Төтенше жағдай — әр түрлі — Қазақша тар — тар — Банк ов Казахстана

Реферат

Жоспар:

І. Кіріспе

Төтенше жағдай және оның түрлері

ІІ. Негізгі бөлім

1.Табиғи сипаттағы ТЖ кезіндегі әрекеттер

2.Техногендік сипаттағы ТЖ кезіндегі әрекеттер

3.Халықтың ТЖ кезіндегі құқықтарымен міндеттері

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

ЖЕР СІЛКІНУ.

Жер сілкінуіне дейін:

Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.

Алдын-ала дайын болыңыз:

  • Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;

Алғашқы жер сілкінісі кезінде :

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):

4 стр., 1792 слов

Биологиялы т тенше жа дай

... фосфорорганикалық заттар т.б жатады. 2. Биологиялық төтенше жағдай Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және ... Табиғи сәуле көздеріне жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік сипатта ... 1.2 Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым ... төзімділігін арттыру үшін саќтандырғыш вакциналарын жаппай егу және арнайы сарысуларды немесе ...

Егер көшеде болсыңыз:

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:

•Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз

Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:

Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.

Жер сілкінісен кейін:

Назар аударыңыздар!

Радио үнемі қосулы тұрсын!

Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!

Су тасқын, сел

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізу керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:

•Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)

•Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)

•Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.

Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:

Су тасқыны кезінде:

Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.

Қар көшкіні – таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

Көшкін қаупі бар кезең – Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).

Көшкіннің болу белгілері

•Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;

Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері

•Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;

Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.

•таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;

•Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз:

Дауыл, құйын

Дауыл – ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады.

Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.

Жазық немесе құрлық далада – жерге жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап алу қажет. Киімнің алдың жауып, тыныс алу жолдарын шаң мен құмнан сақтану үшін, орап алу қажет. Өзімен бірге фляга су алып алу қажет.

Тауда – болған жағдайда, шың басынан, асудан аулақ кеткен абзал.

Қауіпсіз орындарда тығылу – ну орманда, үлкен қорғандардың артына жасырыну қажет. Сонымен қатар, тасты және қауіпті аймақтардан алыс жүру қажет.

Құйын — өте қауіпті. Құйын жылдмдығы 100 м/с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30-40 км/сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т.б. нәрселердің ұшуы адамдарға қаупті тудырады.

Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар. Тек қана құйынның бағытын және жылдамдығын анықтап, қарсы бағытта жүру қажет. Құйынға кезіккен жағдайда кез келген жерге қадалған заттан ұстап, бетті, әсіресе, көзді қолмен не болмаса матамен жабу қажет. Егер құйын, боран, дауылболады дегенді болжамшылардан естісеңіз, үйдің ауласындағы барлық заттарды жерге қағып, қатайтып қою қажет. Әсіресе, бұл салмағы аз үй соғуға қажетті заттарға: татқтайша, фанерлерді, шифрларды ұшырып алып кетпейтіндей етіп байлау қажет. Бұл заттарды бір-біріне байлап, жерге нықтап қою қажет. Оларды сарайларға тығып, ұшып кетпейтіндей орында орналастру қажет. Жел тұратын бетке қарап тұрған терезені фанерлермен немесе тақтайшалармен жапқан абзал.

Алдын ала электр құралдарын сөндіріңіз, керосин шамын алыңыз. Сонымен қатар, құрғақ таменқ ішпес үшін, артық балонмен газ плитасын алыңыз.

Сондай-ақ, үйіңізге артығымен тамақ, су, ал қас кезінде көбірек отын жинап қойыңыз.

Дауыл, құйын құйын жақындап келе жатқаннан, үйіңіздің жағдайы нашар, дауылға төзбейд деген жағдайда, погребті паналаңыз (төсенгеш, жылы киім, су, тамақ, шырақ, міндеттті түрде күрек пен балта алыңыз).

Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда қалсаңыз:

  • Қар үстінен паналайтын орын дайында;

Паналайтын жерде отырып не істеу керек:

•майлы азық пен қант жеу керек

Түн уақытта не істеу керек:

Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:

Егер автокөлік жолда өшіп қалсын:

Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін жағуға болады.

Үсіген адамды жылыту жолдары:

Ең тиімдісі:

Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.

Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.

Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.

Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.

Қар көшкіні, опырылып құлау

Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы.

38 стр., 18752 слов

» » жазуға көмекші құрал

... қалалық байқаулардан алған жүлделеріміз. Эссе дегеніміз Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғ ... алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек. Тезистер жұ ... мкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет. Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, ж ...

Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.

Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы – сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.

Қар көшкінінің қауіпті белгілері:

Қар көшкінінің екпіні ұрса!

•Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;

•Егер қар үйіліп жатса:

•Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып көру керек.

•Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;

•Тау баурайын ізбе-із кесіп өту

•Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан жерде) тоқтамау керек

Қар көшкіні болған жағдайда:

•Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді

•Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек

•Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.

•Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.

•Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз.

5 стр., 2130 слов

Аза станда ы опера нері

... человека, его беззавет­ную любовь к родине. Музыка этой оперы глубоко, органически связана с русской народной песенностью. С народным ... сцены может служить сцена ссоры Онегина и Ленского в опере Чайковского "Евгений Оне­гин" (первая картина второго действия), ... партии участников ансамбля в терце­те из первого действия оперы Римского-Корсакова "Царская невес­та" (Любаша, Грязной, Бомелий). ...

•Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау (массаж), коореин салдыру керек.

•Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.

Опырылу – ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі.

Опырылу (опырылып құлау) – тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы.

Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.

Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:

•Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.

•Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар.

•Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары.

Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:

•Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау

•Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтамаңыз

•Опырылған тік жардың қасына жоламау

•Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту

•Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек.

Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес:

•Үй құрылысын, сарай салғанда биік жерден, яғни тау жағынан бастау керек.

•Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу

•Үйдің айналасын таспен толтыру, суда жақсы көретін ағаштар, бұта, өсімдіктер отырғызу

Есіңізде болсын! Дача учаскесін көп суғару жер қыртыстарының опырылуына әкеліп соқтырады

Әр адамның негізгі парызы

Сел жүргенде, көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүріңіз

Қазгидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні мен сел тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.

Өрт

•Отпен жұмыс істегенде абай болуға;

Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.

Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.

Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.

5 стр., 2321 слов

МИСАЛ . ни кантип жазуу керек? Кандай, адабият боюнча

... улуу Билерман. окурмандарды кызыктуу үчүн, сен сулуу адабий стили эскизи жазуу керек. Жанр - иштин маанилүү бөлүгү болуп саналат. ... identikit. Бул буга чейин сиз текстти кылышы керек кантип билебиз, анткени жакшы эссе, адатта, классикалык адабият күйөрмандары алынат. ... мамилелердин белгилүү убакта, мисалы, мазмун-бай, жандуу жана кызыктуу эссе пайда болушу бул, жашоонун кадимки жол менен өзгөртө ...

Орманда жүргенде есіңізде болсын:

Ескерту шаралары:

Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта — қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен).

Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.

Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары

Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

  • Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерлерде болғанда өздерi душар болуы мүмкiн қатер туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралары туралы хабардар болуға;
  • азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан және олар тигiзетiн зардаптардан қорғау мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей жүгiнуге, жеке және ұжымдық үндеулер жолдауға;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға арналған басқа да мүлiктi пайдалануға;
  • төтенше жағдайлар пайда болған ретте өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;
  • төтенше жағдайларды жою барысындағы мiндеттердi орындау үшін оларды тарту кезiнде өздерiнiң денсаулығына келтiрiлген залал үшiн өтемақылар мен жеңiлдiктер алуға;
  • зақым алуына немесе ауруға шалдығуына байланысты еңбек ету қабiлетiнен айрылған, зақымданудан немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс болған асыраушысынан айрылған жағдайда, егер олар төтенше жағдайларды жою жөнiндегi мiндеттерiн атқару салдарынан болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырылуға;
  • төтенше жағдайлар салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтетуге құқығы бар.

Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мiндеттерi

3 стр., 1168 слов

Орманды дала дала аймағының таралу құбылысы

... кальциймен бекініп қалады. Қара топырақ құралуына ең қолайлы жағдай-орманды дала аймағының оңтүстігі, мұнда ең қолайлы ылғал ... ұқарады. Содан барып гумустену үрдісінің қарқыны бәсеңдейді. Орманды дала аймағының солтүстүгінде климаттың ылғалдылығы жоғаолауына ... лактанған (майланған түрлес), кейде құрамында алмаспалы натрий болады. Орманды дала аймағында солттүстік күлгінденген, сілтісізденген және нағыз ...

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

  • Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi олардан қорғау саласындағы заңдарын сақтауға;
  • төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн авария, зiлзала және апат жайында тиiстi органдарды хабардар етуге;
  • тұрмыста, күнделiктi еңбек және шаруашылық қызметiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк және технологиялық тәртiптің, қауiпсiздiк талаптарының бұзылуына жол бермеуге;
  • азаматтық қорғаныс дабылдарын, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi төнген немесе олар пайда болған кезде жүрiп-тұрудың белгiленген ережелерi мен iс-қимыл тәртiбiн бiлуге, негiзгi қорғану әдiстерiн, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсiлдерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерiн үйренуге, өздерiнiң осы бiлiмi мен практикалық дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
  • төтенше жағдайларды жою жөнiнде өткiзiлетiн оқу-жаттығуларға қатысуға, халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау құралдарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар:

  • жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету;
  • егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп туғызатын болса, оның қатер төндiру және зиян келтiру деңгейiн алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдiстерiне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру;

— төтенше жағдайларды жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келген зиянды өтеу болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. — Алматы, 1961,

2) Репина Л.П. и др. История исторического знания.- М.:Дрофа, 2004

3) Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Алматы: Атамұра, 2003

4) Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Тарихи жырлар.-Алматы.- 1981

5) Жүгенбаева Г. Дәстүрлі ауызша тарих.- Алматы, 2005

9 стр., 4347 слов

Аза хал ыны музыка нері

... аспаптар (дабыл, дауылпаз және шыңдауыл) болды кеңінен қолдану-қазақ халқының. Қатты дыбыс соқпалы аспаптар ақым қай деңгейде т ... туған кезде, жане құрметті қонақ. Бейнелері қамтылған сыбызговой музыка, восходят ежелгі. Бұл туралы бытующие осы күнге дейін күй ... бейбіт уақытта да қолдан берген ұлы жетістігіміз классиктерінің домбыра өнері. Өз интерпретациях Дина дәл сохраняла тақырыптар күй, барлық ...

6 )Vansina Jan. Oral tradition as history. Madison: The University of Wisconsin Press, 1985