Жоспар
Кіріспе
1.Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
1.1 Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
1.2 Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар
1.3 Химиялық қарудың жарылу ошағы
2.Биологиялық төтенше жағдайлар
2.1 Жұќпалы аурулар және одан саќтандыру
2.2 Эпизоотия мен эпифитотия
2.3 Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы
Химиялық және биологиялық кауіпті объектілердегі төтенше жағдайлар
1. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:
- Өте қауіпті.
- Жоғары қауіпті.
- Орта қауіпті.
- Қауіптілігі аз.
1.1 Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:
- жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;
- апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.
Химиялық апаттардың топталуы.
- Жеке.
- Обьектілі.
- Жергілікті.
- Регионалды.
- Глобальды.
Жеке — зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.
Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.
Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.
Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат.
Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат (20-сурет).
Төтенше жағдай — әр түрлі — Қазақша тар — тар ...
... Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жа ... Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек. Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары: ... қ жағынан қауіпті заттарды тарататын ... апаттар ... апат болған жа ... заттарға: татқтайша, фанерлерді, шифрларды ұшырып алып кетпейтіндей етіп байлау қажет. Бұл заттарды ...
1.2 Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым салалары радиактивті заттар мен жедел сәулесінің көздерін пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы қарқынмен өркендеуде. Осыған орай бұл салаларда да апат орын алуы мүмкін. Апат болған жағдайда мекендеген жай радиактивті ластануға және адамдар сәулеленуге душар болар. Локальді апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілердегі қондырғылардың істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық тізбектің қисында және ғимараттық белгіленген нормадан аспай байқалады. Жергілікті апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығу арқасында санитарлық қорғау аумағында белгіленген нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығуының арқасында санитарлы қорғау аумағынан тыс жерде белгіленген нормадан артық мөлшерде байқалуы.
Негізгі радиактивті қауіпті обьектілерге: атом станциялары, ядролық отын дайындайтын өндіріс орындары, радиактивті қалдықтарды көму және өндеу орындары, ядролық реакторы бар ғылыми және жобалау институттары, ядролық энергетикалық қондырғылары бар көліктер жатады.
Жедел сәуле көздері
Жедел сәуле көздері табиғи және техногенді болып бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік сипаттағы жедел сәуле көздеріне жататындар:
- медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды;
- ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар;
- ядролық қаруды сынақтан өткізу.
1.3 Химиялық қарудың жарылу ошағы
Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улау заттарының жіктелуі келесі белгілерімен анықталады:
1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)
2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоманр, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.
3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.
4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер(әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.
5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар т.б жатады.
2. Биологиялық төтенше жағдай
Когда я стану взрослым (3-й класс)
... У. Сегодня у нас с вами урок-творчество, мы будем писать сочинение-рассуждение на тему «Когда я стану взрослым». Какие цели ставите перед собой? Д. Внимательно слушать, анализировать услышанное. У. ... Моя цель – помочь вам в этом. IV. Речевая разминка : повторение понятий ТЕМА и ...
Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады. Эпидемия дегеніміз адамдар арасындағы инфекциялық аурудың кең таралуы және бұл аурудың сол территориядағы тіркелген санының бірнеше есе өсіп кетуі.
Инфекциялық аурулар 4 топқа бөлінеді.
- ішек инфекциялары;
- тыныс алу жолдарының инфекциясы;
- қандық (кровенные) (трансмиссиялық)
- сыртқы қабат (покров) инфекциясы (контакты).
Қазақстанда климаттық географиялық сипатына қарай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған. Сонымен қатар Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмар, көкжөтел, қызылша полиомемит, бруцеллоз, туберкулез, мидың қабыну, вирустық гепатит, сүзек, безгек, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл аурулар бойынша аса қиын аймақтарға жатады.
Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облыстарында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай сарышұнар және тышқандар болып табылады.
Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан обылысында, әсіресе Өзбекстан мен шекаралас аудандар, сондай-ақ Алматы облысында байқалды.
2.1 Жұќпалы аурулар және одан саќтандыру
Ќазаќстанның ұланғайыр аймағында әртүрлі климаттың географиялыќ сипаттамалардың әр түрлігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошаќтары дамыған, коптеген елді мекендердегі гигиеналыќ жағдайлардың төмендігінен ерекше ќауіпті және басќа да жұќпалы аурулардың таралуына барлыќ алғы шарттар жасалған. Сонымен ќатар олардың пайда болуына халыќаралыќ байлааныстардың кеңеюі, ќанағаттанарлыќсыз санитарлыќ-гигиеналыќ жағдайлармен ұштасќан үлкен өзгерістер, халыќтың көшіп ќонуы, елдердің арасындағы медициналыќ ќұралдарды дер уаќытында жеткізуге кедергі келтіретін экономикалыќ байланыстардың тұраќсыздығы сияќты факторларда ыќпал етеді.
Ќазаќстанда іш сүзегі, дизентерия және басќада ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, ќызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың ќабынуы, вирустыќ гепатит, сүзек, безгек, іш сүзегі, тыныс жолдарының вирустыќ инфекциялары және т.б. тіркелген.
Алматы, Ќызылорда, Оңтүстік Ќазаќстан облыстары бұл аурулар кеңінен тараған аймаќ болып табылады.
Бактериялы дизентерия мен ішек инфекциялары бойынша, Ќызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Ќазаќстан және Жамбыл облыстары ең ќолайсыз аймаќ болып табылады.
Жыл сайын Ќазаќстанда вирустың гепатиттің 40-70 мың жағдайы тіркеледі.
Ќазаќстан аумағында обаның белсенді табиғи ошағы орналасќан. Оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнаќ, тышќанның түрлері болып табылады.
Туляремияның жайылымдыќ және далалыќ ошаќтары Батыс Ќазаќстан мен Алматы облысында орналасќан. Оны таратушылар тышќан тәріздес кеміргіштер. Мидың кенеден ќабынуы тіркелген. Оның табиғи ошағы Алматы, Шығыс Ќазаќстан облыстарында, сондай-аќ Алматы ќаласында кездеседі.
Ќазаќстанда ара тұра Ќырым безгегі таралған. Ќу безгегі Ќазаќстанның барлыќ облыстарында кездеседі. Республикада сырттан келген малярия жағдайы кездеседі.
Сібір жарасы барлыќ облыстарда жыл сайын ішінара кездесіп отырады. Етті даярлаудың ветеринарлыќ-санитарлыќ және санитарлыќ-гигиеналыќ ережесі бұзылған кезде осы жұќпалы ауру кеңінен таралуы мүмкін.
Жұќпалы аурулардан саќтандыру шаралары үш бағыт бойынша жоспарланып жүргізілуге тиіс:
- инфекция көзін залалсыздандыру;
- инфекция берілетін жолды бекіту;
- адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін арттыру.
Инфекция көзіне ыќпал етуде жұќпалы ауруларды өз уаќытында аныќтаудың, оларды ертерек оќшауландыру және дәрігерлік емнің маңызы зор. Мұнда халыќтың санитарлыќ сауаттылығын арттыру, жұќпалы аурулардың негізгі белгілерін білудің, дәрігерге өз уаќытында барудың маңызы зор.
«Ту?ан жерім — ?аза?стан!»
... сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар ... з өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәст ... ған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара - осы өңірдің түрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер ...
Инфекцияның берілу жолын бұзу үшін жеке және ќоғамдыќ гигиена ережелерін саќтауды, азыќ-түлікпен дайын өнімді әзірлеуді, саќтау мен тасымалдауды, суды пайдаланудың санитарлыќ-гигиеналыќ және технологиялыќ ережелерін орындауды баќылау ќажет.
Халыќтың инфекция ќоздырштарына төзімділігін арттыру үшін саќтандырғыш вакциналарын жаппай егу және арнайы сарысуларды немесе гамма глобулиндерді егу жолымен де котеруге болады.
Дезинфекция-топыраќта, суда және сыртќы ортаның басќа да объектілерінде ауру таратќыш микробтарды жою.
Дезинфекция әдістері физикалыќ, механикалыќ және химиялыќ болып бөлінеді.
Физикалыќ әдістер: от, ыстыќ ауа, ќайнаған су, ультракүлгін сәуле. Механикалыќ әдістер: ылғалды шүберекпен сүрту, сулап сыпыру, сілку, ғимаратты желдету. Химиялыќ әдістер: хлор әгін, хлораминді, лизолді, формалдегидті, этилен ќышќылын т.б. заттарды пайдалану.
Дезинсекция-жұќпалы аурулардың ќоздырғыштарын тарататын жәндіктермен (бит, бүрге, кене) күресу. Химиялыќ әдіс гексохлоран, хлорофост, ДДТ-ны пайдалануға негізделген.
Дератизация-кеміргіштермен (егеуќұйрыќ, тышќан, май тышќан, сарышұнаќ, суыр) күрес: Ол механикалыќ және химиялыќ әдіспен жүргізіледі.
Адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін көтеруге байланысты саќтандыру шаралары сау адамның организіміне вакцина мен анатоксинді егу жолымен жасалады.
Обсервация-инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оќшауландыру, шектеу, емдеу, саќтандыру және арнайы эпидемияға ќарсы шаралардың жүйесі. Обсервация кезінде мыналар ќарастырылады: күшейтілген медициналыќ баќылау, ќолайсыз аймаќтың халќы мен байланысты шектеу немесе толыќ тоќтату, арнайы емдеу, саќтандыру және санитарлыќ-гигиеналыќ шараларды жүргізу.
Карантин-ошаќты толыќ оќшауландыруға және ондағы жұќпалы ауруды жоюға бағытталған әкімшілік, шаруашылыќ және медициналыќ шаралар. Карантин кезінде ол ќамтылған аймаќќа ќарулы күзет ќойылады.
Карантин кезінде оның аумағына кіріп шығуға тиым салынады, күшейтілген медициналыќ баќылау, арнайы емдеу-сауыќтыру және эпидемияға ќарсы шаралар ќарастырылады.
2.2 Эпизоотия мен эпифитотия
Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизоотиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды бездек, аусыл және лептоскулез.
Соңғы жылдары республикаға сырттан ет өнімдерінің әкелу көлемі ұлғайып, шекаралас елдердегі эпизоотиялық ахуал нашарлығы ол республиканың ветеренарлық ахуалына кері ықпалын тигізуде.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтобе облыстарында шешек етек ала бастады. Өсімдік аурулары арасында тозу және сентериоз инфекциясы қауіпті болып отыр, ол Солтүстік Қазақстанда байқалып, осы аурулардың таралуына түрткі болып отыр.
2.3 Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы
Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.
Аза хал ыны музыка нері
... не шыңдауыл) болды кеңінен қолдану-қазақ халқының. Қатты дыбыс соқпалы аспаптар ақым ... кезінде жаудың. 2. Қазақтың ұлы сазгерлер мен әншілер Құрманғазы Сагырбай ұлы (1818-1889) — данышпан күйші-композиторы, қазақтың аспапты музыка ... (әншілер), көшпелі ортада жүлделі бірі көрнекті орындар. Жырау болған, ә ... қолдан берген ұлы жетістігіміз классиктерінің домбыра өнері. Өз интерпретациях Дина дәл сохраняла та ...
Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.
Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары –тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.
Қорғаныс ғимараттарды адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.
Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.