асқан стратегия

2) Болашаққа болжам

ІІІ Қорытынды

Алыстан алаш десе ,аттанамын,

Қазақты қазақ десе, мақтанамын,

Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ.

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!, Міржақып Дулатов.

Ата-баба аңсаған ұлы мұрат жолы, яғни осынау «тәуелсіздік» деген асыл ұғымның жолында талай жан құрбан болды. Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,–деп текке айтпаған іспетті. Қазақ аштықты да, жоқтықты да, небір сұрапыл дүниені де көрді, бірақ өмірге деген құштарлық пен азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. Кешегі Абылай,Тәуке хандарымыз, одан бері Махамбет, Кенесары батыр бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке жеткенімізге міне 23 жылдың жүзі болды. 23 жылда жеткен жетістіктеріміз бізді дамушы елдердің алдыңғы қатарына шығарды. Қазіргі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда еліміздің өркендеуі қарқынды түрде жүріп жатыр. Біздің осылай бақытты, тәуелсіз болып отыратынымызға кім сенген?! Олай болса, мен де болашаққа көз салып көрейін. Алдымыздағы асулардың әр жағындағы Қазақстанды мен қалай елестетемін?

Бүгінде Қазақстан жаһанға аты әйгілі елдердің қатарында. Мұндай елдер қатарына қосылу жолында Елбасымыздың атқарған үлесі мол. Барлығы да еліміздің ертеңі мен бүгініне арналған. Жұдырықтай жұмылған ел сенімін арқалаған көшбасшы бірлік пен татулықты, намыс пен мақсатты пір тұтты. Дәл осындай қарқынмен еліміз «Қазақстан –2030» стратегиялық бағытын жүзеге асырып, дамыған 50 елдің қатарына кірді. Өркениетті ұлтымыз үшін, еліміздің дамуын тежемей, керісінше, дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатында Елбасымыздың қолдауымен «Қазақстан–2050» стратегиялық бағдарламасын қабылдадық. Осы стратегия қабылданғалы еліміздің болашаққа деген сенімі арта түсті. Менің ойымша, 2050 жылы Қазақстан Еуропа елдерінен асып түсетіндей дәрежеге жетеді. Сонымен қатар адами құндылықтар артып, біз ойлағаннан да ерекше сәулетпен гүлденері сөзсіз.

2050 жыл… Қөз алдыма небір адам қолынан келмейтін ғимараттар, сонымен қатар халық саны едәуір артқан, уайым-қайғысыз ата-аналар мен бақытты балалар келеді. Сәулеті мен дәулеті келіскен қазақ елінің бағы үстем. Елбасы салып берген дара жолдан жаңылмай, жас ұрпақ та биік белестерге жете берері сөзсіз. Мен Қазақстанның болашағын ғажайып арманмен елестетемін. Батысымыз мұнайланып, жаңа зауыттар мен машина құрастырушы зауыттың түр-түрі, Оңтүстігімде «Оксфорд», «Гарвард» сияқты университеттер мен жаңа ірі оқу орындары, Шығысымда — роботтар құрастырушы зауыттар мен «Бренд тауарлар» орталықтары, Солтүстігімде «Ақпарат таратушы құралдар» орталығы, ал Орталығымда зәулім ғимараттар мен бизнес орталықтары іске қосылса.

Қасиетті Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау басқа да шұрайлы аймақтарда шипажайлар бой көтеріп, нағыз туристік орталыққа айналсақ! Шетелдегі бауырлардың бәрі оралған. Қаламыз толы қаракөз қазақтар. Санымыз 25 миллионнан асады. Керемет жетістік!

Мұнай өндіруден үшінші орын. Білім сапасы жоғары. Адам саны жетерлік. Көлік жасаудан да қалыспаппыз. Жаһандық даму деп осыны айт. «Құралай» мен «Әдемі-ай» бренд тауарларын шетелдік туристер іздеп келіп алып жатыр. Сауда қарқыны керемет!

Шіркін армандар! Еңбектенсе, орындалмайтын арман болмайды екен. Асқақ арманға жету үшін ертеңгі күннің жұмысын бүгіннен бастайық.

Қорыта айтқанда, мен 2050 жылы Қазақстанды әлемдегі ең бақытты, дамыған, үздік мемлекет етіп елестетемін. Қазақ халқы тек экономикалық жағынан емес, мәдениеті, салт-дәстүрімен де көшбасшы болып тұрады. Қазіргі кездегідей орысша сөйлегенді мақтан тұтпай, бір-бірімен қазақша сөйлесіп, теледидардың барлығы мемлекеттік тілде сайрап тұратындай деңгейге жетеміз.

Мен сенемін,сену керек арманға,

Бұл арманым орындалса таңданба!

Барлық халық тек қазақша сайрасын,

Күнтізбеміз 2050 болғанда!

Мемлекеттік тіл–менің тілім

Жоспар:

І Кіріспе

Туған тілге құрмет

ІІ Негізгі бөлім

1) Ана тілдің қасиеті

2) Қазақ тілі – қазақстандықтарды біріктіруші фактор

ІІІ Қорытынды

Тілімізді сақтаудың тиімді жолы

«Ана тілі- бәріміздің анамыз,

өйткені ол – ұлтымыздың анасы»

Н.Ә.Назарбаев

Тіл қай елде, қай ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті ұғым. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамның қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» — деген. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының жазушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырласа, Мағжан Жұмабаев: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың», — деп толғанады. Осы екі ақын да сол кездері тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр.

Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады.Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік», — деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке қарай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей. Әр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасын да аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені. Ал кейінгі «Қазақстан 2050» жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр. Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр.Солардың бірі ана тіліміздің аударма тілі болып отырғандығы мені қатты алаңдатады. Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын Ш. Смаханұлының бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды: Қазіргінің баласы, Көп білем деп көкиді. Әкесінің жазғанын, Аудармадан оқиды. Қазіргі шындық – осы.

Қорыта айтқанда, тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемен ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түпқазығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш-ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл — ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. Қазақстан — әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуі үшін азаматтарымыз қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек дегім келеді.

Денсаулық – зор байлық

Жоспар:

І Кіріспе

Денсаулықсыз өмір қызықсыз.

ІІ Негізгі бөлім

Салауатты өмір салтын ұстану.

ІІІ Қорытынды

Денсаулықты сақтау – өз қолымызда

Дені саудың жаны сау.

халық мақалы

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін уақытты да, күш-жігерді де, еңбекті де, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулықсыз мына өмір қызықсыз деп білемін.

Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық» деп халқымыз тегін айтпаған. Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену – әрбір адамның басты міндеті.

Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде, кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?

Ең алдымен, спирттік ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе, жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар – қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себепкер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын.

Аурудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп,әртүрлі жаттығулар жасауға болады.

Қорыта айтқанда, денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурудың түрі көбейіп барады. «Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды» деп данышпан Ж.Баласағұнның айтқан сөзі рас сияқты, өйткені әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар,бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей, оны емдеуіміз қажет. Яғни «Ауруын жасырған өледі» деген сөзді есте ұстап, адам өз бойындағы сырқаты бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі тиіс.

Достық

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара, жырласын!

С.Сейфуллин

Жоспар

І Кіріспе

Достық – асыл қазына.

ІІ Негізгі бөлім

«Досы жақсының өзі жақсы»

ІІІ Қорытынды

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық –өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге көмектеседі. Дос-жарандардың мінездері әртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, өзімшілдік достықпен сыйыспайды.

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында». Достыққа қарама-қарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көре алмайды, достық дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мақсаттардың бірі.

Саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек, өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Мәңгілік елдің мәңгілік тілі

Қазақ тілі – ғажап тіл.

Оның болашағы да ғажап.

Н.Ә.Назарбаев

Жоспар

І Кіріспе

Мәңгілік Елдің ұлы бастамасы

ІІ Негізгі бөлім

Ел мен тіл – егіз ұғым

ІІІ Қорытынды

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Н. Назарбаев сынды көшбасшысы бар Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты – экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы — осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни Қазақстандық дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы – ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Стратегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында.Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфрақұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы, бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек». Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз.

Ел мен тіл

Балалық – бал дәурен

Жоспар:

І Кіріспе

Адам өмірінің ең аяулы сәті

ІІ Негізгі бөлім

1. Сәби болу – бір бақыт

2. «Нені көрсе, соған ерген балалық»

ІІІ Қорытынды

Мен бақытты баламын!

Құс та болғым келмейді қанатым бар.

Қанатым бар күмістен жаратылған.

Сәби болғым келеді, сәби болғым

Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.

Мұқағали Мақатаев

Жетінші қара сөзінде Абай : «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, екіншісі –білсем, көрсем, үйренсем деген жан құмары» -дей келіп, баланың көргеніне талпынатынын, көзі көрген мен құлағы естігеннің бәрін білгісі келетінін жақсы сипаттайды. Шынында да, бала кезде бәріміз де дүниенің бар сырын танып –білгіміз келіп, алға ұмтылып, тезірек өскіміз келіп, үлкендерге еліктеп жүретініміз анық. Мүмкін, сонысымен де балалық шақты бал дәуренге теңеген болар?! Әйтеуір, үлкендер бала кездерін еске алса, еріксіз жымиып не қатты қиялға батып, қайта айналып келмес бал дәуренді аңсап жатады. Себебі балалық шақ – адам өмірінің ең аяулы, ең тәтті, ең қызық сәті. Иә, бал шақтың қадірін ерке кезде аңғармай өткізіп аламыз. Мен де қазір сол бір ата-анамның басымнан сипап, қыңқылдап сұрағанымның бәрін де алып беріп, асты-үстіме түскен кездеріндегі шат көңілім мен сәбилік еркелігімді еске алып отырмын. Сол кезде Мұқағали ақынның «Сәби болғым келеді» деген әні еріксіз еске түседі. Шынында да, «тұлымында күн сәулесі ойнақтаған, аузынан ана сүті арылмаған сәби» болу қандай бақыт десеңші, шіркін! Ата- ана үшін сол сәбидің амандығынан артық бақыт болмайды, бар әлем оған бас иіп тұрғандай. Бала кезде дос болу да оңай, дос табу да оңай. Себебі бала көңілі аппақ қардай тап-таза болады. Сол кіршіксіз сезімнен таза достық, жақсы ниет, адал көмек туындап жатады. Біреудің жылағанын көріп, өзі де жылай салатын да сол бала көңілі емес пе?! Сол сияқты қолындағысын ойланбай бере салатын ақ көңіл жомарт пен дарқан жүректің иесі де – көбіне тәп-тәтті балдырғандар. Олардың тілін айтсаңызшы! Ойындағысын іркуді не алдауды білмейтін балдай тілден шыққан сөз көпке дейін жанымызды жадыратып, жақсы көңіл күй сыйлап жатады. С. Дөнентаевтың «Балалық» деген өлеңінде:

Алдау үшін көз жұмғанды «өлді» деп,

Уансын деп ұсынғанды «берді» деп,

Көңілін жықпай шұлғығанды «сенді» деп,

Нені көрсе, соған ерген балалық, — деген жолдар бар. Шынында да, балалықтың бірнеше сипатын осы өлеңнен таба аламыз. Бірақ кейбір үлкендер сол нәресте сезімді дұрыс түсінбей, баланы ренжітіп алып жатады. Бала жақсы азамат болу үшін оның бала шағында патшадай алаңсыз күн кешуін қамтамасыз ету керек екен. Ендеше, сәбиінің қайтып келмес бал шақтарын қолдан келгенше бақытты өткізуге әр адам талаптануы қажет. Әрине, бұған мемлекет те барынша қамқорлық жасап отыр. Елімізде «Балалар құқығын қорғау конвенциясы» сияқты маңызды құжаттар жұмыс жасайды. Сонымен қатар балалардың оқуына, демалуына, өсіп-өркендеуі мен жан-жақты дамуына бар жағдай жасалған. Қазіргі балалар барынша бақытты болу мүмкіндігіне ие деуге әбден болады. Дегенмен, бұрынғы қиын кезеңдерде балалардың еңбекке тез араласқанын, ойыншықтармен қалағанынша ойнай алмағанын біле жүргеніміз де жөн. Сонда балалық шақтың да, бақытты заманымыздың да қадір –қасиетін терең түсініп, оны барынша қорғайтын боламыз. Мәдина әпкемнің:

Балалық шақтың мекені,

Қалдырдың өмір жолында!

Арман көп оған жететін,

Билет жоқ, әттең, қолымда!- деген әніндегі өкінішті шынайы өмірімізде сезінбеу үшін бал дәуреннің бал шақтарының естеліктерін қайта қарап, тәңірімізге тәубе етейік!

Жиырма екі жыл ішіндегі бейбітшілік, келісім және жасампаздық

Жоспар:

І Кіріспе

Тәуелсіздік – таң нұры

ІІ Негізгі бөлім

1. Мүдде – қоғамның қозғаушы күші

2. Азаттықтың ақ жолы

ІІІ Қорытынды

Менің Отаным – беделді мемлекет

Иә, шынында да осы 22 жылда біз көп нәтижеге қол жеткіздік. Ең бастысы- еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын дәрежеге жеттік. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату-тәтті мекеніне айналған еліміз дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсетуде. Қазірдің өзінде Қазақстан аумақтық тұтастық пен тиіспеушілік кепілдігіне ие болған, сыртқы саяси-экономикалық саясатта «ТМД», «Азия-Тынық мұхит аймағы», «Азия», «Еуропа», «Америка» бағыттары даму үстінде, қалыптасқан шекаралардың бұзылмауы жөнінде іргелес мемлекеттермен ресми келісім-шартқа қол жетті, беделді халықаралық ұйымдар мен бизнес алпауыттары елімізбен санасып отыр. Осының бәрі- Елбасымыздың сындарлы саясаты. 1993 жылыН.Ә. Назарбаев Ордабасы жерінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді дана билерімізді еске алу кезінде: «Біз мына дүниенің ең қуатты қозғаушы күші- мүдде екенін, негізгі тарихи қадамдарымыздың сол мүдде ортақтастығы қағидасына сай жасалу керектігін де ерте ұғынып, ерте жүзеге асыра алдық. Бұл ақиқат қағиданы да санамызға сіңірген осы билеріміз еді» деп атап өтті. Даналықтың мәйегінен, тарихтың тереңінен тағылым алған Елбасы Қазақстанның басты мүддесі сыртқа саясаттағы әріптестік пен ішкі саясаттағы тұрақтылық екеніне тоқталды. Сондықтан да мен осы биігімізден мәңгі таймайық дегім келеді. Өйткені «Қазақстан»дегеннің өзі, меніңше, конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулық, халықтың бірлігі, экономикалық тұрақтылық, азаматтардың құқығы мен бостандықтары, халықаралық әріптестік секілді кең ауқымды қамтитындай. Осы жылдар ішінде Қазақстан бұл талаптарға толық жауап беретін алатын демократиялық мемлекетке айналды. Мұның барлығы Қазақстанның тарихи таңдауы болатын.

Сонымен бірге жиырма жылдық тарихында Қазақстан халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру да әлемдік талаптарға сай өзгертіліп келеді. Себебі осыдан жиырма екі жыл бұрынғы Қазақстанды бүгінгі жаңарған жаңа әлемдегі Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Небір қиын кезеңдерді бастан өткере отырып, еліміз өткен күндердің барлығын өзіне сабақ етіп, болашаққа жарқын қадамдарын жасады. Атап айтар болсам, экономикалық дамудың көрсеткіші бойынша Орта Азия мемлекеттері ішінен көш бастап, ТМД-дағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылды. Ендігі меже — елу елдің арасына ену. Дүниенің дамыған елу елінің қатарына қосылып, бай қуатты Қазақстан атану — біз үшін үлкен мақсат. Егемендігіміздің 22 жылы ішінде жан басына шаққандағы жиынтық өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе ұлғайса, Малайзияда 2 есе, Сингапурде 4 есе өскен екен, ал бізде ол 16 есе көбейген. Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, «Дүние жүзі тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы 20 жылында осыншама қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес». Расында да, аз уақыттың ішінде осындай толағай табысқа қол жеткізу әлем экономикасының тарихында болған емес. Елбасының көреген саясаты қазақстандықтардың көңілінен шықты. Елмен ақылдаса отырып, халқына арқа тіреген Президентке елі әрқашан қолдау білдіре бермек.

Екі жыл бұрын тойланған Тәуелсіздігіміздің 20 жылы тарих үшін қас-қағым сәт қана. Білгенімізден білмегеніміз көп егемендіктің алғашқы жылдары-ақ алдағы кезеңді бейбітшілік пен жасампаздық үдерісіне айналдыруға болатынын кемелділікпен болжаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатына таңғалмасқа шара жоқ. Ең бастысы Елбасымыз мүмкіндіктерді уыстан шығарып алмай, елдің көшін өркениеттің көшіне ілестіріп берді.

Қазақстан бүгінде әлемге өндірісі жедел дамып келе жатқан, ішкі саясатында тұрақтылыққа қол жеткізген, бейбіт идеялардың елі болып танылуда. Еуразия жүрегінде орналасқан әсем елордамыз Астана қаласы әлемнің саяси картасында бейбітшілік пен келісімнің, рухани дамудың орталығына айналуда. 1997 жылы 10 желтоқсанда еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Президент Жарлығы ұлтты біріктіруге, экономикалық және саяси тұрғыдан дамуға ұмтылған маңызды қадам екенін төреші уақыт өзі дәлелдеп берді. Астана қаласы бүгінде көркеюі мен халқының жедел өсіп келе жатқаны жағынан ерекше көзге түсіп келеді. Осы жиырма екі жыл ішіндегі нағыз көзге көрініп тұрған бейбітшіліктің де, келісімнің де, жасампаздықтың да нақты көрінісі ретінде Астананы атай аламын.Себебі қаламыз халқымыздың берекесі мен ұлтымыздың бірлігінің символына айналды. Қазіргі уақытта еліміздің азаматтары Астана қаласына ерекше сүйіспеншілікпен, патриоттық сезіммен, асқан ынтызарлықпен қарайды. Астана қаласы еліміздің басқару элитасының орталығына ғана емес, рухани бірлігінің ордасына да айналды. Қалада жыл сайын емес, тіпті ай сайын емес, күн сайын бой көтеріп жатырған бизнес орталықтары, мәдени кешендер, қол жетімді бағадағы тұрғын үйлер мен саясына келешек ұрпақ тыныстайтын саябақтар, басқа да маңызды құрылыстар — осының айғағы. Әлем көзімен қарайтын болсақ, «Астана – Азиядағы саяси-іскерлік орталығы, бейбітшілік бесігі, жасампаз халқы бар, бірлігі жарасқан мемлекеттің астанасы». Мұсылман әлемі де Астана қаласын Ислам елдері ішіндегі саяси тұрақтылық орын алған мемлекеттің астанасы деп қарайды. Елімізге сеніп тапсырылған халықаралық деңгейдегі Ислам конференциясына төрағалық құқығы — осының айғағы. Кәрі құрлық елдері Астананы Азия мен Еуропа арасындағы алтын көпір деп санайды. 2011 жылы ЕҚҰЫ-ға Төрағалық құқығын берер алдында Елбасымен ол басқарып отырған елдің саяси-экономикалық жетістіктерімен қатар, гуманистік тұрғыдан да дамуы зерделенді. Бір ауыздан Қазақстан Республикасына Төрағалық ету тапсырылды. Мұның бәрін Елбасының әлемдік қауымдастық алдындағы жеңісі деп білемін. Осындай бейбітшілікті сүйетін, ұлтаралық келісімді қолдайтын, халқы да, елі де жасампаз мемлекетте тұратынымды мақтан етемін. Себебі менің елім — Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет. Менің елім — халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекет. Сол сияқты ол — аз уақыт ішінде

ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;

Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекетім – Қазақстан, 22 жылда жеткен табыстарыңа толағай табыс қосыла берсін, жайнай бер, өркендеп өсе бер!

Ден і сау болған керемет !

Жоспар:

І Кіріспе

Денсаулық – басты байлық

ІІ Негізгі бөлім

1.Денсаулықтық жаулары

2. «Ұяда не көрсең»

ІІІ Қорытынды

Дені сау болу өз қолымызда

«Бірінші байлық — денсаулық» демекші, әр адам өз денсаулығын күтіп ұстауы қажет.Кейбір адамдар әр түрлі жолмен ақша табу үшін өз денсаулығын жоғалтып алуда.Егер деніміз сау болмаса, байлықтан, басқа қызықтан не пайда?! Дүниеде ешбір нәрсе де денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол себепті денсаулығымызға залалын тигізетін кейбір нәрселер жайлы білгеніміз жөн. Солардың бастылары ретінде денсаулықты құртатын,адамды көп жағдайда өлімге де жетелейтін, барлық ауруға жол ашатын, көп қылмыстардың жасалуына себеп болатын: арақ ішу, темекі тарту, нашақорлықты айтуға болады. Осылардың қай-қайсысы да жас балаға да, үлкен адамға да өте зиян алып келеді. Әсіресе, нашақорлық — ғасыр індеті. Кейбір адам өмірінде кездескен қиыншылыққа шыдамай, есірткі қолданады да, оның шырмауынан құтыла алмай қалады. Естуімше, нашаның дәмін бір рет татып көрген адам оған мәңгілік тәуелді болып қалады екен. Сол себепті есірткіні мүлдем қолданбау керектігін әрбіріміз айқын білгеніміз жөн. Ал кейбір жастарымыз темекі шегуді сән көреді екен. Біз бұл өмірге темекі тартып, ішімдік ішу үшін келген жоқпыз ғой. Содан соң қымбат тұратын осы заттарды алу үшін ата-анасы мен үлкендерге, мектептегі достары мен мұғалімдеріне өтірік айта бастайды, тіпті кейде ұрлыққа да баруы мүмкін. «Жамандық жамандыққа жетелейді» -деген сөз бар. Бір рет басталған нашақорлықтан арылу үшін анаңның , туған-туысқандарыңның көз жасы да тоқтата алмайды. Түрлі сериалдар мен кинолардан көріп жүргеніміздей, нашақорлыққа бір рет үйір болған адамның өмірі де астан-кестен болады. Отбасының берекесі қашып, балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бермек түгілі, олардың да теріс жолға түсуіне зардабын тигізеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, әрбір адам келешегін ойлауы керек. Өз басын ғана ойламай, қасындағыларға қалай әсер ететінін де біліп жүргені дұрыс. Егер біздің қасымызда нашақор адам жүрсе, бізге де тыныш, жайлы өмір жоқ. Ендеше, осы бір індетпен күресуіміз керек. Меніңше, деніміз сау болып өмір сүргеннен артық ештеңе жоқ. Ал енді денсаулығымыз мықты болу үшін не керек? Ең алдымен, күн тәртібін құрып, сол тәртіпке өз-өзімізді бағындыра білуіміз керек. Сондай-ақ ең керегі – спорт пен өнерді жанымызға серік ету. Білім ала жүріп, жаман әдеттерден жирене білуді айқын білген жан ешқашан да өз-өзіне жамандық жасамайды. Болашағын ойлаған адам бала кезден өзін тек жақсы әдеттермен дос болуға қалыптастырады. Сондықтан біз де зиянды әдеттерден арылып, ертеңгі күні өмірімізге үлкен соққы боларын бүгінгі күннен ойлауымыз қажет.

Қорыта келгенде, денсаулығымыздың мықты болуын ойласақ, уақытында пайдалы тамақ ішіп, спортпен айналысып, денемізді шынықтырып, уақытында дене еңбегі мен ой еңбегін алмастырып отырсақ екен. Адам баласына ең басты байлық деп берілген денінің саулығы өзінің қолында екенін естен шығармағанымыз жөн. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»- деген нақыл сөз бәрімізді ойландыруы керек. Ешкім де темекі тартпаса, есірткі пайдаланбаса, дүниеге келер балалардың дені сау болып, ешбір адамның денсаулығына зиян келмес еді. Деніміз сау болса, ешқандай ауруға шалдықпай, өмірімізді қызықты өткізер едік. Сонда өміріміз мәндіде мағыналы болар еді. Шынында да, дені сау болғанның қандай керемет екенін біле жүрейік!Денің сау болса, өмір де қызық, айналамыз да құлпырып, өзіміздің пайдамызды қоғамымызға тигізіп, отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеп, ата-анамыз бен жақындарымызды қуанышқа бөлеп, бақытты өмір сүрер едік! Адамға бір-ақ рет берілетін өмірде бақытты болғанға не жетсін! Өз-өзімізге қатаң талап қойып, сол талабымызға жете білсек, соның өзі де бақыт емес пе?! Бақытты болғымыз келсе, деніміздің сау болуы өз қолымызда екенін ешқашан естен шығармасақ екен!

Дені сау болған керемет

Жоспар:

І Кіріспе

Жан мен тәннің амандығы

ІІ Негізгі бөлім

1. «Дені саудың жаны сау»

2. Ел дамуының басты арқауы

ІІІ Қорытынды

Өмірім мәнді өтсін десең…

Денің сау, ғұ

Ауруға төрт нәрсемен құ

Жылы сөз, жеңіл тамақ, жылы ә

Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.

Денсаулық дегеніміз – адамның жаны мен тәнінің амандығы.

Дені сау болған керемет емес пе? Атақты Шопенгауердің

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл- Үшеуімен бақытты болады өмір»- деген тақырыпта біздің мектепте ата-аналар жиналысы өткені есімде. Сол жиналыстан анам ерекше әсер алып, осы сөздің байыбына барып жүруімізді ескертіп отырады үнемі. Мен қазіргі күні де, келешекте де мына ережеге сүйенемін: өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де сәнді өткізу- басты міндетіміз. Себебі біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет берілетінін бәріміз кеш ұғамыз. Сондықтан денсаулығымыздың мықты, рухымыздың күшті болғаны абзал екенін естен шығармасақ екен дегім келеді!

Есірткі-ел тыныштығы мен әлем тыныштығының қаупі

Жоспар:

І Кіріспе

Қоғам қасіреті

ІІ Негізгі бөлім

1. Зиянды әдеттің зардабы

2. Сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырлар

ІІІ Қорытынды

Есірткіні түп-тамырымен жояйық

Нашақорлық-бүкіл қоғамның қасіреті

Қазіргі күні осы бір жаман індеттен көптеген ел қатты зардап шегуде. Ең алдымен, есірткінің әсерінен жер бетіндегі халықтың саны азаюда екенін түрлі ақпарат көздерінен естіп жүрміз. Келешек ұрпаққа » Балаларымызды жақсы тәрбиелеп , нашақорлықтан ,басқа да зиянды әдеттерден қорғап , халық санын көбейтуге үлес қосыңдар! » дегім келеді . Нашақорлыққа, көбінесе, жастар бейім. Себебі олардың еліктегіш, аңқау сәттерін ақша тапқысы келетіндер жақсы пайдаланып, соған тәуелді ету жолын ойластырады. Көбінесе олар ауқатты отбасы балаларын тұзаққа түсіруді қарастырады екен. Ал олардың құрбылары түрлі қоспаларды егіп көруді қызық көріп, өз өмірлерін өз қолдарымен құртуда. Сондықтан ондай жастарға әлі де өз өмірін қайта бастауға кеңес беріп, жас балаларға бейтаныс адамдармен байланыс жасамау керектігін үнемі айтып отырып, зиянды заттарды қолданбай, тек бос уақыттарын пайдалы іс-әрекетпен өткізуді насихаттау керек. Мұндай жұмыстар жасалып та жатыр, қазір оқушылар үшін де, жастар үшін де қызықты жұмыс түрлері, үйірмелер мен секциялар өте көп. Десек те, нашақорлықпен өмірін қор етіп жүргендер де азаймай отыр.

Есірткінің ерекшелігі сол- адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалатын көрінеді. Міне,адамдардың нашақор болуының себептерінің бірі сонда жатыр.Танысы «бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең,шексең, нашақор болмайсың, қазіргі қиындықтардың бәрін ұмытасың, жаның ләззат алады, тыныштықта боласың» деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Барлығы осылай басталып, ақыр соңында бір рет қате басқан адам екінші рет, бірнеше рет шалыс басып, қайтып шығар жолды таппай, адасады. Ұлы ақынымыз Мұқағалидың мына өлең жолдары ойыма оралып отыр:

Сүрініп кетпе, сүрініп кетсең болғаны

Дей бергін, достым, басыңа қырсық орнады.

Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы

Аңдамай кейде сүрініп кетсе болғаны.

Шындығына келсек, қандай қателікке де адам баласы өзі кінәлі. Десек те, нашақор жастарымызды «сен нашақорсың» дегенмен біздің елдігіміз не болмақ?! Алдын алған жақсы, бірақ нашақорлыққа түскендерді де емдеу, оңалту, айықтыру шараларын дамыту керек. Ең алдымен, олардың бәрін анықтап алу керек. Қазіргі күні әлеуметтік желілердің осы іске пайдасын тигізетінін ескеруіміз керек, басқаға айтпаған сырын олар сол жерде ашып айту арқылы өзіне жәрдем ала алса, одан әрі қайтадан сау адам қатарына қосылуына мүмкіндік болар еді. Себебі есірткіге құмарлық — ұзақ емдеуді қажет ететін ауру. Есірткіге құмарлықтан арылу үшін адам неғұрлым дәрігерге ертерек қаралса, соғұрлым тез жазылады. Ал кейбіреулер есірткімен заңсыз әрекет жасағандардың заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біліп, қылмысынан бұрын есірткі пайдаланатынын жасыратын болар. Не дегенмен, есірткі заттарын тек қана медициналық қажеттілік бойынша және қатаң дәрігерлік бақылаумен белгіленген мөлшерде ғана қолдануға рұқсат етілгені дұрыс. Ол мөлшерден асып кеткен жағдайда, адам өміріне қауіп туады. Егер адам есірткіні жиі қолданса, оның ағзасы соған үйреніп кетеді. Сөйтіп ол адам есірткісіз өмір сүре алмайтындай жағдайға — душар болады.

Есірткіден айырғаннан кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқау, өзін-өзі өлтіру амалдарындағы күйзеліс, не отыра алмайды, не жата алмайды, өз денесін басқара алмай,қатты абыржуды бастан кешеді. Дәрігерлердің беретін сыртқы белгілері: нашақордың түрі бозарған және жүдеу,ішек-қарын жолында жайсыздық сезінеді, қанды іш өтуі де болуы ықтимал екен. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне жастың және сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Сол сияқты асқа тәбеттің болмауы да кездеседі.

Сондықтан осындай белгілері бар адам көрсек, сенім телефоны арқылы хабар беру керек. Осылайша, еліміз бен әлеміміздің тыныштығына қауіп төндіріп тұрған есірткіні түп-тамырымен жою үшін бар күшімізді салғанымыз жөн.

Менің қиялымдағы Қазақстан – 2050

Жоспар:

І Кіріспе

Елбасы Жолдауы- болашақтың жарқын жоспары

ІІ Негізгі бөлім

1. Көз алдымда бақытты елім

2. Білімді ұрпағы мерейін тасытқан

ІІІ Қорытынды

«Гүлің болып егілемін, елім »

Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранындағы әр сөз ерекше қуат сыйлайтындай. Әсіресе, ешкімге бағынбайтын уақыт деген асаудың өзін мәңгілік досындай қарсы алу кез келген халықтың қолынан келе бермес. Сондықтан да мен қазақ болып туғанымды мақтаныш етемін. Көреген Елбасымыздың «Қазақстан — 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын оқып шыққан соң, нақты мерзімге жасалған әлемдік қауымдастық бағдарынан мәлімет алдым. Шынында да, жаһандық дағдарыстар мен әлемдегі өзгерістерден үрейленбеуге негіз бар екен. Себебі оларға дайынбыз. Енді орнықты дамуды жалғастыру үшін 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың, жалпыға ортақ еңбек негізінде берекелі қоғам құру керектігін түсіндім. Алдымызда тұрған 37 жылда атқарылар қыруар міндеттер толығымен орындалса, менің қиялымдағы Қазақстан да әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болады. Сонда әрбір қазақстандық «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алатын болады. Еліміз әлемдік азық- түлік нарығының көшбасшысы болады. Менің көз алдыма қазір-ақ отар-отар қойын, үйір-үйір жылқысын, табын-табын сиырын жаңа технологиямен бағып отырған және қазақылығымен ерекшеленіп отырған көркем де тым заманауи ауқатты еңбек иелері елестейді. Олардың балалары ауылдық жерде отырып –ақ үш тілде еркін сөйлеп, «Болашақ» бағдарламасымен ең таңдаулы оқу орындарына түсе аларлықтай білімді. Қалалар сәулетімен ғана тамсандырмай, дәулеттілері мен қайырымдылары әр адамның жанына үңіліп, рухани байлықты бәрінен де жоғары қоятын тұрғындарымен дүние жүзін таңғалдырады. Менің қиялымдағы Қазақ Мемлекеті — халқының саны ғана емес, сапасы да түрлі халықаралық стандарттардан асып түсетін сауаттылығы жоғары ел. Оның әрбір ұлы мен қызы үлкенді сыйлай білетін және ата-ананы қастерлей алатын, өзінің салты мен дәстүрін берік ұстанады. Әсіресе, қазақ тілінде сөйлейтіндер саны артып, осы бір бейнелі де көркем тілдің халықаралық дәрежеде қолданысқа ие болғанын да елестетемін. Мұхтар Шахановтың «Қайыршысы жоқ ел- ең мықты ел» деген сөздерінде айтылғандай, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен күнкөрісі ешбір елмен теңестіруге келместей артатынына да сенемін. «Махамбеттің монологі» арқылы білетініміздей, батыр ақынның «Мен сенемін күні ертең пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем» деген арманы да келешекке үлкен міндет артып тұр. Біздің қазіргі арманымыз да қоғамымыздағы жемқорлық, сыбайластық, рушылдық сияқты пенделік әдеттерден әбден тазаруымыз болып отыр. Ендеше, менің елімнің де сондай қара қылды қақ жарар билері мен шешендерінің қайта туылып, тарих сахнасына шығарына сенімім мол. Қазақ топырағында туылған кез келген сәби мемлекет қамқорлығына алынып, осы менің қиялымды шынайы өмірінде көре аларына күмәнім жоқ. Елбасымыз жаңа буынға үлкен сенім артып отыр. Әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер, Назарбаев университеті – соның нақты айғағы. Келешекте Астана Экономикалық форумында қабылданған G-Global диалогі арқылы бақытты сәбилеріміздің жарқын күлкілері, жастарымыздың оқу, өнер, спорттағы жетістіктері бүкіл әлемді тамсандыратынына үмітім мол. Себебі аталған жолдау бізге ғана емес, кейінгі толқынға да бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейтінін сеземін. Сол сияқты қыздар тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігі айтылған. Шынында да, бұл да – қазіргі күндегі өзекті мәселе. Өзім де қыз бала ретінде келешекте халқымның асыл мұрасын ұрпағыма беруім керек екенін толық түсінемін. Болашақ ана, болашақ жар, шаңырақтың шырақшыларына елбасымыз артып отырған ауыр әрі абыройлы атқа лайықты болуды әрбіріміз армандауымыз қажет. Сонда ғана өзімізді өз жеріміздің қожайыны сезіне отырып, сырт елден гөрі өз елімізде өмір сүруді артық санайтын нағыз отансүйгіштерді тәрбиелей аламыз. Менің қиялымдағы Қазақстан да елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналып, қай кезеңді де қайқая қарсы алатын жан -жақты дамыған азаматтары мен берекелі әрі мерекелі елі бар, халқы әділ де қауіпсіз әлем орнатуға бар күшін аямайтын, нағыз отансүйгіштер тұратын ұлы мемлекетке айналады. Менің қиялым ғана емес, елбасымыз нұсқаған даңғыл жол да бізді сондай жарық әрі шаттыққа толы болашаққа бастап бара жатыр. Осы сенім маған күн сайын жігер сыйлап, әнұранымыз шырқалып, көк туымыз көкке көтерілген әрбір сәтте:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін!

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің, Қазақстаным!-

деп бар даусыммен әлемге жар салғым келеді.

Немқұрайлылық-нашақорлықтың жақтасы

Жоспар:

І Кіріспе

Нашақорлықпен күрес күні

ІІ Негізгі бөлім

1.Адамға берілер ең ауыр жаза

2. Нашақорлылыққа немқұрайлылық жоқ

ІІІ Қорытынды

Зардабын тартпай, алдын алайық!

Есірткіге басталса егер әуестік

Ертеңінде қояр оған әуес қылып

Үшінші күні құмарлығың артады.

Келер күнде магниттей тартады.

Бұл сөзімді кімдер қалай ұғады?

Деме қайдан нашақорлық шығады.

26 маусым -халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Нашақорлық біз сөзбен айтып жеткізілмейтін, өзін-өзі өлімге итермелейтін қорқынышты дерт. Нашақорлық-адамға берілетін ең ауыр жаза. Қазіргі кезде есірткі жер бетін әбден жайлап алуда. Балалардың есірткіге әуес болуы тым еркелетіп жібергеннен де болады.

Балалар еліктегіш болып келеді.Сол себепті оларды қатаң қадағалап отыру қажет.Нашақорлық — өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі.

Жастар арасында нашақорлық мәселесі жан түршігерлік қиын жағдайлар туғызуда. Негізі есірткіге 18-29 жас аралығындағы жастар тәуелді болады.

Есірткінің салдарынан Вич инфекциясы ауруы пайда болады.Сол есірткінің салдарынан қазіргі кезде қылмыстар көбейіп, Вич инфекциясына шалдыққандар саны өсуде.Есірткіні бір рет қабылдау жазылмайтын зардаптар алып келуі мүмкін. Есірткіні қолданатындардың сырт келбеті де өзгереді.

Менің ойымша, халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі керек деп ойлаймын.Сонда халық есірткінің адам өміріне зиян екенін біліп, нашақорлыққа шалдыққан адамдар саны азаюы мүмкін.

Нашақорлыққа немқұрайлы қарамау керек. Нашақорлық-адамның тәуелділігі.Дүние жүзін жайлаған осы нашақорлық дерті күннен-күнге өсуде. Егер де нашақорлық саны осылай өсе беретін болса, келер ұрпаққа қандай өнеге қалдырамыз?!

Қазір көп аға-апаларымыз осы есірткіні табыс көзі ретінде де пайдаланады екен. Онымен күресуді мүмкін осы көлеңкелі бизнеске тосқауыл қоюдан бастағанымыз дұрыс шығар. Өйткені осы дерт көп адамның өмірін құртуда. Осыған байланысты Президент өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында есіртіні жеткізіп таратқаны үшін қатаң жазаланатыны жайлы айтқан. Сол себепті нашақорлыққа немқұрайлы қарамай, алдын алу керек.

Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Зерттеулерге қарар болсақ, олар мыналар:

-Ата-ананың баласына көңіл бөлмеуі, қадағаламауы;

-Әкесі мен анасының жиі жанжалдасуы;

-Отбасында түсініспеушіліктің орын алуы.

Осыдан кейін бала өзінен де, өмірден де түңіліп, жаман жолға салынып кетуі мүмкін. Сол себепті ата-ана да, туған-туыстары да балаға қарап, оның әр сәтін қадағалап тұруы керек.

Осындай жайттар орын алмауы үшін есірткімен күресуге арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастыру керек. Есірткіні қабылдамас бұрын әрбір жас алдын ала осы туралы ойланса, бұл дерттен жазылуға болады. Ағайын, достар, замандастар, есірткінің өзіңе де, қоғамға да зиян келтіретінін білейік, зардабы мол болатынын ойланайық! Нашақорлықтың алдын алайық! Немқұрайлы болмайық, келер ұрпаққа жақсы үлгі-өнегелер қалдыруға тырысайық!

Сөз сиқыры

Жоспар:

І Кіріспе

Туған тіліме деген махаббат

ІІ Негізгі бөлім

1. Бейімдіні байқаған ұстаз бақытты

2. Сөзбен шабыт сыйлар мамандық

ІІІ Қорытынды

Жан сәулесі –көркем сөз

Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер,

өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі,

дүниетанымы, мінез- құлқы, өзіндік

болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр.

Н.Ә.Назарбаев

Түркі дүниесінің данышпаны Қорқыт бабаның атымен аталатын институттың филология факультетін «Қызыл дипломмен» бітіргенім, сол оқу орнында қалдырылып, қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет еткенім, шырайлы Шымкент қаласында ашылған облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында өткізген 11 жылым, Астанадағы Заң университетінде және қала мектептерінде қазақ тілінің қыр-сырын үйрету үшін үлкенді-кішілі атқарған қызметтерім- осының бәрі туған халқымның тіл-әдебиетіне деген махаббат пен ерекше ықыласымды оята білген ұстаздарымның арқасы деп білемін. Жыр елі- Сыр елінің сарқынындай бойымдағы қабілет пен бейімділіктің бәрі де М.Мәметова атындағы педучилище қабырғасына 15 жасымда келгеннен соң, ақын ұстаздарым: С.Желдербаева, Р.Наурызбаевалардан бастау алды деп ойлаймын. Қызылорда пединститутының профессорлары, марқұм Ә.Байжолов пен М.Бимағанбетов деген ғалымдардың атын да ерекше атағым келеді. Жалпы, менің туған жерге деген сағынышым осындай игі жақсылардың атымен байланысты болатынын да айрықша мақтанышпен айта аламын. Ол есімдердің әрбірі — бір-бір көркем туындыға арқау бола алатын мен үшін ұлы тұлғалар.

Мұғалімдермен өткізетін кез келген бас қосу адамды біраз желпіндіріп, педагогикалық шеберлікті шыңдай түсуге ықпал етеді емес пе?! Мәселен, мен шәкірттерімнің не әріптестерімнің жанарынан алғыс сезімі мен ризалық ұшқынын аңғара алсам, өзімді дүниедегі ең бақытты жанмын деп есептеймін. Бірақ қазір өзімді солай бақытты сезінген сәттерімнің санын нақты білмеймін және сөзбен айтып та бере алмаймын. Дегенмен, жаратушыма алғыс айтып, ұстаздық қызметімнің жемісін көру дегеннің сол сәттерден тұратынын сеземін. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Ендеше, бірде оқушы бойынан сөз өнеріне деген осындай қабілеттілікті танып, оны тілші, журналист, әдебиетші болуға жетелеген болармын. Сөз зергері Ғ.Мүсірепов «Талантқа қанат болар сезім емес, сенім болу керек»- дегендей, енді бірде оқушының талантына қанат бітіріп, сенім білдірген шығармын. Әйтеуір, бала жанын мұңайғанда сөзбен жұбата, ал қуанғанда сөзбен шабыттандыра білер мамандық тізгінін ұстағанымның есепсіз пайдасын іштей сеземін. Бұндай көзге көрінбейтін жұмыстар арқылы көзге көрінбейтін, бірақ бала тағдырына айрықша өзгеріс ендіретін игі жақсы істер атқарылып жататынын сеніммен айта аламын. Себебі

«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз»-деген О.Сүлейменов.

Оқушыдан байқап жүрген сөз әлемінің сыр-сипаты осы болса, жалпы сөз сиқыры менің өзіме де қатты әсер ететінін аңғарғаным бар. Бірде кезекті шеберлік сабағымнан алған әсерлерін «Шығу парағына» жазып берулерін өтінгенімде, бір жас маманның табан астында өлеңмен жауап қайтарғаны:

Сұрақ: Нені білгің келеді?

Жауап:

Өлең дейтін өр мұхитқа қосылайын бұлақ боп,

Алда талай армандар бар, мақсаттар бар, мұрат көп.

Дәл осындай жақсы сабақ енді қашан болмақшы?

Бізде басқа сұрақ жоқ.

Пікір-ұсынысың:

Ақындардың жүрген жері болушы еді жиын-той,

Табан асты өлеңменен айта алам ба түйінді ой?!

Осы қызық сабақты мен қимай кетіп барамын,

Бәрінен де, құрып кеткір, қоштасулар қиын ғой!

Шынымды айтсам, осыдан артық марапат болады деп ойламаймын. Жап-жас маманның шабытын оятқан менің 1-2 сағаттық семинарым және ақын жанды жүрегінен ұшып шыққан шынайы шумақтар маған әлі күнге биікке ұмтылғанда сенім сыйлап, жетістікке жетелеуде қанат байлап келе жатқандай. «Көркем сөз – жанның сәулесі»- деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,

сөз өнерінің құдіреттілігі мен адам жанына сәуле сыйлар қасиеті, міне, осы шығар. Ахмет Байтұрсынов айтқан «оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал- көркем әдебиетті» тиісті деңгейде оқыту -мен үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды міндет. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар».(Т.Фуллер) Қазіргі заман жастарының осы сиқырлы сөз өнерін ажырамас серігі және өмір сүру шартының маңызды бөлігі етулері үшін еңбек етіп жүргенімді мақтаныш етемін. Келешекте олар да «ақындарын әкімдерден артық сыйлар кез келетініне» сеніп, сөз өнерінің сансыз жанашырлары, қорғаушылары, мақтаныштары, зерттеушілеір мен жарық жұлдыздары көптеп пайда болатынына сенемін!

Күз мезгілі

Табиғаттың маған ұнайтын мезгілі -күз.Күз суреті ерекше қайталанбас бояуларға толы.Жиі жауған жауынға да,суық ауа райына да қарамастан, күзді қатты ұнатамын.Ағаштар жапырақтарынан айырылып,мұңды күй кешеді.Жел ұшырған сары жапырақтар аяғыңның астына төселген оюлы кілемдей.Олар біріне- бірі ұқсамайды.Айналаң түгел сары алтынға малынған,әсіресе орман ішіне кірсең,керемет бір ертегілер әлеміндегі алтын сарайда тұрғандай әсер аласың.Мүмкін сол алтын сарайдың іші де күздің суығындай салқын болған шығар сырты сұлу болғанмен,кім білсін…

Жаз түні

Орман,тоғай,тау мен тастың барлығы да адамзат үшін жаратылған.Сонда да жаз түні мен үшін жаралғандай.Неге десеңіз,жаздыгүні түнгі аспанға қараудан еш жалыққан емеспін.Жұлдыздар жымыңдасып,көңілімді серпілтеді.Ай болса,айналаның бәрін өзінің күміс нұрына аямай орап,дүниенің сұлу екендігіне әлемнің көзін жеткізуге жалықпастан, таң атқанша тапжылмастан дөңгеленеді де тұрады.Осы әдемі сұлулықты қимағандықтан ба екен,жаздың онсыз да қысқа түні мен үшін тіптен аз. Себебі өзіме ең қымбат әрі аяулы бейтаныс аруыммен сырласып үлгермей қалғандай күй кешемін.

Көктемім

Көктем — табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуы.Бірақ күн райы құбылмалы:жаңбыр жауып,бұлт қара үңгірдей болып тұрса,бір адамның қатты ренжіп,жылап отырғанына ұқсайды.Ал күн жарқырап,адамның бәрі күн шуағына шомылып жатса,менің де көңілім жадырай түседі.Күнмен бірге ерте оянып,күн сәулесінен ерекше қуат алып,осы өмірде аман жүргеніме риза бола түсемін!Оның үстіне көктем мезгілі- менің жарық дүниеге келгенде,табиғат-анамен алғаш танысқан сүйікті мезгілім.

Түнгі Астана көркі

Астананың әсемдігін тамашалайтын уақыт –түн.Түнде Астана жарқырап тұрады. Осы уақытта далаға серуендеуге шықсаң,түнгі Астананы тамашалауға болады.Бұл сұлулықты бояуы ең керемет суретке теңеуге болады. «Гүлсағаттың» қасында әжем тұрады.Маған әжемнің үйіне қыдырып бару екі есе қуаныш сыйлайды,бірі: асыл әжемнің баға жетпес құшағына еніп, қызықты әңгімелерін тыңдау болса, екіншісі: әсем Астанамыздың түнгі келбетін армансыз тамашалау. Есілдің жағалауында тұру да, жүру де бақыт қой, шіркін!Кешкі самал, баяу толқыған су беті, жамыраған шамдар,бақытты ғашықтар- бәрі де нақ бір киноның көңілді эпизодын түсіру кезіндегідей. Бірақ — бұл шындық . «Бәйтерекке» шығып тамашаласақ, қаламыздың сұлу бейнесінің шынайы келбетіне толық көз жеткіземіз. Қала алақандағыдай айқын әрі көзді арбағандай әдемі. Ару Астана қазақтың әлемді таңғалдырар хас сұлуларындай батыл да еркін жүрісімен өркениетке дара сипатымен асығып бара жатқандай.

Табиғаттың тұнып тұрған сырлары

Қыс,аяқ астынан қаталдық орната алатын ең қатыгез әрі ең аяусыз қыс…Қалың қарға көміп тастағаны аздай, күні -түні бір тынбайтын бораны мен ызғырық желін айтсаңшы. Адам төзгісіз жайсыз мезгілдің жыл ретін жаңартатыны болмаса, сірә, бір пайдасы жоқ сияқты. Суықтан қорғанған жұрт қалың киініп, бір- біріне де суық тарта бастайтындай көрінеді маған.Үй ішіне пеш жағылып,тоңып бүріскеннің бәрі жұмысқа да көңілсіз қарайтын секілді. Табиғаттың қаталдығы бұл ғана ма? Отын алуға шамасы келмейтін жер бетінде қаншама жазықсыз жанның жүрегін жаралады екен бұл қатал қыс?..

Ұлттық валюта- мемлекеттіліктің нышандарының бірі

Жоспар:

І Кіріспе

Теңге – еліміздің салмақты нышаны

ІІ Негізгі бөлім

1. Ұлттың валюта тарихы

2.Жаңа келбеттегі теңгеміз

ІІІ Қорытынды

Әлем нарығында жарқырап жүрші, төл теңгем!

Ақшаны жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, бірақ сол ақшаның тарихын білеміз бе? Ұлттық валюта, яғни теңгеміздің пайда болуы Қазақстан Республикасының тәуелсіз екендігінің бір дәлелі болып табылады. Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Қазақстан үшін өзінің ұлттық валютасын енгізудің экономикалық қана емес, үлкен саяси да мәні бар еді. Ұлттық валютаға өту Қазақстанға әлеуметтік жағынан үлес қосады. Қазақстан теңгесі – ҚР-ның ұлттық валютасы, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. 2006 жылы 15 қарашада ҚР-ның Ұлттық банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын, қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді. Меніңше, бұл дұрыс та, себебі қолда жүретін олардағы адамдар еліміздің ұлы тұлғалары болатын. Мемлекет болу үшін оның өз валютасы болғаны дұрыс. Меніңше, бірнеше жылдық тарихы бар доллардан да, Ресей рублінен де біздің теңгеміз өте ыстық, өте қымбат. Оның құны да тұрақты. Сондықтан төл теңгеммен мен де мақтанамын! Жерде жатқан теңгені көтеремін, себебі онда елтаңба бейнеленген. Елімнің болашағының жарқын болатынына сенгенім сияқты, мемлекет нышаны теңгенің де әлем нарығында жарқырап жүреріне үмітім мол. Бірақ теңгенің оңай жолмен келмейтінін және біздің білім алып, еңбек етуімізді ынталандыратын бағалы әрі құнды қағаз екенін естен шығармасақ екен.

Армандар алдамайды

Иә, келесі жылы Жеңіске 70 жыл толғанын тойлаймыз. Осыдан 70 бұрын ата-бабаларымыз елімізді, жерімізді, халқымызды жанын салып қорғаған еді. Міне, қазір сол асқақ ерліктің арқасында бізге Алла бостандық сыйлады, елімізді тәуелсіз етті. Сол бостандықтың арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз, бірақ халқымыз мұндай азаттықты сан ғасырлар бойы армандады емес пе?! Мен биыл мектепті бітіргелі жатырмын. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы елін, жерін қорғап, халқына тыныштық сыйлау болған еді, менің де асқақ арманым-халқыма және де сүйікті Отаныма халықаралық құқық саласында адал қызмет ету, сондай-ақ еліне пайдасы тиер азамат болу. Әрине, мақсатыма жету үшін көп білім алып, тер төгу керек. Сол үшін де мен мақсатыма жетудегі алғашқы қадамымды жасаудамын, яғни “Алтын белгі” үміткері ретінде 11 жыл алған білімімнің сапалы әрі терең екенін дәлелдемекпін. Халқымызда «Талпынған жетер мұратқа» деген керемет сөз бар. Әрбір адам алдына нақты мақсат қойып, сол жолда ерінбей еңбек етсе, шыдамдылық пен төзімділік таныта білсе, арманы алдамайды. Ауыз әдебиетіндегі ертегілерді шығарғанда халқымыз ұшатын кілем, сөйлейтін арғымақ сияқты құбылыстардың да күндердің күнінде адам еңбегін жеңілдететін, жақсылықты арттыратын, жамандықты қашыратын заттарға айналарына сенген. Ал сол кездегі қиялдан туғанның өзі шындыққа айналды емес пе?! Осылайша мен арман қууға, ғажайыптар әлеміне енуге қорықпау керек дер едім. Себебі Елбасымыз айтып көрсеткен 21-ғасырдың Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына мен де сенемін. Шынында да «Ол бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.»

Сондықтан Отаныма қызмет етуді борышым деп білемін. Қазақстанның алтын ғасырына аяқ басар тұста мектепті «Алтын Белгімен» бітіргелі отырғаным – Қазақстан дамуының алтын болашағына қосар үлесім.

Ең асыл қасиет

Осыдан 70 жылдай бұрын күллі әлемді дүр сілкінткен Ұлы Отан Соғысына біздің аталарымыз қатысып, өздерінен кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін күресіп, бізге Ұлы Жеңісті алып берді. Сол үшін біз ортамызда жүрген, бірақ күннен-күнге азайып бара жатқан ардагерлерге үлкен ризалығымызды білдіріп, мәңгілік бас иеміз! Осы жеңісте, менің ойымша, халықтар достығы маңызды орын алған сияқты. Тіпті бірліктің арқасында жеңдік деп жатқандарды да көптеп естіп жүрміз. Қанша батыр болсын, қандай шебер қолбасшы болсын, бастаған қолы ұйымшыл болмаса, жеңіске жету қиын. Президентіміздің Жолдауында келтірген «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры- алауыздықта» деген нақыл орынды айтылған. Одан басқа халқымызда «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген де бар. Аталған Жолдауда қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті әрі ең басты мәселесі екені айтыла келіп,

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген тоқтам жасалған. Сол себепті осы асыл қасиетті жоғалтып алмасақ екен деп ескерткім келеді. Елбасының айтуынша,

«Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек.Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген.» Осыны тек Бірлік пен ынтымақ күні қарсаңында ғана емес, әркез жадымызда мықтап ұстап, ел ішінде татулық орнауы үшін бар мүмкіндік жасалса екен деген тілегім бар. Менің болашағым физика пәніне байланысты. Физика – өте керемет, әрі қызықты ғылым саласы. Ол пәнді игеру үшін тек қағаз бетінде есеп шығарып қана қоймай, әр түрлі практикалық жұмыстарды жасау қажет. Бұл пән бізді қоршаған ортадағы құбылыстар қалай жүзеге асатынын және қандай заңдылықтарға бағынатынын түсіндіреді. Тілсіз әрі санасыз құбылыстар Жаратушының заңдылығымен қақтықпай өмір сүріп жатқанда, санасы бар, ақыл-ойы бар адамзат ең асыл қасиетімізді қастерлей білсе екен!

Көшбасшы болғым келеді

Көшбасшы деген ұғымға тоқталар болсам,ол – көшті бастаушы әрі басқарушы.Көшбасшы – ол,біріншіден,барлық адамдар сияқты қарапайым тұлға.Ол өз ортасында басқалардан ерекшеленіп,айрықша көзге түседі.Ол қабілет пен дарынын қолданып , оны шыңдай түсу үшін еңбектенеді.Көшбасшы болу кез-келгеннің қолынан келе бермейді деп ойлаймын.Себебікөшбасшы бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін төзімді, басқалардың ойымен санаса білетін сабырлы,білімді адам болуы керек. Адамның көшбасшылық етуі оның осы ұғымды қалай түсінетіндігіне де байланысты.Астарына көп мағына сыйғызып тұрған «көшбасшы» атауын арқалап жүру және сол атаққа лайықты қызмет ету оңай болмаса да, адам үнемі тек алға ұмтылуы керек. Қазіргі қоғам өте білімді,жан-жақты, ізденімпаз көшбасшыларды талап етеді.Осы тұрғыда мен Елбасын үнемі өзіме үлгі тұтамын.Елін сүйген,елі сүйген Елбасын сөз бастаған шешен,ел бастаған көсем,саңлақ шыққан сарабдал саясаткер,әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға,қажырлы мемлекет қайраткері деп айтар едім.Алғырлығы мен көрегендігі,ептілігі мен тектілігі,батылдығы мен өжеттілігі,мейірімділігі мен қайырымдылығы қатар жүретін , өз тағдырын халқының тағдырымен үнемі байланыста ұстайтын көшбасшы деп білемін.

Қазіргі заман – білім мен ғылым заманы.Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры.Біз — осы заман түлектеріміз.Ертеңін ойлайтын,болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан , Елбасымыз шәкірт біліміне ерекше көңіл бөліп отыр.Еліміздің келешегі біздер болғандықтан, алдымызда үлкен жауапкершілік күтіп тұр.Ендеше,Елбасының үмітін ақтап, сол кісінің жолын жалғастыратын көшбасшы болуға тырысайық.

Мақсат – жетістіктің желкені

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан алынған осы нақыл маған үлкен ой салды. Шынында да, орынды мақсаттар ғана жетістікке жеткізеді. Сол себепті мен болашақ мамандығым ретінде мұғалімдікті таңдадым.Осы арманыма жету үшін ҰБТ-ға аянбай дайындалып жатырмын.”Болашақ жастардың қолында”демекші,біз,жастар, болашақ үшін қадам басып, ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен осындай кең-байтақ даланы көркейтіп, қорғауға, елімізге адал қызмет етуге міндеттіміз . Бұған дейін халқымыз көп қиындықты бастан кешіп, ең басты жетістік – тәуелсіздікке қол жеткізді. Халқымызға көп шығын әкелген сұрапыл соғыстың аяқталғанына келесі жылы 70 жыл толғалы отыр. Осынша жыл өтсе де, сұрапыл соғыссалған қайғы-қасірет әлі де санамыздан кетер емес. Ол – үлкен тарих. Тарих болғанда да, ерлік пен асқақ рухтың көрінісі. Төтеннен келген, тажалдай төнген сұм соғыс майдандағы жауынгерлер мен тылдағы тілекшілердің бәрін де сынға салды. Бірақ Әлия,Мәншүк,Нұркен Әбдіров сынды саңлақ ұлан-қыздары бар елдің отаншылдық сезімі орасан күш көрсетіп, жалғызынан айырылған аналардың көз жасы құрғады. Осы соғысқа менің атам да қатысып,елге аман-есен оралды.Отанына оралғаннан кейін талай жыл мемлекетке қызмет еткен.Балалық шағымда менің үлгі тұтар тұлғам болған атамның тілегі «Еліміздің таңы тыныш атсын» еді.Ата-әжелерімнің қызықты әңгімелерін естіген мен де алдыма үлкен мақсат қойып, оған жету үшін елімнің аспанының ашық болуы мен дұшпанының қашық болуын қалаймын. Азғантай жетістіктерімнің желкеніндей болған сол бір мақсат мені осы күнге дейін жетелеп келеді.

Қосымша үшін:

Эссе жазуда практикалық қадамдар:, Бағалау талаптары. Бірінші әдіс:

Мазмұны: 1 Эссенің түрлері 2 Эссе құрылымы 3 Эссенің құрылымдық бөліктері 4 Дереккөздер Эссенің түрлері Салыстырмалы эссе Пайымдық эссе Көркем-әдеби эссе Эссе құрылымы Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи — биографиялық, публицистикалық, әдеби — сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің құрылымдық бөліктері Эссе тақырыбы эссенің мақсатын,эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын,қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді. Кіріспе- берілген тақырыптың мәні ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарғажауап істейтіндігімізді анықталады. Неізігі бөлім -негізгі ой мен мәселеге байланысьты аргументтер жинақталған бөлім.Негізгі бөлімде дәлелдер,дәйектемелерді,түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып,тақырыпты ашады,көтерілген мәселені айқындап,оның туу себептерін көрсетеді. Қорытынды тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей,дәлелдемелер бойынша түйін шығарады,шешу жолдарын көрсетеді. Эссе жазудың шарттары Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру» болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады. Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді. Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек. Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры. Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма . Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.

Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады. Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал. Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар. Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой тол-ғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.

Шәкірттердің білімін бағалау және бағалаудың жазу тәсілдері, Бағалаудың мағыналары

«Бағалау» термині бүгінде үш мағынада қолданылады:

1. Бағалау (Evaluation).

Мұнда бағалау — талдау ретінде қарастырылады.

Мониторинг

3. Баға (Grade немесе Mark). Бағалау — сандық (мөлшерлік) құрал ретінде қарастырылады.

Бірінші мағынада бағалау үйренушілердің жетістіктерін, білімін сандық және сапалық тұрғыдан анықтайды. Бұл тұрғыда бағалау — үйренушілердің оқу жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар, идеалдар) салыстыру , сол тұрғыдан нақты өлшемдер (балл, процент) көмегімен оларды сипаттап және тексеріп, соңынан қорытынды шығару. Мұндай түсініктегі бағалау «сыртқа» , яғни қоғамға, социумға бағытталады.

нәтижелерге жету көрсеткіштері

Үшінші вариантта «бағалау» біздің қолданысымыздағы «баға», «баға қою» ұғымымен байланыстырылады: емтихан, тест, жазба жұмысы, жобаның орындалуы немесе семестр нәтижесі бойынша рейтингтік жүйе, балл мөлшері (мәселен, бес немесе жүз балдық) немесе сандық жүйе (дәстүрлі бес балдық), әріптік жүйе (A,B,C,D,F) негізінде студенттің жұмысына қойылатын баға.

Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері

Оқу

жүйе-

лері

Пара-

метрлер

Дәстүрлі оқыту

Интербелсенді оқу

Не бағала-нады

Оқытушы тарапынан берілген білім, білік, дағды.

— Өзіндік көзқарас, пікір, идеялар, дүниетаным;

— Білімді игерудегі әрекеттер;

— Білімді игеруде қалыптасқан білік, дағды, машықтар, қатынастар, құндылықтар, құзырлылықтар.

Қандай білім бағала-нады

Алған теориялық білімді жаттығулар орындауда және мәселелерді шешуде қолдана білу

— Бірлесе (топ құрамында) жұмыс жасай білу;

— Проблеманы айқындай білу, оның шешу жолдарын қарастыра білу;

— Таңдау жасап, шешім қабылдай білу;

— Өз әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыра білу;

— Өзіндік түсінік, пікір, идея қалыптастыру және құрастыру, оларды дәлелдей білу;

— Өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғай білу.

Қандай

тәсілдер

арқылы

— Ауызша сұрау;

— тестілеу;

— курстық жұмыстар;

— бақылау жұмыстары;

— сынақ, емтихан

— Жазба жұмыстары;

— тестілеу;

— бақылау;

— интервью;

— сауалнама;

— портфолио;

— есеп беру;

— өзін-өзі бағалау.

Не үшін?

— Білім деңгейін анықтап, баға қою;

— Ынталандыру;

— Жазалау.

— Білім игерудегі жетістіктерді анықтау;

— Белгілі бір уақыт аралығында үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау;

-Белсенділендіру;

— Ынталандыру;

— Топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау;

— Алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін;

— Үйренушінің білімін қалайша әрі қарай дамытуға болатындығын білу үшін;

— Үйренушілердің әрекеттері арқылы үйретушінің деңгейін анықтау.

«БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ»

«Маңыздылық».

Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да ресурстар шығындалады.

«Дәлдік» («Адекваттық»).

Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.

«Объективтік» («Дәлелділік»).

бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін)

«Оқудың ажырамас бөлігі».

Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады. Бағалау мен үйрену – біртұтас процесс.

«Жариялылық».

Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек.

«Қарапайымдылық

Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек.

Бақылау түрлері

  • Ағымдағы бақылау —

Ағымдағы бақылаудың жазбаша нысандары (тәсілдері):

— эссе, хат, еркін жазу, бестармақ, акроним, кестелер мен диаграммалар (графикалық ұйымдастырушылар), к онспект, интервью мәтінін жазу, берілген атауларды құрастырып эссе жазу, бақылау жұмысы, берілген сұрақтарға жауап беру, топ жұмысы туралы есеп (ақпарат), глоссарий құрастыру, оңай және қиын сұрақтар кестесін дайындау, қиын немесе проблемалық сұрақтар кестесін дайындау, рецензия, аннотация, ғылыми жұмыстарға пікір жазу , өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру, пікірталасқа дайындық есебі, ақпарат көздерінің тізімі, әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру , лекция тезистерін дайындау, сабақ жоспарын дайындау, сауалнама құрастыру, компьютерлік есеп беру, тест сұрақтарын құрастыру, персоналий құрастыру, т.б.

  • Межелік бақылау

Межелік бақылаудың нысандары (тәсілдері):

— портфолио, жоба (курстық немесе семестрлік жұмыс), реферат, мақала, с

— Аралық бақылау

— Қорытынды бақылау

РУБРИКА

Рубрика – шәкірттер орындаған жұмыстардың қандай болуы керектігін (параметрлерін белгілеу) және қандай бағаға тұрарлық екендігін нақты түрде айқындау, бағалаудың дәл талаптарын (критерийлерін) таңдау және тағайындау.

Шәкірттердің жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үлгілерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде шәкірт жұмыстарының сапасын арттырады.

Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

  • Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.

  • Критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы керек, яғни критерийлер шәкірттермен бірлесіп құрастырылуы керек.

  • Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.

  • Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.

— Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.

Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп қойған орынды.

Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.

Эссені бағалауға арналған әмбебап РУБРИКА

«Өте жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

  1. Өзіндік, соны пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).

  2. Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау (бұл жерде дәлелдердің санын нақты түрде көрсетуге болады).

  3. Өз тезистеріне қарсы дәлелдерді келтіру және соларды жоққа шығару.

  4. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу.

  5. Ұқыпты және қатесіз жазылу .

  6. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы .

« Жақсыға » бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

1. Өзіндік пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).

2. Тезистерді нанымды дәлелдермен растау (мұнда дәлелдер «өте жақсыға» жазылған жұмыстан аздау болуы мүмкін).

  1. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу.

  2. Ұқыпты және қатесіз (немесе Х қатеден аспау) жазылу.

  3. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.

«Қанағаттанарлыққа» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

  1. Нақты тезистерден тұруы .

  2. Тезистердің тұжырымдармен дәлелденуі.

  3. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралуы.

  4. Таза және белгіленген қате санынан аспай жазылуы .

  5. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы .

Төмендегідей болса, эссе «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады:

  1. Тезистік тұжырымдары жоқ .

  2. Өз пікірін растайтын дәлелдер келтірілмеген .

  3. Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер нақты айқындалмаған .

  4. Ұқыпсыз жазылған, г раммати калық және орфографи ялық қателері бар .

5. Көлемі белгіленген сөздер немесе белгілерден (беттерден) кем болуы.

Портфолио

кері байланыс

міндетті бөлімдері мен рубрикаларының тізімі

1. Білім алушы өзі туралы.

— білім алушының өзі туралы мәлімет (қысқаша өмірбаяны, фотолар),

— пән бойынша алдына қойған мақсаттары,

— пәнді игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары,

— пән игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері.

2. Пәннің теориялық мазмұны

— терминологиялық сөздік (глоссарий),

— оқу материалдары (тірек лекция, конспект, Интернет материалдары, т.б.),

— өзі тапқан қосымша материалдар.

3. Жұмыс үлгілері.

— ғылыми-әдістемелік жұмыстары (баяндамалар, құралдар, мақалалар),

— шығармашылық жұмыстар (эссе, сценарийлер, өзі қойған тәжірибелердің сипаты мен нәтижелері, өзі құрастырған ойсергектер, есептер, сөзжұмбақтар, т.б.), — семестр бойы өзіне ұнаған екі сабақтың жоспарын (құрылымын) келесі үлгі бойынша келтіреді: тақырып, сабақ кезеңдері, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер, сабақтың ұтымды жерлері, сабақтың маңыздылығы,

— бірге оқитын жолдастарының озық жұмыс үлгілері.

4. Жетістіктер.

— жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараттары, өздігімен анықтаған заңдылықтары),

— ең ұтымды шыққан жұмыстары,

— марапаттаулары.

5. Ой-толғаныс.

— пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғанысы,

— өзінің ой-толғаныстарын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ талдау, пікірталас ұйымдастыру, интервью мәтіндерін келтіру, сауалнамаларға жауаптары),

— өзін-өзі бағалау,

— өз жұмысы туралы есептері,

— оқу процесі туралы ой-толғаныстары (эсселер, хаттар, пікірлер).

Портфолионы бағалау критерийлері

Критерийлер

Жоғарғы балл

Барлық бөлімдер келтірілген

2

Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу

5

Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану

10

Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік

10

Материалдарды безендіру

8

Портфолионың студент үшін пайдасы, қорытынды жасау

10

Бірге оқитын жолдастарының пікірлері

5

Ой-толғанысқа негізделген материалдар

10

Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау)

10

Барлығы

70

«Өте жақсы» — 60 балдан 70 балға дейін

«Жақсы» — 50 балдан 60 балға дейін

«Қанағаттанарлық» — 40 балдан 50 балға дейін

«Қанағаттанарлықсыз» — 40 балдан төмен

Ағымдағы бақылауда (әр сабақта) қолданатын жазу тәсілдері

Жазу дегеніміз жаңа нәрсе құрастыру, ол — конструктивтік әрекет, шығармашылық. Жазу деструкцияға, яғни қиратуға, жоюға, бұзуға қарама-қарсы, ал конструктивизм (жаңаны құрастыру) мүмкін адамның ең басты адами қасиеті шығар. Жазғанда біз шығарушымыз, жаратушымыз, тудырушымыз. Жаңа нәрсені, туындыны дүниеге әкелу бақыты бізге жаратылысымыздан берілген болар. Оның дәлелі ретінде осы әрекеттің ерекше бағаланатындығын келтірер едім. Шындығында да біз шығара білетін адамды қастерлейміз емес пе? Адам қолынан шыққан туындыға тамсанамыз, ол біздің эстетикалық сезімдерімізге мейлінше әсер етеді. Онымен таныса отырып, біз өзімізді бүткіл адамзаттың бір бөлігі ретінде, бүкіл адамзатқа қатысымызды сезінеміз.

«Ойды қорытындылау» тәсілі

Сабақта мәтінді оқып болғаннан кейін немесе лекция соңында студенттердің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау тәсілі ретінде келесідей тапсырмалардан тұратын жазу жұмысын атқаруға болады:

1. Үзінді.

Мәтіннің (лекцияның) негізгі идеясын ашатын үзінді келтіру керек. Үзінді екі-үш сөйлемнен тұрады, келтірілген сөйлемдер мәтіннен көшірілмей, өзіндік түсінік тұрғысынан беріледі.

2. Дәлел.

Келтірілген үзіндінің неліктен мәтіннің негізгі идеясын ашатындығын 3-4 сөйлеммен дәлелдеу керек. Мұнда басқа ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасалғаны орынды.

3. Сұрақ.

Мәтін бойынша бір проблемалық сұрақ келтіру керек (жан-жақты ашылмаған, ерекше толғандырған, назар аударған, қызықтырған, т.с.с. мәселе бойынша) – 1 сөйлем.

4. Жауап.

Қойылған сұраққа бірнеше сөйлеммен (2-3 сөйлем) жауап беру керек. Жауапта бұл мәселенің неліктен өзіне назар аударғандығын және оны қалайша шешуге болатындығын көрсету керек.

5. Қорытынды.

Мәтін (лекция) бойынша туындаған ойларды (қорытынды шешім) 3-4 сөйлеммен келтіру керек.

Сонымен бұл жұмыстың көлемі 11-15 сөйлем аумағында болады. Оны бағалауда келесідей критерийлерді ұстануға болады.

«Проблема шешу жолдары» тәсілі

Студенттер сабақ тақырыбы бойынша айқындалған проблеманы шешу жолдарын бірлесе отырып талқылағаннан кейін, оларға өзіндік ұстанымдарын жазбаша келтіруді тапсыруға болады. Бұл жұмысты орындағанда студенттер келесідей мәселелерді жазудың құрамдас бөліктері ретінде қарастыруы керек:

— Проблеманы айқындау (сипаттау) – тұлға аралық немесе өндірістік қатынастарда туындайтын қиыншылықтар, жанжалдар;

— Проблеманың себептерін анықтау;

— Проблеманы шешу жолдарын көрсету;

— Дәлелдер келтіру (негіздеу) – проблеманы мұндай жолмен шешудің пайдасы мен артықшылықтарын сипаттау.

Бұл жұмысты келесідей кесте көмегімен орындауға да болады:

Шығу парағы.

— Бүгін не үйрендіңіздер?

— Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

— Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек?

— Сабақ қызық өтті ме?

— Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?

— Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?

— Осы тақырып бойынша тағы да қандай ақпарат көздерін оқисыз?

— Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?

— Келесі сабақта бүгінгі сабақпен салыстырғанда, азырақ … (ұсыныстарыңыз).

— Келесі сабақта бүгінгі сабақпен салыстырғанда, көбірек … (ұсыныстарыңыз).

Дөңгелек үстел.

Студенттер парақтарына өз ойлары мен идеяларын белгіленген уақыт аумағында (2 минут) жазып, уақыт аяқталған соң оң жағындағы көршілеріне парағын ысырады. Көршілері алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды ары қарай жалғастырады. Белгіленген уақыт өте (2 минут) парақтар тағы да оңға қарай жылжытылады да жазуды толықтыру әрі қарай жалғаса береді. Жазба жұмысы парақтың жазу иесіне қайтып оралғанша жалғаса береді. Бүкіл үстелді айналып өткен парақ қолына тигенде, парақ иесі жазғандардың бәрімен де танысып шығып, қорытынды тұжырым жазады.

Дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды, олар бір-бірінің жазғанына тәуелді болады, сондықтан да бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сезінеді: егерде ол еш нәрсе жазбайтын болса, өз көршісіне қиындық туғызатындығын біледі. Ал оқытушының әрбір топтың қалай жұмыс істегендігін бағалап, олардың ойлары мен идеялары қалай, қандай бағытта, қандай дәрежеде дамығандығын аңғаруына болады.

«Әртүрлі дерек көздерін қолданып баяндама жазу» тәсілі

Студенттер конференция немесе сабақ кезінде баяндама жасау үшін алдымен дайындық жұмысын жүргізеді.

«Қаржылық дағдарыс»

Сұрақтар

Оқулықтар мен ғылыми әдебиет

БАҚ

Интер-нет

Интер-

вью

Сау-

ал-

нама

Қаржылық дағдарыстың пайда болуын АҚШ Федералды резерв жүйесінің тауармен (алтынмен) қамтамасыздырылмаған долларды шектеусіз шығарумен байланыстыруға бола ма?

Бүкіл әлемде ипотекалық несиелеудің кемшіліктері қаржылық дағдарысқа әкеліп соқтырды ма?

Егер АҚШ қаржылық жүйесі оңалатын болса, бұл дүниежүзілік экономиканың дамуына әкеле ме?

Қазіргі қаржылық дағдарыстың 1929 жылғы Ұлы депрессиямен ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

Қаржылық дағдарыс әлемдегі саяси жүйенің (Әлемдік геосаясаттың) өзгеруіне алып келе ме?

Қазақстанда өкімет дағдарыстан шығу үшін қандай іс-әрекеттер атқаруда және олар игі нәтиже бере ме?

Қазақстанда қаржылық дағдарыс қарапайым адамдарға, оның ішінде ауыл тұрғындарына қандай әсерін тигізуі мүмкін?

«Дербес пікір» тәсілі

Студенттерге сабақ соңында 7-8 минут ішінде қарастырылған мәселе бойынша келесідей құрылымдағы жазба жұмысын ұсынуға болады:

1. Өзіндік пікір (ой, идея).

2. Дәлел.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал

4. Өз пікіріне қарсы дәлел

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал.

6. Қорытынды.

Мұндай жұмысты орындауда әрбір жауаптың қанша сөйлеммен берілу керектігін де көрсетуге болады:

1. Өзіндік пікір (ой, идея) – бір сөйлем.

2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.

4. Өз пікіріне қарсы дәлел – бір сөйлем.

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – бір сөйлем.

6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады. Сонымен бұл жұмысты небәрі 9 сөйлеммен жазуға болады.