Балабақшадағы музыкалық тәрбие

Эссе

Шалкиев Серик Темиртаевич,

Музыка жетекшісі, «№1 Балдырған балабақшасы» МКҚК, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау облысы


«Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй»

Абай Құнанбаев.

Музыкалық тәрбие әдістері педагогтың баланы жалпы музыкалық-эстетикалық дамытуға бағытталған қимылдары ретінде анықталады. Ол әдістер ересек адам мен бала арасындағы белсенді іс-қимылға негізделіп құрылады. Бұл күрделі педагогикалық процессінде балалардың өз қажеттерін, ынта-талабы мен тәжірибесін ескере отырып, қызметін ұйымдастырушы үлкендер жетекші рөл атқарады. Бұл әдістер музыкаға эстетикалық көзқарасты, эмоциялық әсер алғыштықты, музыка қабылдағыштықты, оны бағалай білуді, бейнелі орындауды жетілдіруге бағытталған. Осының бәрі мектеп жасына дейінгі баланың жасына қарай өзгеріп отыратын жалпы музыкашылдығының әр түрлі сәттерінде кездеседі. Сонысына қарай тәрбие әдістерінің де өзгеріп отыруы тиіс.

Тәрбие әдістері алуан түрлі болып келеді: сендіру, үйрету, жаттықтыру. Олар нақты оқу міндеттеріне, музыкалық қызметтің әр түрінің сипатына, жағдайына т.б. байланысты.

Өзімнің балабақшамда осы музыка арқылы балалардың өз Отанын сүйетін азаматтар болып өсуіне үлкен мән беремін. Күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметі қызықты болып өту үшін, ұлттық аспаптар мен керекті құжаттарды пайдаланып отырамын. Мысалы: балаларды рөлдерге бөліп, музыкалық шығармаларды сахналауға үйретемін.

Музыкалық сабақтар оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға арналған. Балалар орындау дағыдаларын игере бастайды және өздерінің құпиясыз әуендерін шығара бастайды, ал түрлі билерді орындағанда түрлі би қимылдарын, музыкалық ойын кейіпкерлерінің өздерінше беруге талпынады. Баланың жеке басын жан-жақты дамыту эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесімен өзара тығыз байланысу арқасында қамтамасыз етеді.

Музыкалық оқу қызметінде таным мен ақыл-ой іс-әрекеттері де жетіледі.

Балалардың музыкалық іс-әрекетке деген ынтасын бір қалыпты ұстау үшін құралдардың құрамын жаңартып отыру қажет. Бұл балалардың белсенділігін арттыра отырып, музыкалық іс-әрекетін түрлендіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың өзіндік іс-әрекеттерінің деңгейі өсіп, музыкалық қабілеттері дамиды, музыка туралы білімі кеңейеді.

5 стр., 2233 слов

?аза? ха?ыны? ?нері ж?не музыка м?дениеті (8 сынып)

... о?у. Просмотр содержимого документа «?аза? ха?ыны? ?нері ж?не музыка м?дениеті (8 сынып)» Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті. ( 8 сынып) Сабақты ... берілді.Жоспарымыз бойынша та?ы то?тал?ан та?ырыбымыз музыка ?нері. ?уелі музыка, жалпы ?аза? музыкасы туралы балаларды? не білетіні жайлы с?ра?тар ?ойдым: ... Б) Шығармашылық жазба жұмысын тексеру ( реферат, сөзжұмбақ) 2. Жаңа сабақ: Жоспармен ...

Балабақшадағы музыкалық іс-әрекет балаларға белгілі бір білімді түсіндіреді, қажетті іскерлікті, дағдыны меңгереді, музыкалық әсерлерін жинақтайды.

Бұл музыкалық оқу іс-әрекеттер мерекелердің және көңіл көтерудің дұрыс ұйымдастырылуының, сондай-ақ, тәрбиешілер балалардың өзіндік музыкалық іс-әрекетін басқаруының арқасында жүзеге асырылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ән айтуға үйреткенде алдымен әр баланың дауыс диапазонын анықтап алу керек және балалардың көпшілігі өзінің дауысын еркін меңгеруі үшін оны жүйелі түрде жетілдіре түсуге ұмтылу керек. Балалардың ересектердің тым дауыстап ән айтуына еліктемей, әнді қиналмай айтып, еркін сөйлеуін үнемі қадағалап, ата-аналарға балалар жанында айқайлап ән айтып, қатты дауыспен сөйлеудің зияндылығын түсіндіріп, балалардың суық және дымқыл ауа райы жағдайында көшеде өлең айтуына рұқсат етпеулерін ескерткен жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық тәлім-тәрбиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады.