Аза к сіби музыка м дениетіні алыптасуы

Тема 7.

Әншілік тыныс.

Вокалды – хорлық техникалық негізі болып, әншінің дұрыс тыныс алу дағдысы болып табылады. Дыбыс сапасы осыған байланысты.

Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы:

  • Тыныс алу кезінде фонация пайда болады, біршама ұзаққа созылады, ал тыныс шығару қысқарады.
  • Тыныс алу кезеңі автоматты түрден, ойламаған жерден, басқарушылыққа өтеді.
  • Тыныс шығару бұлшықетінің одан сайын күшіне енуі әнші тынысының негізгі талабы фонация кезінде тынысты үнемді ұстау.

Әншінің тыныс алуының түрлері.

  • Бұғаналық, үстіңгі кеуделік, клавикулярлық және т.б., мұнда белгілі бұлшықеттер қатты жұмыс істейді, ал нәтижесінде екі иық көтеріледі, тыныс алудың бұл түрі қабылданбайды.
  • Кеуделік, костальный (сүйектік) ары қарай сыртқы тыныстың қозғалыстары кеуделік жасушаның қарқынды қозғалысымен байланысады, диафрагма тыныс алғанда көтеріледі де, ал іш тартылады.
  • Құрсақтық, көкіректік, абдаменальный және т.б – тыныс диафрагманың қарқындылығымен және іш бұлшықетімен сезіледі.
  • Аралас, кеуде құрсақтық, кеуде көкіректік, сүйекті абдаменальный және т.б – тыныс кеуделік сияқты бұлшықеттердің қарқынды жұмысы арқылы сезінеді сонымен бірге құрсақтың аймақта және белдің төменгі жағы арқылы да сезінеді.

Вокалдық практикада аралас тыныс алудың да ролі өте зор: диафрагма төмен түседі, жан – жаққа барлық айналымда созылады, қорытындысында әнші кеудесі бел аймағында өзінің көлемін ұлғайтады; бел бұлшықеттерінің сезінуі арқылы ауа өкпенің төменгі жағын талдырады. Жан бұлшықеттері екі жаққа иіріліп қозғалады, ал іш алдыға қарай үрленіп қозғалады; Диафрагма болса одан сайын мығымдана түседі. Әншінің фонациялық тыныс шығару кезінде ән айтқанда тыныс алу қалпын сақтап қалуға тырысса, дыбыс апорасын сезіне білуге деген икемділігіде жоғары болады. Әншілік хордың негізгі талабы ән айтқанда тыныс алған соң шаласы ұстаным болуы керек. Бұл ата кезінде дыбыстың интонациялық тұрғыда жақсы естілуіне, орындалуына әкеледі. Шығарма жылдамдығы тез болған сайын, тыныс алудағы ұстаным қысқаланады.

Хормеистрдің ән айту қойылымы.

  • Ән аитқанда отыруға, бей – жай тұруға болмайды, әр қашанда ішкі және сыртқы тартылымды сақтау міндетті.

Керек;

  • Басты тура ұстау, еркін, төмен түсірмеу, қисайтпау.(өйтпегенде көмей төмен немесе жоғары вертикалды орналасадыда, дыбыс сапасына зиян келтіреді).

  • Дене ауырлығын тура бөле отырып, екі аяқта нық тұру.
  • Аяққа сүйене отырып орындықтың шетіне отыру
  • Корпусты ешқандай қысылыссыз тура ұстау керек.(арқаның қисық тұруынан диафрагма еркін қозғала алмайды, нәтижесінде тыныстың қарқындылығы джойылып , дыбыс апорадан алынып, тембрдың ашықтығы жэоғалып, интонация тұрақсызданады).

    9 стр., 4347 слов

    Аза хал ыны музыка нері

    ... інен қолдану-қазақ халқының. Қатты дыбыс соқпалы ... кезінде жаудың. 2. Қазақтың ұлы сазгерлер мен әншілер Құрманғазы Сагырбай ұлы (1818-1889) — данышпан күйші-композиторы, қазақтың аспапты музыка ... тыныс алу өзгертуге мүмкіндік береді тембр құрал. Сонымен қатар, жаңа реңктер да дыбысталу енгізеді ережелер диафрагма, ... обертонов жанасқанда смычка. Колорит ... классиктерінің домбыра өнері. Өз интерпретациях Дина ...

  • Қол (егер нота ұстамаса) тізеде еркін жату керек.

Әнші тынысының техникасы орындалып жатқан шығарма мінезіне сай болу керек. Тыныс алуда әрбір музыкалық фразаның және әуеннің мінезімен үйлесуі тиіс. Дыбысты алудың алдындағы тыныс ұытанымыда шығарманың мінезіне қарай болады. Шығарманың темпі неғұрлым жылдам болған сайын алатын тыныста , тыныс ұстанымыда сондай жылдамдықта болуы керек.

Әншінің тыныс алуымен вокалдық хор техникасының элементтерінің өзара байланысы.

Әншілік тыныс вокалдық хор техникасының әр түрлі элементтерімен тығыз байланысты; дыбыс атакасы, дикция, динамика, дауыс регитры, интонация т,б.

Тағыда;

  • Тыныс жинау дауыстық апараттағы артық бұлшық еттік қосылыстар және тағы артикуляциялық органның қосылуы, дикцияның жинақталмауы, детонация, дауыс дыбыстануының еркін болмауы.
  • Дыбысты алу кезіндегі бір мезгілдік тыныс ұстанымының болмауынан, дыбыс интонацялық тұрғада да дұрыс болмай «подъездбен» алынады . Ереже бойынша белгілі жоғарлықты төменен алуы тиіс.
  • Алынған ауа көлемі дыбыс динамикасына пропорциянал болады.
  • Төменгі байланыстағы ауа қысымының күші дауыс астарының жиілігіне әсер етіп тембр түрін анықтайды.
  • Дауыс астарындағы шағын қысым әсерінен дыбыс тембрі жағынан кедей болып көрінеді.

Фольцеттік мінезде төменгі байланыс қысымының күштілігі керісінше әсер етеді, яғни дыбысталу толып, тембрі едәіур бай , кеуделік типке жақын болады.

Балалардың тыныс алу техникасымен жұмыс істеуінің кейбір әдістері.

№ 1 Жаттығу.

Дирижер қолы арқылы қысқа тыныс алып, санау арқылы (1,2,3,4,5…) тынысты шығару. Жаттығуды қайталаған сайын тыныс шығарғанда цифр санын көбейтіп отыру керек.

№ 2 Жаттығу.

Төменгі қабырғалар қозғалысын сезіне отырып қысқа тыныс алу, әркім өз қозғалысына есеп бере отырып, төменгі қабырғаларын қолымен ұстай отырып, санаумен ұзыннан тыныс шығару, цифр қатары осылай көбейе береді.

№ 3 Жаттығу.

Төменгі қабырғалар қозғалысы арқылы қысқа тынс алу, тынысты ұстаумен ақырын санай отырып тынысты шығару.

№ 4 Жаттығу.

Төменгі қаьырғалар қозғалысымен тыныс алу, тынысты ұстап, дирижер қолымен жұмсық атакамен бір дыбысты примарды тонға дейін бір қалыпты дыбыс күшімен айту. Басында дыбыс 2 – 3 с созылады, кейіннен ұзарады.

Үздіксіз тыныс (цепное).

Үздіксіз тыныс бұл – ұжымдық дағды.

Үздіксіз тыныстың негізгі ережесі:

  • Көрші отырған адаммен бір уақытта тыныс алмау.
  • Музыкалық фраза ішінде таныс алмау керек, мүмкіндігінше ұзын ноталардың ішінде тыныс алу.
  • Тыныс білдірмей және тез алу.
  • Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрығыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту.
  • Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу.

Әдебиеттер:

1. Краснощеков В.И. «Вопросы хороведения». Стр. 161 – 168.

2. Самарин В.А. «Хороведение». Стр. 99 – 103.

14 стр., 6631 слов

Домбыра дала киесі

... бірден-бір ғылыми негізін тапқан тұжырым. Дауысты дыбыс (яғни музыка) жан, ал, дауыссыз дыбыс тән. Осыдан домбыраның (ағашты ... дыбыстық таспалар мен күйтабақтар тізімі кітаптың соңында келтірілген. Оқырманға тағзым. Жанғали Жүзбай ДОМБЫРА АСПАБЫ Домбыра ... пен мемлекеттік құрылым өз әсерін тигені де рас. Қазіргі домбыра–жетілдірілген аспап (А.Жұбановтың оркестрлік аспап жасау ұсынысымен реконструкциясын ...

3. Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 35 – 41.

4. Дмитриев Л.Б. «Основы вокальной методики». Стр. 141 – 171. 290 – 300.

5. Осеннева М.С, Самарин В.А. «Хоровой класс и практическая работа с хором». Стр. 59 – 60.

6. Соколов В.Г. «Работа с хором». Стр. 27 – 30, 37 – 39.

7. Егоров А.А. «Теория и практика работы с хором». Стр. 91 – 97.

8. Быков Н.О. «Основы работы с детским хором». Стр. 10 – 13.

Тема 8.

Дыбыстың қалыптасуы.

І. Ән айту кезіндегі дыбыстың қалыптасуы тыныс алумен артикуляцялық органдардың дауыстау астарымен өзара байланыстарының нәтижесінде пайда болады.

Дыбыс қалыптасуының миоэластикалық теориясы.

Миоэластикалық теорияны қолданғандар; (Гарма, Мюллер, Музехольд, Левидев) дауыстың байланыстағы жиілікте дыбыс жоғарылығы шығарылған ауа күшіне байланысты.

Дыбыс қалыптасуының нейрохроноксикалық теориясы.

Дыбыс қалыптасуының нейрохроноксикалық теориясы француз физиологы Раул Юссоның ұсынуымен қабылданған. Байланыстар жиілігі импульске сәйкес келе отырып, орталық жүйке жүйесі арқылы дауыстық бұлшық етке беріліп, дыбыс шығару күші дыбыс жоғарылығына әсер етпейді.

Жанашыл мамандықтандырылған әдебйет негізіне дыбыстың қалыптасуының механика- миоэластикалық теориясы қабылданады. Дауыстық астар жүйеліктер негізінде жұмыс істейді. Тыныс алу жүйесі сыртқы күшті қамтып, дауыстық астарға әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі дауыс астарында көмейдің аэродинамикалық мүмкіндігін тудырады.

ІІ. Әншілік дыбыстың физикалық ерекшелігі;

  • Жоғарылық
  • Тембр
  • Күш
  • Жалғасуы

Әнші дыбыстың жоғарылығы дауыстың астар жиілігі арқылы анықталады. Әр әнші дауысының дыбыстыұ диапазоны әр түрлі және ол мынаған байланысты;

  • Дауыстың аппараттық табиғи анатома морфологиялық ерекшелігіне.
  • Әншінің қандайда бір кезеңдерде дыбысты өзгерте алу икемділігіне, яғни дауыстың астарының жуандығына, ұзындығына қатысты.
  • Әнші тынысының сапасына, яғни екпінді, қарқынды немесе өте әлсіз болуы мүмкін.
  • Әнші дыбысының күші дауыстың астарындағы серпілістермен анықталуы – амплитуда жиілігі, амплитуда соғұрлым көп болса дыбыс соғұрлым күшті болады.

Жиілік амплитудасы мынаған байланысты:

  • Дауыс бұлшық еті күшінің азаюы.

— Төменгі байланыс қысымындағы ауа көлемі (төменгі байланыс қысымы неғұрлым жоғары болса, дауыстық астар амплектудасының жиілігі соғұрлым көп, бірақ төменгі байланыс қысымы шектен тыс жоғарыласа, дауыстық астарда қысылыс пайда болады, жиілік амплектудасы кішірейіп дауыс күші азаяды.

  • Резонаторлық аймақтық қалпы және орналасуы.

Әнші дауысының әрбір дауысы физиологиясы жағынан табиғи қиын. Олар негізгі және көп түрлі жай тоннан тұрады. Негізгі тонға ең төменгі жай тон жатады, ол дыбыс құрамына кіреді. Дыбыс жоғарылығын осы анықтайды. Ал басқа жай тондар обертон деп аталады. Дыбыс жоғаралығы спектіріндегі обертондардың әр түрлі қатынасы күшімен сапа жағынан спецификалық әшекеиге немесе дауыстың ерекше дыбыс талуына яғни тембрге әкеледі. Дауыстың жеке тембрі эндокринді жүйеге қатысты, мұнда дауыстың анотомиялық ерекшелігі кіреді және тыныспен аритикуляциялық органдарғада байланысты.

Резонаторлармен күштелген обертондардың жеке тобының форманты спектр деп аталады. Төменгі әшекейлік форманта – дауысқа жұмсақтық қоңыр әсер береді. Жоғарғы әншілік форманта – дауысқа ашықтық, ұшқырлық береді.

7 стр., 3298 слов

Арт ожа романы іздесе табасы

... басқа әсем дауыс жоқтай. Жастарға ақ батасын жаудырған аппақ сақалды қарияның тілегінен артық ешкім айта алмастай. Құдалардың ... түйіні берілгені жөн. 2. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. Эссе мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен құрылу ү ... тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы; Эссе, оның құрылымы туралы жеткілікті теориялық мәлімет алдыңыз деп ...

Дауыстардың қалыптасуы әрбір кезеңде 3 түрлі жағдай шамасына байланысты болады;

  • Көмейдің құрылуы (толық немесе бір жақты)
  • Дауыстық астарды бір – біріне әкелу.
  • Ауа шамасына.

Үш шамада тыныс алу жүйесі жүмысымен әншінің артикуляцилық аппараты арқылы көркемдік талаптарды орындайды. Дауы қалыптасуының физиологиялық механизмін түсіну фонация кезеңін түсінуге жол нұсқайды.

Әдебиеттер:

1. Краснощеков В.И. «Вопросы хороведения». Стр. 168 – 173.

2. Самарин В.А. «Хороведение». Стр. 103 – 112.

3. Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 60 – 61.

4. Осеннева М.С, Самарин В.А. «Хоровой класс и практическая работа с хором». Стр. 41– 54.

5. Егоров А.А. «Теория и практика работы с хором». Стр. 97 – 99.

6. Быков Н.О. «Основы работы с детским хором». Стр. 13 – 15.

Тема 9.

Жеке әншілік дауыстың тембрі.

Ән – бұл тек дауыстық аппараттың ғана емес сонымен бірге, бүкіл ағзаның функциясы. Балалар дауысының жеке тембрі былай анықталады.

— Көмейдің және бүкіл ағзаның анатомиялық және морфологиялық структурасының ерекшеліктерімен (көмей мен дауыс астарының мөлшері және құрылымы, дауыс қалыптастырушы бұлшықеттерінің күштілігі, мидың жылдам жұмыс істеуі, жалпы денсаулық, сұлулықтың сезгіштігі.

  • Демді, жыныстық және жеке ерекшеліктерімен эндокринді жүйеге жәнеде әншінің эмоционалды жағдайынан.
  • Айту кезіндегі көмей функциясы (айтылу дағдысы, дыбыстық қатардың айқын ерекшеліктері, жеткізу әдістері, жеке жеткізу мәнері).

  • Ән айту кезіндегі көмей функциясы (дауыс қуысындағы дыбыс мінезі, тыныспен жұмыс және конфигурация, әнші дауысының тембрі дыбысталуымен басқару, яғни регистрді басқарумен.

Вокалдық әдістердің көзқарасы бойынша дауыстың регисторда дыбысталуы мынадай факторларға байланысты: тесситура, дыбыс күші, атака түрлері және дыбыс жүргізу әдісі, дауысты дыбыс типі мен оның артикуляциялық әдісі, әншінің эмоционалды көңіл күйіне, орындалған шығарманың көркемдік образымен байланысты.

Тесситура.

Вокалдық әдістің негізгі талаптарының бірі барлық жұмыстық дауыс диапазоны бойынша қалыпты тембрлік дыбысталу. Тембрлік дыбысталудың дамуын айтқанда негізгі мәселе регистолық ауысым, өйткені әртүрлі дыбыс ұзақтығында бірдей тембрді алуға болмайды және керек те емес, керісінше вокалдық орындауда тембрдің әдемілігінің әртүрлілігі қажет. Тембрлік дыбысталудың 2 кезеңі бар:

1. Баспалдақты дыбыстың қатарда тұрғызылған жаттығулар.

2. Секіртпе аралықтары ұлғайтыла отырып, интервалдарды төменнен және жоғарыдан айту.

Жеңіл немесе тығыз тембрлік ұйымдастыруды дайындау.

Жеңіл тембрлік дыбысталуға жету үшін төменгі дыбыстық қатарға тұрғызылған жаттығуларды қолдану керек. Сол кезде фальцетке жақын жеңіл дыбысталу пайда болады. Тембрлік дыбысталудың қалыптылығын сақтай отырып, төменгі дыбыстық қатарда жаттығуларды айтқан кезде, дыбыс неғұрлым төмен болса, ол соғұрлым жеңіл жоғарыдан айтылуын сақтаған дұрыс.

Тығыз, қою тембрлі дыбысталу үшін жоғарғы дыбыстық қатарға тұрғызылғын жаттығуларды қолданған дұрыс. Мұнымен регисторды күштеуге болмайды (бұлшықеттердің қысылуы мүмкін).

5 стр., 2321 слов

МИСАЛ . ни кантип жазуу керек? Кандай, адабият боюнча

... жашоонун улуу Билерман. окурмандарды кызыктуу үчүн, сен сулуу адабий стили эскизи жазуу керек. Жанр - иштин маанилүү бөлүгү болуп саналат. С ... бир identikit. Бул буга чейин сиз текстти кылышы керек кантип билебиз, анткени жакшы эссе, адатта, классикалык адабият күйөрмандары алынат. Classics ... калса, анда жыл мурда ми болгон жана эмне эле болуп өткөн окуя жөнүндө кыскача баяндама жаза алам. Сиз эссе ...

Төменнен және жоғарыдан алынған интервалдарды орындау техникасы.

Жоғарыға алынған интервалдарды айту үшін төменгі дыбысты жеңілдетіп алу керек. Төменнен алынған интервалдардың айтылу техникасы да осындай жағдайда алыну керек. Бір ескертетіні төменгі дыбыс қалпын дауыстық астардың шеткі жиілігін ретіменде сақтау керек. Төменгі дыбыстық қатарды және төменнен алынған интервалдарды айту жеңіл. Тембрлік дыбысталуды дамыту үшін баспалдықты дыбыстық қатардағы регисторлық күйді сақтаған дұрыс. Балаларға жаттығы жасатқанда олар вокалдық жұмыстар жасағанда осы тәсіл көмектеседі, яғни тесситура көмейді өз күйіне келтіруші негізгі факторлардың бірі. Бала дауысын өз қалпына келтіру үшін оларға фальцеттік дыбысталуда жоғарғы тесситурада айтқызу керек.

Дауыс күші.

Ауаны көбірек алса, кеуделік дыбысталуды алуға болады, ал аз алса фальцеттік дыбысталуды алуға болады. Регисторлық дыбысталудың белгілі қалпын ұстану үшін тыныс алудың көлемі мен қарқынының әсері көп. Дауыс күші байланыстырушы қысымға пропорционалды, егерде балаларға күштілігі әр түрлі дауыстармен бірдей дауысты дыбыстарды бір ұзақтықта айтқызса, f (қатты) айтқанда оларда дауыс дыбысы р (ақырын) айтқанға қарағанда обертонға бай болады. Фонацияның фальцеттік механизмін бүкіл дауыс диапазонымен төменгі тесситурада, ең жоғарғы дыбыстарынан бастап фальцетпен айту керек. Бірақ бүкіл диапазон бойы ең төменгі дыбыстан бастап таза кеуделік дыбыспен айту мүмкін емес, өйткені әрбір әнші жоғарғы дыбыстарды фальцетпен ғана айта алады. Дауыс күші регистордың механизмінің қалыптастырушысы. Көмейді қатты айту күйіне ендірсе кеуделік типтегі дыбысталу пайда болады.

Атака түрі және дыбыс жүргізу әдісі.

Регистормен бірге дыбыс атакасы ұғымы да жүреді. Оның екі түрі бар: қатты және жұмсақ. Бұл ұғымдарды түсіне отырып төртке бөлуге болады:

  • Өте қатты
  • Қатты
  • Жұмсақ
  • Өте жұмсақ

Белгілі ғалымдар Егоров пен Яковлев мұғалім, зерттеушілер атаканы дыбыс пайда болған жолы деп қана қарастырмайды, арғы шығарма сипатын да анықтайды дейді.

Жұмсақ атака көптеген мамандардың дәлелдеуі бойынша дыбыс қалыптастырудың негізгі жолы деп алынды.

Қатты және өте жұмсақ атакалар енді ән айтып жүргендердің ән айтуы нашар болғанда дауыстық астарды қатал ету үшін қолданады. Оқушыдан фальцетке жақын дыбысталуды алу үшін оған жұмсақ атаканы қолдана отырып, ақырын айтуды талап ету керек. Кеуделік дыбысталу қатты атака арқылы қатты айтқанда пайда болады. Атакадан соң дыбыс қатты немесе жалғасымды болуы мүмкін. Жаңа атакамен қысқа – қысқа дыбыстық қатарларды алса дыбыс стаккато ретінде шығады. Стаккато тәрізді легатода өзінің жеңілдігі нығыз және жалғасымдылығы бар дыбыс. Әрбір дыбыстың пайда болуы жаңа атакадан басталады. Мысалы: жеңіл стаккато байқағыштықты талап етеді. Әрбір маркато, нығыз легато, барлық акценттер, яғни көмейдің регисторлық күйіне әсер етеді, тембрлік дыбысталуыда өзгереді.

Ән айту артикуляциясы және дауысты тип.

2 стр., 620 слов

Менің елім қазақ елі керек еді?

... ған Жолдаулары, еліміздің өркендеу мақсатында қалыптасқан аталмыш «заңдар» - халықтың тұрмыс-тіршілігін, болашаққа деген сенімін нығайта түсті. ... тті өмір сүреді. Тәуелсіздіктің бет бұрған жолында еліміздің ұлттық рухани асыл қазынасы, экономикасы, саясаты, мәдениеті дамып, г ... қстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» ...

Артикуляциялық ағзаның жұмыс істеуі дыбыстық қалыптасу бағыты артикуляция деп аталады. Артикуляцияның жай кезден ән кезінде көп ерешеліктері бар. Күнделікті жұмыс істеуді сыртқы органдар тез қарқынды жұмыс істеуді (ерін, төменгі жақ), ал ән айту кезінде ішкі (тіл, жұтқыншақ, жұмсақ таңдай) органдар дауысты дыбыстың созылуына байланысты ақырын жұмыс істейді. Дауыстылармен жұмыс басқалай, жай дауыстыларға қарағанда ән айту кезіндегі дауысыздар үлділігі артады. Дауыстыларды дұрыс айтуға 500 – 540 Гц күш кетеді, төменгі ән айту форманты бойынша үнділіктің күшеюінің жиілігі 2000 – 3000 Гц барады, бұлар жоғары ән айту форманты болып табылады.

Әншілік артикуляцияда басты талап дауыстылардың тембрде дыбысталуы қажет «о», «у», тәрізді дауыстыларды айтқанда көмей төмен түседі, «и», «э» айтқанда жоғары көтеріледі, ал «а» орташа қалыпта болады. Кейбір вокал мектебінің мамандары көмейдің төменнен орналасуы жақсылыққа дейді. Бірақ бұл барлық әншілерге келе бермейді.

Көмейдің қалыпты жағдайын тапса, жоғалтпай ұстау міндетті. Әнші дауысын неғұрлым кеңірек алса тембр, дауыс жиілігіде соғұрлым кеңейеді. Әр вокалдық мектеп әр түрлі айтады. Бірі дауыстыларды күліп тұрғандай айту міндетті десе, бірі «о» әріпін айтқандай ауызды ашу керек дейді. Жоғарғы дауысты іншңлерде еріннің күліп тұрғандай ашылып айтуы оңай. Қорытындысында дыбыс тембрі жағынан жеңіл фальцетке жақын болып естіледі. Ал «о» тәрізді ашылған ауыз дауыстық астарды тереңнен қозғап, қою тембрлі, кеуделік дыбысталуға әкеледі. Әртүрлі дауыстылар әнші тембрінің сапасына, ауыз бірқалыпты ашылғанда да әсер етеді. Егер дауыстыларды белгілі бір қатармен айтса (и, э, а, о, у) іштегідыбыс шығарушы труба ұзырады. Бұл дауыс астарында вибрацияға әсер етеді.

Артикуляциялық бірқалыптылығымен дыбыстың күші мен ұзақтығында, дауысты и, э дыбыстары айтылғанда кеуделік дыбысталуға жақын келеді. Еріннің жартылай күліп тұрғандай тұруы өз позицияңды табуға көмектеседі. Барлық дыбыс резонаторда естілуі тиіс.

Эмоционалдық күй.

Баланың эмоционалдық күйінен шығарманың орындалу көркемдігі де білінеді. Эмоционалдық күй дұрыс болмаса артикуляциялық аппаратта дыбыс жүргізілуі де, дауыс күшіде жаңадан алынып отырады.

Жабық ауызбен ән айту – бұл солистер практикасында сирек қолданылатын тембрлік дыбысталудың бір түрі. Бұл орыс музыка мәдениетінде ХХ ғасырдың басында А.Гречаниновтың, А. Костальскийдің, П. Чеснаков шығармаларында хор музыкасында пайда болды. Бұл көркемдік жағынан емес, балалар дауысын дамытуда да орны көп. Дауыссыз «м» дыбысы естілу арқылы да жабық ауызда ән айту көп тараған. Бұл дауыстардың резонаторда естілуіне көмектеседі. Жабық ауызбен ән айтқанда ерінді алдыға жылжытып, тиісті шамалы ашу керек. Бұл дыбыстардың мұрын және көмей аймағынан естілуін сезінуге әкеледі. Жабық дауыстыға позицияны ашық ауызбен айтқандада қолдану керек. Балалар тембрімен жұмыс істегенде фальцеттік типпен жұмыс істеген дұрыс.

Әдебиеттер:

1. Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 62 – 87.

2. Дмитриев Л.Б. «Основы вокальной методики». Стр. 350 – 355.

3. Соколов В.Г. «Работы с хором». Стр 105 – 107.

4. Живов В.А. «Хоровое исполнительства». «Теория». «Методика». «Практика». Стр. 170 – 178.

5. Живов В.А. «Исполнительский анализ хорового произведение». Стр. 37 – 44.

40 стр., 19562 слов

Все ы на русском и на казахском языках: Абай Кунанбаев (Абай Құнанбаев). Абай

... вокруг него толпится талантливая молодежь, создается социально-философская и литературная школы. Но Абай как властитель дум вызывает дикую зависть, бешенное озлобление, проявившееся в самых ... свидетельствуют сохранившиеся имена акынов, певцов, сказителей, композиторов, импровизаторов, мастеров поэтического состязания. Абай во все это привнес совершенно новое качество. Он влил в культуру ...

Тема 10.

Балалар дауысын күйге келтірудің әдістері.

Қандайда регистрлік режимде болсада көмей дұрыс дыбыс қалыптастыруға жету керек, яғни қарқынды ән айту, формировкасыз артық қысымсыз, жақын вокалдық позицияда, үнді, ортыша домалақтанған, қалыпты әншілік вибратамен:

1. Фальцеттік режимде әншілердің қалыптастырушылық шарты.

  • Тесситура – жоғары және орташа, жақын және жоғары (g 1 – d 2).

  • Динамика – рр — дан mр – ға дейін.
  • Дауыстылар типі «у», «о», «а».
  • Артикуляция – ерін жартылай күлгендей, ауызды орташа ашу, көмейді сақтау, «у» дыбысынан бастау.
  • Дыбыс жүргізу тәсілі – жеңіл стаккато, легатоға көшетін.
  • Негізгі эмоционалдық мазмұны – нәзік, көңілді.

Жаттығу №1.

Мақсаты: Дыбыстық атака кезінде дауыстық астардың шеткі жиіліктерін қарқындандыру, дыбыс қалыптастырудың негізгі ережесі осында (интонация жағынан таза, ысылды азайту керек).

Жаттығу g 1 – н бастап, а 1 дейін р динамикасында жеңіл стаккатода «у» дауысты дыбыс арқылы айтылады.

Жаттығу №2.

Мақсаты: Дауыстық жоғарғы астарындағы қарқынды жиілігін көшіру, яғни жеке дауыстың байланысындағы нақты пайда болған ән айтудағы стаккатоның легатоға айналуы. Бұл жаттығу жарты тондар арқылы бірнеше рет жоғары және төмен қайталанады. Диапазоны g 1 – d 2. басында «у», кейіннен «о» және «а» аяққа ұзақ дыбыста дауыс күшін ауыстырмау керек.

Жаттығы №3.

Мақсаты: Әр дауыстыда көмей күйін сақтау, ұзақтықтар ауысқанда дауыстыларды сақтау. Екі дыбыста (g 1 және а 1) тембрімен динамикасы жағынан біркелкі болу керек. Жоғарғы дыбысты төменгі позициясында айту керек. Дыбыстық атака жоғарыдан алғандай болу керек, әнші берілген ұзақтыққа нақты түседі. Егер дауыс қысылып вокалдық позиция тұрақсызданса трельді төменгі дыбыстан емес, жоғарыдан бастауға болады. Жаттығуды орындағанда дауыс күшін жарты тоннан жоғары етпеу керек.

Жаттығы №4.

Мақсаты: Стаккатодағы дыбысты көмей ұзақ дыбысқа алмастыру. 1 – ші дыбысты керекті ұзақтыққа түсе отырып нақты түсу керек; ашты, позициясы жақын, ашық, содан серпіліп, төменгі дыбысқа жеңіл секіру. Төменгі дыбыстың ұзақтығы жағынан нақты айту. Тынысқа көніл бөлу.

Жаттығы №5.

Мақсаты: Фальцеттік дыбысталуды жоғары және төменгі дыбыс аралықты диапазонда тарату. Негізгі талап: көмей күйін ауыстыра білу төменгі дыбыстық қатарды орындау.

ІІ. Балалар дауыс қалыптастырудың кеуделік режим шарты.

  • Тесситура – төменгі және орташа, төменгіге жақын (g м — g 1)
  • Динамика – mf – f
  • Дауысты типі – «а», «и», «э»
  • Артикуляция тәсілі: кең тігінен ауызды ашу, ерін домалақталған, жұмсақ таңдай көтеріңкі
  • Дыбыс атакасы – жұмсақ, бірақ қарқынды.
  • Дыбыс жүргізу тәсілі: нон легато, маркато, нығыз легатоға көшу.
  • Негізгі эмоционалды мазмұны: қатал, шерулі, жан дүниемен және т.б.

Кеуделік режимнің бірінші жаттығулары фальцеттік режимдегідей артикуляция басқа, тесситура төмен. Жуықтап алғанда а1,с1,е1 дан, ақырындап кеңінен g м — g 1 ға жеткізу. Дауыс күші әндету кезінде ашылады.

Жаттығы №7.

Мақсаты: Кеуделік дыбысталуды төменгі тесситураға көшіру, дауыстық жоғарғы тонды диапазонын вокалды – жаттықтырушы жаттығудың негізі жоғарғы дыбыстардың қатардан басталуы. Кеуделік дыбысталумен жоғары қарай үш дыбыстан айтқанда төменгі дыбыстарды күштеуге болмайды, өйткені жоғарғы дыбыстарда қысылыс пайда болады.

12 стр., 5777 слов

Абай ж не пушкин реферат аза ша

... 5 Абай лексикасы 6 Абай және Пушкин 7 Музыкалық мұра 8 Абайтану 9 Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы 10 Ақынның балалық шағы ... әрі ойшыл 13 Абай және халық ағарту ісі 14 Аудармашылық қызметі 15 Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны 16 Абай туралы 17 Пайдаланған ... Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” ...

ІІІ. Әнші дауысын араласқа қою. Фальцетпен кеуденің араласуы:

  • Дауыстың ортаңғы диапазоны (f – a 1)
  • Динамика mf .

Әдебиеттер:

1. Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 84 – 99.

2. Емельянов В. В. «Фонепедический метод развития голоса». Стр. 126 – 137.

Тема 11.

Дикция және орфоэпия.

І. Ән, хор – бұл музыка мен поэзияны байланыстыратын өнер. Ақындық мәтінді тыңдаушыға жеткізу хор дикциясына байланысты, дауыстылар мен дауыссыздарды жеткізу және орфоэпия фонетикалық және грамматикалық норманы бақылау. Хормен жұмыс жасағанда сөздерді дұрыс айтқызу міндетті. Дикция сапасы вокалға да байланысты. Дыбысты жақсы жеткізу әншілік дыбысталудың сапалы болуына қарқынды тыныс жоғарғы позициядағы дыбыс көмектеседі.

Жеткізе білудің үш түрі бар: күнделікті өмірде, сахналық және әншілік. Жай жеткізуді глиссандодан, әр тон тұрақсыздықтарынан, рефлекторлық модуляциядан ажыратамыз. Ән айтқанда әншілік тонға көп көңіл бөлінеді., сонымен бірге ритм, тыныста музыка талабына көнуі тиіс. Әншілік дикция спецификасы дауыстыларды әр регисторға сай жеткізе білу (Мысалы: «о» «а» ға жақын).

Сөздерді тез айтқанда соңғы дауыссызды сөз ішінде келесі дауыстыға келу керек.

ІІ. Әншілік дикция сипаты музыка сипатына байланысты. (Шығарманың мазмұны, оның образы).

1. Тез шығармаларды орындағанда дыбыс күшін жеңіл алған дұрыс, сөз жеңіл айтылады, жақын және ілезде, артикуляциялық аппараттың аз мөлшердегі қозғалысы арқылы. Мысалы: Глинка «Попутная», «Дым сталбале кипит, дишится пароход». Свиридов «Хоровод», «Веселимся кружимся» — сегіздіктер.

2. Драмалық шығармаларда салтанатты әнұрандарды айтқанда артикуляция «көлемді» болады. Калинников «Кондор», «Грамады гор», «Иззубренные скалы». Моцарт, Верди, Берлиоз реквиемдері. Прокофьев «Вставайте люди руские», «Александр Невский» кантатасындағы хор т.б.

3. Қалыпты әндетілген шығармаларда мәтіні жұмсақ жеткізіледі. Чайковский «Соловушка». Танеев «Серенада», Мориста өз сипатына қарай «Смело товарищи в ногу» Радик.

4. Ырғақтық ансамбльмен сөздерді дұрыс жеткізуінің принципінің бұзылуы жаман хорлық дикцияға әкеледі.

ІІІ. 1. Сөздердің аяқсыз естілуі, әсіресе дауыссыздарға аяқталған сөздер.

2. Интонациялық жағынан төмен дауыссыздар сырғып айтуға әкеледі, дыбыс басында қиысады.

3. Дикция сапасына тесситура мен дыбыс күшінің қатысы да бар. Жоғыры тесситурада сөз айтылуы қиын.

4. Дыбысталудың орташа күші мәтінді жеткізудің ең қолайлысы.

5. Оркестр мен хор айтқанда аралықтарын сақтау.

6. Партиялар арасында динамикалық ансамбль.

7. Дауыстық дыбысталу күшін білген соң музыкалық талаптар мен бірге, мәнін жеткізілуінеде көңіл бөлу.

Орфоэпия (жеткізу қалпы).

1. Орыс тілінде негізгі 5 дауысты: «а», «о», «у», «э», «и», 4 аралық «я», «ё», «е», «ю» және «ы», фонетикада «и» деп қаралады. Әуендетілген дауыстылар әрқашан фонетикалық жағынан анық және нақты естілуі тиіс. Дауыстылардың өзгеруі жылдам темпте ғана болады. Дауыстылардың өзгеруі мен әннің айтылуы екі түрлі соққысыз «а» және «э» динамикасы жағынан әлсізденеді. «о» дыбысы «а» — ға жуықталады. (аблака, Масква).

8 стр., 3530 слов

Олжас Сүлейменов (1936)

... сезініп, нені ойлағанын оқып келеміз. Олжас пен бірге Қазақстанның ұшы-қиырсыз даласын шарлауға болады, шопан киіз үйлерінде қонақта болып, ... өрінеді. Себебі: бұған дейін танылмай келген немесе дәлірек айтқанда, өркениеттік бірлеетікте өз дәрежесінде, толық тұтаетығымен ж ... пен оқитын өзге ақынды атай алмасам керек. Оның жетістіктері нағыз әдебиетшілерді қуантып, ақиқатты үздіксіз іздеу жолындағы батыл, ...

«я» дыбысы «яе» тәрізді айтылады. (гряеда, памяеть) сөз аяғында таза естілуі тиіс. Жұмсақ «е» дыбысы «и» тәрізді, күнделікті сөзде, әнде қысқа ұзақтықтарда қолдануға болады (Мысалы: тез – «е» және «и» «Висилимся кружимся», «Хоровод» Свиридов. Динамикалық әлсіздік – «Реде — ет аблакоф», «Ляетучая гряеда» «Элегия» В.Калинников).

2. Дауыссыздар бірнешеге бөлінеді: «м», «н», «л», «р» әндетуге келетін дыбыстар. Басқаларға бқндай сапа тән емес. Орыс алфабитінің бірінші алты дауыссызы дауыстық байланыстар арқылы болады.

Дауыссыздардың фонетикалық қатары:

Үнді: б бь, в вь, г гь, д дь, ж жь, з зь, м мь, н нь, л ль.

Қатаң: п пь, ф фь, к кь, т ть, ш шь, с сь, ц, х, ч – сыңары жоқ.

Жартылай дауысты дыбыс «и» дауыссыздарға жатып, дауыссыздар ережесіне бағынады. Дауыссыздардың әндегі өзгерісі сахналық қолданысқа сәйкес.

а) Үнді дауыссыздар (жалқы немесе сыңарлы) сөз аяғында өздеріне сай қатаң дауыссыздар тәрізді айтылады. Қатаң дауыссыздар алдында үнділер естілмейді «но крут уже застыл», «сасет мой выступает в отвежжие каля» («Осень» Калинников).

«Што кутцы ей флерет, флерет» Танеев «Из края в край».

б) Тіске жақфндар жұмсақ дауыстылар алдында жұмсарады: казьнь, госьть, ветьвей, дьвенадцать.

в) «н» және «ин» жұмсақ дауыссыздар алдында жұмсақ айтылады: «страньник». «н» және «л» — дың алдында қатты және жартылай жұмсақ айтылады «сопливый».

г) «ж» және «ш» жұмсақ дауыссыздар алдында жұмсақ айтылады «прежде», «внешние», «прежний – внешний».

д) Екі еселенген «ж» әнде жұмсарады. «Ну жужжи скорей».

е) Қосақталған «чн» және «чт» жеткізілгенде «шн» және «шт» болады «конешно», «скушно». «што», «штобы». Бөлек «ч» және «н» осы қалпында қалады «путь мой скучен».

ё) Сөз соңындағы «ся» және «сь» қатты жеткізіледі «весе(и)лимся, кружимся» хароводами телимся».

ж) Тіркестелген «стн» және «здн», «т» және «д» толық жеткізілмейді «грусно, позно».

3. «сш» және «зш» тіркестері сөз ортасында ұзақ «ш» тәрізді айтылады «бешшумно».

4. «сч» және «зч» ұзақ «щ» тәрізді щшастье – счастье, шущес – исчез, извошщик – извозчик.

5. Әндегі сөздердің жеткізілуі күнделікті өмірден бөлек, әдеби жеткізу көркемдіктен бөлек, көркемді қолдануға сәйкес емес, (жұмсақ «е» — «щеколад миньон жрала», «смерть катьки» Салманов ораториясынан.

6. Екі дауыстылардың қосылуы ерекше фонетикалық талап етеді. Жұмсақ жеткізіледі «Зайграйте мои гусельки» екі дауысты цезурамен бөлінеді.

7. Егер бір сөз басталып келесі сөз дәл осылай басталса немесе жуық болса (д – ж, б – п, в – ф т.б.) ақырын екпінде оларды бөліп айту керек. Мысалы: «Гимн демократический молодежи» А.Новиков, «Каждый кто молод, дайте нам руки» жылдам екпінде қысқа ұзақтықтарда оларды ерекшелеп біріктіріп айту керек. ( Мысалы: «Повторяем клятвы слава») м дыбысы тез ерекшеленіп бөлініп көрсетіледі.

Мәтінді ойлап оқу.

Сөзді оқымас бұрын екпіндерін ойлап қою керек.

І. Орыс сөйлеу ережесіне тән.

1. Жай бір сөйлемде басты бір екпін болады. Екпін көбінде зат есімдерге қойылады. Алынған екі есімнің ішінде есімдісі ілік септігіндей болады: «чуть – чуть белеет темный гор» (Восход солнца – Ф.Тютчев, Танеев), «Так легко дыханье ночи» — (А.Фет «Серенада» Танеев.

2. Етістіктерде негізгі ой етістікте болғанда қойылады және зат есім орны есімдікпен ауысқанда пайда болады: «Но труд уже застыл» (Осень А. Пушкин, Калинников)

3. Морфологиялық функциясына қарамастан екпін қарама қарсы санаулы сөздерге қойылады: «И солнца заблещет прекрасная – зеленое синее, красное » (Сл. Я.Райниса «Былое» Э.Дарзинь ).

4. Тура мағыналы сөздерде авторға байланысты екпін тура мағыналы сөзге түседі:

«Прилетает ворон прячет у колодца,

ты не жди напрасно сына, не вернется »

(« Мать послала к сыну думы»).

5. Әнде ақындық мәтінмен екпін сәйкес келіп жатқан заңдылықтары өз орнымен жүреді.

ІІ. Ақындық мәтінмен жұмысы бар орындаушыға өлеңнің ритмдік ұйымдасуын білген дұрыс. Мәтіннің көркемдігі мен мазмұнын ғана жеткізбей ақындық шағарманы қалпында жеткізу керек . Өлеңнің үш түрлі типін айтуға болады: Силабический, тонический, силоботанический.

1. Бірінші түрі буын саны бірдей: (10, 11, 12 қиын өлең )

2.Қатардағы екпін санына байланысты: ( Аңыздар, Маяковскидің «Патетикалық араториясы »).

Өлеңнің негізгі өлшемі:

1) Ямбы – екпін 2 – 4 – 6 — 8 буында

2) Хорей – екпін 1- 3 – 5 — 7 буында

3) Дактиль – екпін 1 – 4 – 7 – 10 буында

4) Амфибрахий – екпін 2 – 5 – 8 – 11 буында

5) Аканеет – екпін 3 – 6 – 9 – 12 буында

Ямбы және Хорей – екі күрделі өлшемдер. Дактиль, Амфибрахий, Аканеет – үшеуі күрделі өлшемдер.

Дирижер репетицияға дейін мәтінмен жұмыс істеуге міндетті

  • Музыкалық фраза шегін анықтау
  • Тыныстық белгілермен ой цезурасын қою.
  • Кульминациясын анықтап белгілеу: (Басты және жанама )
  • Мәтін ойын музака кульминациясының қатынасын барлау.

Осылайша мәтінді ой жағынан талдау вокалдық шығармамен оның эмоциясына әсер етеді.

3. Үшіншісінде буын сандарымен екпін сәйкес келеді, екпін қайталанады

1. Екпін әрқашанда қатты үлестермен келісе бермейді.