Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

Реферат

Қазақ педагогикасының тарихындағы басымдылық танытқан идеялар мен мұраттарды, құндылықтар мен принциптерді анықтауда, қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүріндегі педагогикалық қырларды айшықтауда, сонымен қатар тақырыпты жан-жақты зерттеуде бағыт-бағдар болған еңбектердің қатарына А.Көбесовтің, Ә.Көшербаеваның, К.Ж.Ибраеваның, Қ.А.Сарбасованың, І.Р.Халитованың, т.б. іргелі педагогикалық зерттеулерді жатқызуға болады.

Жалпы педагогика тарихы мен қазақ педагогикасының тарихын тұтастай алғанда өзара байланыстығы жақын құбылыстар ретінде қарастыруға болады және оның ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихына объективті баға беруге көмектескен, оған тарихи процесс ретінде сипаттама берген және өзіндік өзгеше пікірлер білдірген еңбектердің қатарына Б.Әбдікәрімұлының, Ж.Әбиевтің, К.Б.Бержановтың, А.Н.Ильясованың, И.Б.Мадиннің, К.Қ.Құнантаеваның, А.И.Сембаевтің, Қ.Б.Сейталиевтің, Т.Тәжібаевтың, Г.А.Умановтың, Г.М.Храпченковтің, В.Г.Храпченковтің және т.б. шығармаларын жатқызуға болады.

Халық педагогикасының теориялық- әдіснамалық негіздерін жасауға М.Х.Балтабаевтың, Қ.Бөлеевтің, С.Ғаббасовтың, Қ.Жарықбаевтың, Е.Ө.Жұматаеваның, Ш.И.Джанзакованың, Р.Қ.Дүйсембінованың, С.Қ.Қалиевтің, К.Ж.Қожахметованың, Ш.М.Мұхтарованың, Ж.Ж.Наурызбайдың, Ә.Табылдиевтің, С.А.Ұзақбаеваның, Қ.Қ.Шалғынбаеваның, К.Ж.Ибраеваның т.б. еңбектері арналған.

Зерттеу барысында білім беру мен тәрбиенің әртүрлі бағыттарын қарастырған Ш.Абдраманның, Қ.Ж.Аганинаның, Қ.М.Арынғазиннің, А.А.Бейсенбаеваның, С.Т.Иманбаеваның, С.Т.Каргиннің, Қ.М.Кертаеваның, А.Е.Манкештің, Н.Ә.Мыңжановтың, А.Қ.Нұрғалиеваның, Р.К.Төлеубекованың, Ә.Ә.Умановтың, т.б. ғалымдардың да зерттеулері қызығушылық тудырды.

Жоғарыдағы зерттеу жұмыстары мен ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар көрсеткендей, Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіне соңғы жылдары ғалымдар тарапынан қызығушылық танытылғанымен, педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы орны туралы жекелеген пікірлер айтылып, ізденістер жасалынғанымен, оның халықтық педагогика тұрғысынан жеткілікті деңгейде қарастырылмағандығы зерттеу нысанының өзектілігін айқындай түседі. Демек, Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі тәлім-тәрбиелік ойларды халық педагогикасы тұрғысынан талдау қажеттілігі мен оның ұлттық педагогика тарихында жүйелі түрде тұтастай қарастырылмауы, аталмыш мәселенің ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы мен оның теориялық тұрғыдан жеткілікті зерттелмеуі арасындағы қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтарды ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу тақырыпты «Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянындағы» тәлім-тәрбиелік мәселелердің халық педагогикасымен сабақтастығы» деп алуға негіз болды.

4 стр., 1760 слов

Аза халы педагогикасында ы этика идеялары

... орта мектебі», «Американ мұғалімдерін дайындау» атты еңбектері АҚШ педагогикасының өркендеуіне зор үлесін қосты. Прагматизм философиялық ағым ретінде ... алыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, əлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дьюи ескі, схоластикалық ... ң шынайы деректермен іс-əрекеттерге орынды мəн бермей, пайдасыз идеялар мен абстракцияға бой ұрғандығынан көреді. ...

Зерттеудiң мақсаты: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянындағы» тәлім-тәрбиелік мәселелерді жүйелеу және олардың халықтық педагогикамен сабақтастығын ғылыми-теориялық тұрғыдан негiздеу.

Зерттеу нысаны: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты ғылыми еңбегіндегі педагогикалық идеялар.

Зерттеудiң пәнi: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянындағы» педагогикалық идеялардың халық педагогикасымен мазмұндық сабақтастығы.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегіне тарихи-педагогикалық талдау жасалынып, ондағы тәлім-тәрбиелік мәселелердің халық педагогикасымен үйлесімділігі анықталса, онда тәрбие мазмұнын жетілдіруге бағытталған жаңа идеяларды ұсынуға мүмкіндік туады, өйткені Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінің педагогикалық мазмұны отандық педагогика ғылымын дамытуға ықпал етеді.

Зерттеудің алдына қойған мақсатына, мазмұндық сипатына, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды:

1. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының педагогикалық көзқарастарын қалыптастыруға әсер еткен әз-Жәнібек пен Жиренше шешен дәуіріндегі, ХV ғасырдағы тарихи-әлеуметтік және мәдени алғышарттарға талдау және сипаттама беру;

2. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі жетекші педагогикалық идеялардың орта ғасыр ғұлама ойшылдарының тәрбиелік ойларымен үндестігін анықтап, педагогика мәселесіне байланысты ой-пікірлерін жүйелеп талдау;

3. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі халықтық педагогиканың алатын орны мен рөлін негіздеу және ғұламаның халық тәлімі туралы ой-пікірлерінің педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындау;

4. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі тәлімдік ой-пікірлерді халықтық педагогика тұрғысынан мектеп және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдарын анықтап, әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты ғылыми еңбегіндегі педагогикалық ұстанымдар мен тәлім-тәрбиелік ойларды ұрпақ тәрбиесінде ұтымды пайдалану ұлттық сана-сезімі жоғары, өз халқының тарихын терең білетін және құрметтейтін ұлттық тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің әдіснамалық- теориялық негіздері: материалистік философиядағы құбылыстардың жалпы және өзара байланысы, философиядағы, психологиядағы, педагогикадағы тұлға, тарихи сананы қалыптастыру, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар туралы ілімдер, мәдени мұраларды зерттеудегі жүйелілік, аксиологиялық, өркениеттілік және мәдениеттанушылық тұғырлар.

Зерттеудің негізгі көздері: диссертация жазу барысында Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты ғылыми-шипагерлік еңбегі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 ж.), Қазақстан, Қытай және ТМД ғалымдарының еңбектері, Орталық ұлттық кітапхана (ОҰК), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының (ҰҒА) сирек кездесетін кітаптары мен қолжазба қорлары, мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар пайдаланылды.

4 стр., 1762 слов

(1)Когда при Берге про­из­но­си­ли слово «ро­ди­на», он усме­хал­ся. ...

... по первой проблеме — проблеме силы воздействия художественного творчества на человека. Находим в тексте примеры, иллюстрирующие её. СПАДИЛО.РУ Аргументы в сочинении части С ЕГЭ по русскому языку по теме «Проблема ... По тексту К. Г. Паустовского «Когда при Берге произносили слово Родина» Проблема патриотизма по тексту К. Г. Паустовского Проблема экологии по тексту К.Г.Паустовского По ... долгое время, для ...

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, тарихи-педагогикалық, тарихи әдістемелік әдебиеттерді, мұрағат құжаттарын, медициналық әдебиеттерді талдап, зерттеу және жүйелеу, ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, әңгіме, тарихи-салыстыру, жинақтау, қорыту, ой түйіндеу, т.б. әдістер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының педагогикалық идеяларының қалыптасуына әсер еткен әз-Жәнібек пен Жиренше шешен дәуіріндегі, ХV ғасырда қазақ хандығы тұсындағы тарихи-әлеуметтік және мәдени алғышарттар анықталды.

2. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі жетекші педагогикалық идеялардың орта ғасыр ғұлама ойшылдарының тәрбиелік ойларымен мазмұндық байланысы ашып көрсетіліп, бір жүйеге келтірілді.

3. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі халықтық педагогиканың алатын орны мен рөлі негізделіп, ғұламаның халық тәлімі туралы тұжырымдамалық ой-пікірлерінің педагогикалық және психологиялық мазмұны айқындалды.

4. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі тәлімдік ой-пікірлерді халықтық педагогика тұрғысынан мектеп және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың тиімді жолдары анықталып, әдiстемелiк ұсыныстар берiлді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: жоғары және арнайы орта оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептердің оқытушыларына пайдалануға арналған оқу құралдары дайындалды:

  • «Шипагерлік баян» тағылымдары // Оқу-әдістемелік құрал. – Астана, 2008. — 70 б.;
  • Қазақ тілінен тіл дамыту жаттығу, бақылау жұмыстарының жинағы // Оқу-әдістемелік құрал.

— Астана, 2009. — 106 б. (авторлық бірлестікте).

Зерттеу нәтижелерін орта мектептегі «Валеология», «Салауаттану», «Тарих», «Қазақ әдебиеті», « Жантану» атты пәндерді оқытуда және жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі, медицина тарихы, Қазақстан тарихы, философия, салауаттану пәндеріне қосымша материалдар ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижесінің дәлелдігі мен негізділігі: ғұлама ғалым идеяларындағы берілген педагогикалық ой-пікірлерді жүйелеумен, оны зерттеу барысында мақсат пен міндеттерді теориялық тұрғыда дәлелдеумен сипатталды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептерде және жоғары оқу орындарында талқыланып, мазмұны оқу-әдістемелік еңбекте, ғылыми мақалаларда берілді. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми практикалық конференцияларда баяндалды және талқыланды: «V Мәшһүр Жүсіп оқулары» (Павлодар, 2006); «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы тіл саясаты: тәжірибелер, мәселелер мен перспективалар» (Астана, 2006); «Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер» (Астана, 2007); «Шоқан тағылымы-13» (Көкшетау, 2008); «Қазақстандағы үздіксіз кәсіби білім берудің мәселелері мен перспективалары (Астана, 2009); «Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы», «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы», «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы», «Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі хабаршысы», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналдарында жарияланды.

2 стр., 908 слов

М .Жұмабаев «Батыр Баян » поэмасы,(8-класс)

... Батыр Баян» туралы білетіндігі анықталды. «Тәуелсіз зерттеу» тобы Зерттеу нысаны «Батыр Баян» поэмасы Кейіпкерлер әлемі, Көркемдік ерекшелігі «Қорқыт» «Жүсіпхан» «Ертегі» «Батыр Баян» «Тоқсанның тобы» «Батыр Баян» ... бостандығы жолында жан аямай күрескен, таприхта болған Батыр Баян туралы. Батырлық, достық, махаббатғ мейірім дүниесі. Ашу, ... ңес, Текес. Тікелей эфир Дәйекті эссе Үйге тапсырма Бағалау.

Жалпы диссертация бойынша 17 мақала, 2 оқу-әдістемелік құрал басылып шығарылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегіндегі педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуына әсер еткен тарихи-әлеуметтік және мәдени алғышарттардың сипаттамасы.

2. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі жетекші педагогикалық идеялардың орта ғасыр ғұлама ойшылдарының тәрбиелік ойларымен мазмұндық байланысы.

3. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі халықтық педагогиканың алатын орны мен негізгі бағыттары, халық тәлімі туралы тұжырымдамалық ой-пікірлерінің педагогикалық және психологиялық жүйесі.

4. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі тәлім-тәрбиелік мәселелерді халықтық педагогика тұрғысынан мектеп және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдары.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2006-2007 ж.ж.) тақырып айқындалып, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі теориялық тұрғыдан зерделенді. Тақырыпқа байланысты әдебиеттер тізімі жасалып, талдау жұмыстары өткізілді. «Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегі туралы жазылған зерттеу материалдарымен танысу жұмыстары жүзеге асырылып, зерделенді.

Екінші кезеңде (2007-2008 ж.ж.) жинақталған материалдарға талдау жүргізіліп, тәлім-тәрбиелік мәселелер сұрыпталды, тақырыптың ғылыми мазмұны жасалынды. Аталмыш тақырып бойынша мақалалар дайындалып, республикалық және халықаралық конференцияларда баяндамалар жасалынды.