На казахском языке зім туралы

Сочинение

Мен өзім туралы

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет.

Джуганисова Айнара Қалыбекқызы

1997 жылы №220 қазақ орта мектебіне барып, 2008 жылы аяқтадым. Аттестатымда екі «төрт» деген баға бар. Қалғандары «бес». Мектепте «үздіктер тақтасында» ілініп тұратын оқушылардың бірі болдым.

2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарих факультетіне оқуға түскенмін, қазір сол жерді бітіремін деп, диплом жұмысын жазып жатырмын. Тақырыбым: Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықаралық қарым-қатынастар. )

Мінезім. Тәәәк, мінезімді қасымдағы адамдар жақсы деп айтады. Өте редко, но метко ашуланамын. Мені ашуландырған адам үйін таппай қалуы мүмкін. Сондықтан, мінезім «фонтан» емес.

Қазір «Өнеге» деп аталатын журналда жұмыс істеймін. Жұмысым мен әріптестерімді сүйемін, сенбі-жексенбі күндері қатты сағынатынымды осы сәтті пайдаланып, айтып қалайын. )

2. Хоббиің не?

Хоббиім — тамақ пісіру және интернет. Интернеттен оқимын, көремін, жаттаймын, үлгі аламын. Бір сөзбен бос уақытымның көп бөлігін компьютер алдында өткіземін. Кейде үйдің алдынағы әткеншеккке барып, қатты «кәсеніп» келемін. Кейінгі кездері осыдан ләззат алып жүрмін.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Көп елге. Үндістанға қатты барғым келеді.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім* болып келер едің?

Адам болып келер едім. Бірақ, ер адам. (оларды түсінгім келеді. )

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

«Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің». Яғни қандай жағдайға тап болсам да, осыны көру басыма жазылған, бәрібір қашып кете алмаймын деймін де, көнемін. Бәрі уақытша.

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есінде ме?

Есімнен кетпейді деп ойлаймын. )

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Жақсы көремін! Кімді екенін айтуға ұяламын!

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумирің) кім, неге ол адам?

Әншім — Қарақат, актриса — Анжелина Джоли, актер — Берік Айтжанов, саясаткер — Нұрсұлтан Назарбаев! Кумирім де Назарбаев!

2 стр., 573 слов

Алтын адам тақырыбында

... қайнар бұлағы Алтын адам дер едім. Қорыта айтқанда, еліміздің нақышының қатары Алтын адаммен толықты. Өйткені, Алтын адам – ел ертеңінің, ... келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты ... з алдына тәуелсіз ел болғанына, міне, жиырма сегіз жыл болмақ. Жеке мемлекет аталып, тілімізді, дінімізді, елтаңба-ән ...

9. Сүйікті спорт түрі?

Спортпен айналыспаймын. Би шығар сүйікті спорт түрі. Футбол көрмесем де, командаларды және қай лига чемпионда ойнайтындардан хабардар болып жүрмін.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

«Спеши любить». Тап-таза махаббат көрсетіледі. Жақында «Краткий курс счастливой жизни» деген орыс сериалын қарағанмын. Қайталап көргім келіп жүр. Бүгінгі шынайы өмір көрсетіледі. Адамдар неге жақын жандарына опасыздық жасайды деген сұраққа жауап алуға болады. 11 сериядан тұрады.

11. Үйде кім басшы (болу керек деп ойлайсың)?

Әрине отағасы! «Әйел басқарған көш оңбайды ешқашан» ????

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Әйел шығар. Ер адам қаржыландырады, ал әйел пайдаға асырады. Өйткені, дүкенге барып, керек-жарақ алатын әйел ғой. Менің түсінігім бойынша осылай. Өзімнің туып-өскен үйімдегі саясат осындай болатын!

13. Қазақстандық әр отбасында қанша баладан болу керек деп есептейсің?

4-6 баладан болу керек. Өзім «көпбалалы ана» атанғым келеді.

Сіз алтын балық ұстап алып, балық сізге «Ал, айта бер, үш тілегіңізді орындаймын» деп тұрса, қандай тілектеріңізді айтар едіңіз?

Алтын балықты тек ертегідегі кейіпкер ұстайды. Ал мен барлық армандардың орындалатынына сенемін. Өзім нені армандай қалсам, сол болады.

Сочинение по казахскому языку

Тақырыбы:«Менің Елім-Мәңгілік Ел»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.

(М. Мақатаев)

Әр адам үшін өмірде қымбат екі нәрсе бар. Оның біріншісі –Ана да, екіншісі –Отан. Өйткені, бұлар жайлы сөз қозғағанда елжіремейтін жүрек болмайды. Нәресте кезінен өмірінің ақырына дейін, адамдар ардақты, абзал анасын қадірлеп өтеді. Ал Отан деген- қадірі мол, қасиетті сезім. Сондықтан да біз «Отан-Ана» дейміз.

Отан дегеніміз-адамның туып- өскен жері, туған туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Кең-байтақ Қазақстан менің туған өлкем,оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы-менің ақ бесігім.Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін, алыс кетсем сағынамын.

Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Оның мыңдаған шақырым ормандары, шөл, шөлейт жерлері, өзен-көлдері, таулары өте көп. Республика жерінің үлкендігі соншалық оның онтүстігі мен солтүстігіндегі, батысы мен шығысындағы өлкелердің табиғаты бір- біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде өрік гүлдеп тұрғанда, солтүстігінде қарлы боран соғып тұрады.Біздің еліміздің табиғатының сұлулығын көркемдеп, қаншама ақын-жазушыларымыз қалам тартты десеңізші! Ақиық ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев өзінің Отанына деген сезімін:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіне енген элементтердің барлығы да бар. Қазақстанға әлемнің басқа елдері қызыға қарайды.

Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған, көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.

3 стр., 1099 слов

«Астана-арман қала» ( )

... Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ... – деген сөзге қалай жауап берер едіңіздер. 1-оқушы : Отан дегеніміз – отбасы. 2-оқушы: Отан дегеніміз ... Астанам ! 4-оқушы Астанам бағым ,баспанам . Қарыштап алға бас қадам . Отанымның жүрегі,, Елорда- менің Астанам ! Қорытынды;Оқушылар Астанағ ...

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздікке қол жеткізді. Ата- бабаларымыздың аңсаған тәуелсіздік таңы атты. Дербес, Тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткен қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама?

Дәл бүгін қуанышты қала, далам,

Жасадың сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқты қара табан,-деген өлең жолдарынан тәуелсіздіктің қолымызға қалай жеткенін аңғаруға болады.

Егеменді еліміз-әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, қуатты, бай ел.Өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туын белгілеп алды.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін түсініп, оны қастерлей білу, жас ұрпақтар, біздің еншімізде.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың астанасы –Астана қаласы. Астана –жаңа Қазақстан ұлылығының белгісі.Ол Еуразия кеңістігінің орталығында Сарыарқа жүрегінде орналасқан. Жаңа астана тағдыры жас ұрпақтар тағдырымен, жастардың арман-үмітімен тығыз байланысты. Ертеңге қол созған ел Астанаға зор үмітпен қарайды.Бүгінде Астананың өзіне ғана тән қайталанбас келбеті бар. Жастар алаңының әсем сәулет ансамблі, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бірқатар жаңа корпустары, Ел анасы монументі, толқында тербелеп тұрғандай осы заманғы спорт кешені, Қазақстан Республикасы Ішкі істерминистрлігінің зәулім ғимараты, фонтан жүйелері орнатылған.Бірқатар жаңа сәулет ғимараттары- осының бәрі астананың келбетіне жаңа түр береді.Аспанмен таласқан Бәйтерек айнадай өзіңе шақырып тұрғандай, қалаға көрік беріп тұр.

Астана біздің баршамыздың, әсіресе шетелдіктерді өзінің құрылысының екпінді және қуатты жылылығымен, қайталанбас әдемілігімен қазіргі заманғы сәулетінің алуан түрлілігімен таң қалдырады.

Қыс тың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қыс қарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.

Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз.

Туған жер, отан, Қазақстан туралы шығармалар жинағы

Туған жер

Күз туралы шығармалар топтамасы

Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз.

Дос туралы шығармалар жинағы (достық, жолдас)

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы.

4 стр., 1656 слов

На казахском языке ана тілі

... ( Ғ.Тоқай) Ана тілі туралы эссе, шығарма Ана тілі туралы шығарма Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың ө ... оғамның адамгершілік жағынан деградацияға ұшырады нақ осы ана тілі нің тағдырына салғырт,немқұрайлы қарауынан басталады. ... қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің ...

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Асыл ана, анашым, мама

Ана тілі туралы эссе, шығарма

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де.