«Абай «Құнанбаев» туралы

Эссе

Абай тағылымы тәрбие үрдісінде

Абай туындылары бүгінде біздер , ұстаздар үшін , ұлттық тәлім тәрбиенің негізгі оқулығы рөлін атқаруда . Осы мақсатта мектебімізде абайтану пәні енгізіліп оқытылуда .

Абай білімі терең болғандықтан, оның шығармаларында дүние, өмір, тіршіліктің мағынасы, қоғам мен заман, болашақ туралы толғаған ойлары да аса терең.

Ендеше осы тереңдікті оқушыларға ұғындыру ұстаздан талай дүниені талап етеді.

Абай — мәңгілік тақырып. Әр ұрпақ Абайды өзінше танып, өзінше оқып, өзінше танытады. Дәл қазіргі уақытта рухы мықты ұрпақ тәрбиесі үшін Абай құдіреті қажет болып отыр. Әр адам баласы Абай әлеміне үңіліп, Абайға бет бұрғаны дұрыс. Әрбір азамат Абай қарасөздерін өзінің дұрыс жолға салар бағдаршамындай көруі керек. Себебі дана Абайдың айтқан әрбір сөзі саналы адамның көкірегіне ой салып, адамшылық жолға тәрбиелейтін өсиеттен тұрады.

Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.

Абай мұрасы — Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан — жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары. Ақынның толық адам туралы айтқандары – жас өскінді Адамды сүю, құрметтеу, елжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол. Сондай – ақ, әлемдік деңгейдегі білім талаптарына қол созып қана қоймай, соның ұшар басынан көріне білу — бүгінгі таңдағы ұлттық болмысымыздың, адами мақсат — міндеттеріміздің бұлтартпас бағыт, бағдары.

«Рухы күшті, дені сау, білімді ұрпақ — ел келешегі, келбеті», — деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзінің мәні ерекше. Тәрбие тал бесіктен бастау алып, шеберлікпен, бірізділікпен алтын — ұя мектепте ұштасып жатса, нәтижелі болары даусыз. Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне өте қажетті мәселені көтеріп отырған Абай тағылымы арқылы оқушылардың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрлі дәнін егуді басты мақсат етіп алған ұстаздардың тәрбие құралы деуге болады. Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы — тәрбиенің де қайнар бұлағы. Мына өтпелі дәуірдің кейбір келеңсіз жағдайларының жас ұрпақтың аман алып қалудың да бірден — бір емі — Абайға жүгіну, Абайға үңілу дер едім.

5 стр., 2313 слов

Педагогика. D адам трбиесі туралы ылым

... тәрбие теориясы, дидактика, мектептану. C) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика. D) Мектепке дейінгі педагогика, ... туралы ҚР-ның» Заңы қабылданды: A) 1991 жылы B) 2005жылы C) 1994 жылы D) 1998 жылы E) 1997 жылы № 10 Ғылым ... Тұлға: A) Жеке адам. B) Саналы және ойлай білетін адам. C) Бір адамды ... Тұжырымдамасы жасалды: A) Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдар ұжымымен B) Абай ...

Елбасымыз Н. Назарбаев халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз»,- деді. Бұл аталы сөздің терең мәніне үңілсек, ұлылар үлгісі арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, Егемен еліміздің ілгері дамыту мәселесі де алдыға шығатыны сөзсіз. Ұлы дананың қай еңбегін оқымайық, ол ақыл — нақылға, тағылымға толы. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан — жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселесі тұрғанда оны жүзеге асырудың бір жолы ретінде Абай мұрасына бет бұрыс жасау өте құптарлық іс болғандығына қуаныштымын.