«Мәңгілік ел- нұрлы жолы қазақтың»

Эссе

Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың

Мәңгілік ел идеясы– бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс.Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды: ашаршылық, соғыс,елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу- барлығын бастан кешірдік.Бірақ осының бірде – біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз.Шүкір, міне осының өзі – ақ мәңгі ел керегесі.550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәләмай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей,қуанышқа асып – таспай бүгінгі күнге аман – есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт.Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы,құрылуы осының айғағы.Мен үшін Мәңгілік ел осы кезеңнен бастау алды.Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін , қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін батырларымыз жоңғарлармен бетпе – бет келіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғап,халық қорғаны бола білді.Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір – біріне жауыз,ашкөз жәндіктей қылып , бірінің етін біріне жегізіп, қазақтың санын кемітіп, қала берсе басқа мемелекеттерге ауып кетіп, тарихи отанын кітаптардан оқитын тарыдай шашылған қазақтардың бытырауына себепкер де болды емес пе? Оның біреуін де көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік!..

Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы созылған соғыста аталарымызды айтпағанда , апаларымыз Әлия Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр апаларымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасты . Соғыстың сұрапыл жылдарында соғыстағы аталарымыз бен апаларымыздың орны бір бөлек болса, тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп , күрсінген жүректің демімен дамыл таппай , ішінен тынып , балам соғыстан аман қайтса екен деп тілеген , еркектің ауыр қара жұмысын бір өзі атқарған қайран әйел – Аналар – ай!

Сонда да бізді қазақ деп ешкім мойындамады.Ресейдің қол астында болып ең басты , ең маңызды байлығымыз болған салт- дәстүрімізді , әдет – ғұрпымызды , тілімізді, дінімізді жоғалттық.Жетпіс жыл орысша сайрадық.Бұл жылдарда елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа мініп,алаңға шығып, білектің күшімен күрессе,әдебиетте ақын- жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді.

2 стр., 625 слов

Сочинение м гілік ел страна моей мечты на русском

... «Мәңгілік ел – 2050», поддерживая миролюбивую политику Президента, в стенах нашей школы проходят встречи, мероприятия на темы: «Толерантность в нас и вокруг нас», «Круг желаний», «Круг радости», «Народы нашей страны, ... гласит: «Нет птицы без крыльев, нет человека без мечты». Мечта моих предков о свободной земле воплощена в настоящее. А настоящее моей Родины – это мирная жизнь казахстанцев под единым ...

Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді.Бұл күн үшін біз үшін,бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас,асқан бір мейрам да болды,қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды.Бұлт артынан күн шығады деп, қазақ барлық қайғыны ұмытты да,осы күнге шүкірлігін айтты….

Иә, бұл күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған,тәуелсіздігімізді алған,тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін,дербес те,тәуелсіз ұлтпыз.алда да солай бола береді.Асан қайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған » заманы қазақтың басына енді туды.Ол – Тәуелсіздік.Біз армандарды ақиқатқа аиналдырдық.Ол арман – Мәңгілік ел.Тәулсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі , тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық.Ендеше , қазақ елінің Ұлттық Идеясы — Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қзақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім.Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады.Бұл орайда елең еткізген жаңалық тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін — тұжырымы. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес,Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.»Мәңгілік ел»ұғымын тереңнен түсіндіру,тарихи негіздерін көрсету маңызды болып табылады.Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшңн азаматтарымыз білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет.Себебі,кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы,адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек.Бұл әрине оңай шаруа емес.Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың сөзімен айтатын болсақ, «Қазақтың ендігі ұлттық идеологиясы осы «Мәңгілік ел» деп ойлаймын.2050 жылы «Мәңгілік ел» бола саламыз деп ешкім кесім жасай алмайды.Елбасы оны айтып оырған жоқ.Қазақтың түпкі арманын меңзеп отыр.Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт,мақсат- мұрат керек.Бұл кешегі жолдауда айтылған,қазақтың көкейіндегісін дөп тапқан сөз болды деп санаймын.»

Тәуелсіздік – қасиетті сөз, қастерлі де киелі ұғым.Тәуелсіздіктік туын желбіретіп,жықпай ұстау,біздің қолымызда.Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оның көзіміздің қарашығындай қорғау, баршамыздың борышымыз.Ұлттық санамыз саяси сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата – бабамыздың қандай болғандығын,ұлан байтақ өлкені қалай қорғағанын , бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, кешегі тектілердің ұрпағы екінімізді ұғынып,келешекке жеткізу парызымыз.

3 стр., 1049 слов

«Ту?ан жерім — ?аза?стан!»

... гүлдендіру керек. «Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз Жер бетінің ажары ол – сәніміз. Туған өлке табиғатын аялап, Ұсынайық жүрек ... отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. ... бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да ә ...

Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру біздің еншімізде екеніне мақтанамын.

Мен мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымын.

ХХI ғасыр басындағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа , кемел келешекке апаратын біз – жастар. Ендеше қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен,тәуелсіз Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп,асыл мұраты алға жетелесін демекпін.