Шығарма » Менің Отаным — Қазақстан»

Сочинение

Просмотр содержимого документа

«Шығарма » Менің Отаным — Қазақстан»»

8 сынып оқушыларына арналған шығарма.

Менің Отаным — Қазақстан

Менің Отаным- Казакстан! деп, жұдырықтай жүрегімнен шыққан осы сөзді мақтанышпен айтамын. Ата-бабамыздың бостандық жолындағы ерен ерлігінің арқылы осынау іңкәр дәуірге жеткен елімді мақтаныш етемін. Мен өз елім Казакстанды пенде тәніммен сүйемін.Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біз тәуелсіздікті 1991 жылы алдық. Қазақ елі 1992жылы БҰҰ-ның мүшесі болды. 1991 жылы Елбасының жарлығы бойынша Семей полигоны жабылды. Біз ТМД Мемлекеттерінің арасындағы экономикасы дамыған елміз. Егемендік алғалы білім беру мекемелері, денсаулық сақтау саласы жақсарды. Қазақ елі-байтақ, бақытты халық. Қазақстан -Еуразия құрлығында орналасқан, 14 облыс бар, жері пайдалы қазбаларға бай өлке..

Қазақстанда көп ұлттар мекендейді. Қазақстанның жалғыз бөлшегі- менің өсіп, тұрып жатқан көмірлі Қарағанды. Осы мекенде тұрып жатқан менің ауламдағы жалғыз көп қабатты үйде қаншама ұлт өкілдері тұрады. Олармен еркін орыс тілінде сөйлессем, олар менімен қазақ тілінде сөйлесіп, тіпті мерекелі күндерді қалай атап өтетініміз туралы, менен сарқыт сұрады, ол дегеніміз олармен қатты араласатыным. Мен де олардың мерекелерін құрметтеймін.

Атамекен, меніңше, теңіз, өзен, жұлдыз, күн, қалалар сонымен қатар адамдар. Атам, әжем, анам, әкем, бауырым, досым бәрі-менің туған елім. Мен Отанымның кішкентай бөлшегімін. Туған елімнің болмысы әдемі.Рас айтамын, өте көркем! Оны Алматы қаласына барғанда байқалынды. Пойыздың терезесінен жасыл даланың шексіз екенін көріп таң қалдым.Күн деген өзі сұлу екен ғой! Ал күннің қызарып батқаны тіпті қызық. Күннің қызарып батқанын пойызда отырып көрдім, тіпті мен қалада жүргенде мән де бермеппін. Кең байтақ жерді көргенде менен өткен, қазақтан өткен бақытты ұлт жоқ сияқты болып көрінді. Алматы жап-жасыл шаһар. Біз орталық алаңда суретке түстік. Анам екеуміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туып-өскен жері Шамалғанда болдық. Келесі күні тоғайға бардық. Тоғай ішіне кірсең құстардың әндеткенін естуге болады. Таудан аққан өзенді бақыладым. Бұл — Қазақстанның қоршаған орта байлығы.

4 стр., 1656 слов

На казахском языке ана тілі

... менің өмірім сен үшін ғ ана өрілсін! Олай болса, ана тіл імізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғ ана туған тіл іміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады. Ана тілі ... жағынан деградацияға ұшырады нақ осы ана тілі нің тағдырына салғырт,немқұрайлы ... стан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жыл ...

Ойлаған арманым көп. Мен келешекке сенемін. Өскесін Алла қаласа ғұлама боламын. Болашағымның жарқын болатынын лүп-лүп еткен жүрегім сезеді. Атамекен алдындағы борышым-халық болашағы үшін шаруа ету. Қазақстанды гүлдендіру, көркейту, жағымды хабарымен қуанту. Еліміздің болашағы-біздерміз. Ата-анасын, Отанын сыйлаған жастар ғана еліне ақ жүрек шаруа болады. Мен өз еліме бейбітшілік, жақсылық тілеймін!