Жанрының тарихи эволюциясы

Эссе

Эссе француз тілінен «essai», ағылшын тілінен «essay», «assay»- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен «exagium» – ойлау. естеліктер жиынтығын құрайтын журналистикада кең тараған жанрдың бірі. Көбінде эссені жасы үлкен, мемлекеттік маңызы бар адамдармен бірге жүрген, дәмдес-тұздас болған адамдар, жазушылар, қоғам қайратерлері жазады. Шағын әңгіме деуге де болады. Мұнда уақыт пен деректерге сондай-ақ дәлелдерге сүйенеді. Эссені әрлеу үшін көркем әдеби тәсілдер қолданылады.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Эссе жанры – ел келешегін болжап көсемсөзбен көмкерілген кестелі керемет тұжырымды көрермендердің көкейіне қондыратын ой – толғам.

Эссе түрлері:

1. Салыстырмалы эссе

2. Пайымдық эссе

3. Көркем-әдеби эссе

Эссе құрылымы:

Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи – биографиялық, публицистикалық, әдеби – сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.

11 стр., 5242 слов

Лямзина т ю жанр эссе к проблеме формирования теории

... пути их решения. Отметим, что причины недостаточного внимания к теории и функционированию жанра эссе в отечественных и зарубежных исследованиях разнятся. Очевидного жанр эссе в русской литературе является относительно непродуктивным по ... ученым стремление ни на миг не покидать почвы реальных фактов и решать проблемы познавательного и практического характера. Вместе с тем он осмысливает факты таким ...

Сұрақ:Зейнолла Қабдоловтың: «Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады» деген тұжырымы бар. Осы тұжырымға сәйкес очеркті баспасөзден түгелдей кетті деуге бола ма? Сондай-ақ көпшілік ескідегі очеркке бүгінгі эссе деп қарайды. Эссені – очерктің өзгерген түрі деуге бола ма?

Жауап:Бұл тұжырымды академик Зейнолла Қабдоловтан талай ғасыр бұрын Аристотель, әл-Фараби, Белинский, Ахмет Байтұрсынов, Бахтин сынды зерттеушілер шегелеп кеткен. Жас журналистер классиктердің еңбектерін бір кісідей білгені жөн. Очерк пен эссе – екі түрлі жанр. Журналистика факультетінде олардың ара-жігін ажыратып оқытады. Очерк нақты фактіге, кейіпкер әрекетіне, нақты құбылысқа сүйенеді. Эссе – еркін ой ағымы. Эссені философиямен егіз десе де болады. Батыс мектебі эссе Ми¬шель Эйкем Монтеньннің «Les Essais» – «Өнегелер» еңбегінен бастау алады деп жүр. Профессор Ш.Елеукенов¬тің әліптеуінше, Абайдың ғақлиялары – қазақы эссенің ажарлы бір түрі. Белгілі жазушы Оразбек Сәрсенбай ағамыздың «Жас Алашта» жарияланып жүрген рисалалары да – сол эссенің нақ өзі.