Композиция қазақша

Реферат

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі саласындағы күрделі мәселелердің бірі–бейнелеу өнерінің негізін құрайтын заңдылықтарын оқыту және осы заңдылықтар негізінде оқушылардың бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бейнелеу өнері заңдылықтарын оқыту көркемдік білім берудің мазмұнын құрайды. Бұл мазмұнға перспектива, жарық пен көлеңке, түстану және композиция заңдылықтарын оқыту кіреді. Бірақ осы заңдылықтардың мазмұны әлі күнге дейін анықталмай, олар белгілі бір жүйеге келтірілмей, әр қайсысының қысқаша мазмұндары әр түрлі әдебиеттердегі, әр түрлі мәселелерге қатысты жерлерінде ғана қолданылумен шектелуде. Бейнелеу өнерінің заңдылықтары туралы білімі сурет салушы адамға бейнелеу іс-әрекетінің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Бейнелеуөнері заңдылықтарын білген адам мен бейнелеу өнері заңдылықтарын білген адам бейнелеу өінері заңдылықтарын (перспектива, жарықтану, түстану, композиция) білмейтін адамның салған суреттерінің бірдей сапада болмайтындығын тәжірибе жұмыстары көрсетуде.

Сонымен қазіргі кезде бейнелеу өнерінің заңдылықтарын оқыту қажеттігі мен оны оқытудың мазмұнының формаларының әдістерінің болмауы арасында қарама-қайшылық орын алуда. Бұл мәселені шешу көркемдік білім беру саласында жаңа ізденістерді қажет етеді. Аталған мәселелерді шешу мынандай атқұаруды талап етеді: өнер заңдылықтарының анықтамаларын айқындау; олардың терминдеріне түсініктер дайындау; өнер заңдылықтарының анықтамаларын айқындау; олардың терминдеріне түсініктер дайындау; өнер заңдылықтарын құрайтын оқу материалдарының мәсінін анықтау және оқу құралын дайындау, оқыту әдістемесін жасау және т.б. бағыттарды қамтиды.

Көркемдік білім берудің бір бағыты композиция заңдылықтарын бейнелену өнері сабақтарында оқыту болып табылады. Композициялық сурет салу – шығармашылық іс-әрекетке жатады. Шығармашылық жұмыс, білім мен ой әрекетін қажет етеді.

Өз заманында атақты суретші-педагог П.П.Чистяков: Сурет салу – ғылым талап еткендей ақыл-ой қызметін талап етеді» -деп айтқан екен. Мектептегі бейнелеу өнері пәні, мектептегі басқа пәндер сияқты теориялық білімдерді оқушыларға меңгерту мен бейнелеудің қарапайым иекмділіктерін, дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Оқушыны өнер негіздерімен таныстыруды көздейді. Бейнелеу өнерінің де басқа пәндер сияқты теориялық негізін құрайтын заңдылықтары, бейнелеу ережелері, категориялары, ұғымдары мен түсініктері бар. Бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін құрайтын заңдылықтарының бірі – композиция заңдылығы.

5 стр., 2233 слов

?аза? ха?ыны? ?нері ж?не музыка м?дениеті (8 сынып)

... бет о?у. Просмотр содержимого документа «?аза? ха?ыны? ?нері ж?не музыка м?дениеті (8 сынып)» Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті. ( 8 сынып) Сабақтың ... ке?інен ма?л?маттар берілді.Жоспарымыз бойынша та?ы то?тал?ан та?ырыбымыз музыка ?нері. ?уелі музыка, жалпы ?аза? музыкасы туралы балаларды? не білетіні жайлы ... Б) Шығармашылық жазба жұмысын тексеру ( реферат, сөзжұмбақ) 2. Жаңа сабақ: Жоспармен ...

Композиция ұғымы өнердің барлық түрлеріне қатысты қолданылатын бейнелеу мүмкіндігі ретінде танылады. Бұл бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, дизайн түрлерінің барлығымен байланысы бар ұғым.

Композиция ұғымы бейнелеу өнерінің тарихы, сурет, кескіндеме, сәндік қолөнер, дизайн бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан да композиция бейцнелеу өнерін оқыту шеңберіндегі пәндер мен байланыста болғандықтан, бұл пәндерді оқытьу барысында композиция оқу материалы ретінде қолданысқа түседі. Бірақ композиция ұғымын оқытуға қазірге дейін жеткілікті дәрежеде мән берілмей,ол оқу проблемасы ретінде қарастырылмай келеді.

Композиция және жоғары оқу орындарында арнаулы оқу пәні ретінде танылғанымен оны оқытудың жеке мәселелері әлі де жеткілікті деңгейде зерттеліп болған жоқ.

Композиция дегеніміз – латынның «Compositio», «ойлап табу», «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым. Композицияны бейнелеу өнеріне, кескіндеме, графикаға қатысты айтатын болсақ картинадағы айтайын деген ойды жеткізу үшін, жаңа ойды білдіретін көріністі айшықтап алып көрсете білу, көріністегі айтатын ойды аша түсу үшін, қосымша бейнелер беріледі, уақыт пен кеңістік көріністері жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы беріледі.

Осылардың барлығы тұтастай әсер еткенде барып суретші ойы жарыққа шығады. Егер шығармадағы көріністер мен осы аталған мүмкіндіктердің бірі кем болса картина ойы ашылабермейді. Композицияны оқу материалдары ретінде қолдану үшін өнертанымдық әдібиеттерді талдау негізінде композицияны бейнелеу мүмкіндіктеріне қарай мынандай топтарға жіктеуге болатындығы анықталды: кескіндеме композициясы, графика композициясы, мүсін композициясы, қолөнер бұйымдарының композициясы деп қарастыруға болады. Композицияны жанрларға байланысты мынандай түрде жіктеуге бөлуге болады: олар, натюрморт композициясы, пейзаж композициясы, портрет композициясы, тұрмыстық жанр композициясы, баталдық жанр композициясы, тарихи жанр композициясы т.б. түрлеріне бөлініп қарастырылады.

Композиция ұғымын оқу материалы ретінде қолдану үшін композиция заңдылықтарын мынандай төрт топқа бөлінеді: 1. тұтастық заңы; 2. Үлгі (типизация) заңдылықтары; 3. Қарама-қарсылық (контраст) заңдылғы; 4. Композицияның барлық заңдылықтары мен мүмкіндіктерінің идеялық ойға бағыну заңдылығы.

Композицияның бүтіндік заңының сақталуының нәтижесәінде өнер шығармаларындағы көріністер тұтастай қабылданады. Бүтіндік заңының мәні композицияның тұтастығын көрсетеді. Композициядағы идеялық ой бірнеше өмір көріністерінен құралады. Осы бірнеше көріністер бейнелік, логикалық байланыстар арқылы берілген жағдайда идеялық ой тұтастай қабылданады. Бұл көріністер бір-бірімен байланыспаса идеялық ой тұтастықпен көрушіге жете бермейді.

Үлгі заңдылығы бейнелеу өнері шығармаларындағы жағдай мен мінез үлгілерінің композициядағы іс-әрекет, қозғалыс көріністері, қозғалыссыз тұрақтылық көріністерінің көрсетілуін сипаттайды.

Қарама-қарсылық заңдылығы түс қарама-қайшылығын, объект пішінің айырмашылын, бейнеленетін адамдардың психологиялық жағдайының бейнелеуін қарастырады.

Композицияның барлық заңдылықтары мен бейнелеу мүмкіндіктерінің негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы – суретші туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын,ондағы көркемдік шеберлікті байланыстырады.

5 стр., 2202 слов

Методическое пособие по станковой композиции

... важно для определения композиции, как будет видно ниже. То, что композиция отмечается как важнейший компонент художественной формы, в принципе, правильно, ... возникает из ничего. Этому предшествует большая, иногда длительная работа художника, который прилагает немало сил, ума, воли, собирая ... или членения, симметрии и ритма проявляются в различных видах искусства по-разному. Но наличие одних и тех ...

Композицияның маңызын ашатын мүмкігндіктер төртке бөлінеді: олар, ырғақ, композицияның сюжетті ортасы, симметрия және ассиметрия, басты тұлғаның екінші орынға орналасуы.

Ырғақ–композициядағы бейненің кезектесіп орналасуы, олардың белгілі ретпен қайталануы, сонымен қатар ондағы бейнеленген адамдар мен жануарлар көрінісіндегі қимыл қозғалысындағы қайталанулардың және олардың динамикалық ерекшеліктері.

Сюжеттік орталық заңдылығы – өзіне ерекше назар аударатын, композициялық идялық мазмұнды ашатын картинаның басты бөлігі. Сюжеттік аралықта идеялық ойды білдіретін кейіпкер көрінісі немесе зат, табиғат көрінісі берілуі мүмкін. Композициялық ойды ашатыннегізгі көріністермен қатар картинада қосалқы элементтер де болады. Олар идялық ойды толықтыру қызметін атқарады.

Симметрия заңдылығы. Симметрия атауы композицияның оң және сол жақ бөлігінің салмағының, пішінінің, түсі мен реңінің тепе-теңдігін, ондағы элементтердің өзара үйлесімділігін сұңғақтығын қамтамасыз етеді. Симетрия ою-өрнекті бейнелеуде жиі қолданылады. Картиналарда симметриялық бөліну айқын байқалмаса да көріністердің өлшемдері, саны, бояу түстерінің теңдей бөлінуіне жағдай жасайды. Өлшем үлкендігін түс өлшемдерінің қанықтығы т.б. мүмкіндіктері арқылы тепе-теңдікке жақындатылады. Композициядағы бейнелеудің ассиметриялық орналасуы кескіндемені салмағы, пішіні, өңі жағынан тең екі бөлікке бөліп қойғандай әсер қалдырмайды, ондағы бейнелер тынымсыз, бір-бірімен араласып, тепе-теңдік жағынан ауытқып жатады, бірақ шығармадағы жалпы тепе-теңдік композициялық ырғақтылықтың үйлесімді берілуі нәтижесінде сақталады.

Басты тұлғаны екінші орынға орналастыру заңдылғы. Композицияны түйсінудегі психологиялық көңіл күйдің туындауына себеп болатын айқын орталық бола алғанда ғана ондағы басты тұлғаны екінші орынға ауыстыруға болады. Картинадағы бейнеленген кеңістік шартты түрде үш-төрт көріністерге бөлінеді. Алдыңғы көрініс – көрушіге жақын тұрған заттардың немесе адамдардың бейнелері. Ортаңғы көрініс – бұл жақын тұрған көріністерден әрі, картинаның негізгі ойын білдіретін көрінстер. Бұл көріністерді кейде композициялық орталық деп те атайды. Бұл көріністің арғы жағындағы көріністер – ұзақтағы көріністерге жатады. Картинадағы басты тұлға ортаңғы көріністе орналасады. Картинадағы қосалқы ойды білдіретін композициялық элементтер көбінесе соңғы көріністерге беріледі.

Композицияны оқыту екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде оқушыларға композицияның «бүтіндік заңы», «үлгі заңдылығы», «қарама-ақрсылық заңдылығы», «композициялық идеясы», «композиция мүмкіндіктері», «ырғақ (ритм)», «композициялық сюжет», «симметрия және ассиметрия», «басты тұлға», «композициядағы алдыңғы көрініс», «композициядағы ұзақтағы көріністер», «композиция элементтері», «композиция құрылымы», «түстердің композициясы», т.б. түсініктер беріледі. Олар көрнекті түрде картиналарды талдау барысында түсіндіріледі.

Композиция туралы түсініктер беру бейнелеу өнері пәнінің тақырыптық сурет салу сабағында алдымен жеке сабақ ретінде өткізіліп, соңынан бұл түсініктер беру, нұсқаға қарап сурет алу, бейнелеу өнеру туралы әңгіме сабақтарда жалғастырылып, отырады. Себебі композиция заңдылықтарымен оны бейнелеу ержелері, олар туралы білімдер жүйесі оқушының нұсқадан қарап сурет салу, сәндік сурет салу, өнер туындысы туралы талдау жасау үдерісінде қажет болып отыратын іс-әрекеттер.

4 стр., 1543 слов

Основы композиции

... или по направлению к ней. Такими композициями в архитектуре являются, как правило. Фасады зданий, обращенных к пространствам улиц и площадей, рассчитанные на восприятие со стороны этих открытых 7.2 ... тот же материал, художники непременно создадут разные композиции, ибо каждый из них “видит” по-своему. И наоборот, в композиции на заданную тему разные мастера используют разные наборы элементов - все ...

Композицияны оқытудың екінші кезеңі – оқушыларды колмпозиция құрастыруға үйрету. Композиция құрастыруға үйретудің басы оқушыларға қарапайым геометриялық әр түрлі формаларды кеңістікте орналасукөріністерін шартты түрде бейнелеуден басталып, бағытталған жаттығулар жасаумен қарапайым тақырыпқа композиция жасау іс-әрекеттерін үйретуге аяқталады.

Оқушыларды композиция құрастыруға үйрету жаттығулары мынандай бағдарламамен жүзеге асырылады:

1. Төрт бұрыштарды, үш бұрыштарды, түзудің, шеңбердің бойына бірдей қашықтықта, бірдей өлшемдермен орналастыру жаттығулары;

2. Композициялық орталыққа үлкен шеңбер немесе төрт бұрыш бейнелеп, оның жиегіне, (айналасына) үш бұрыштар немесе төрт бұрыштарды бейнелеу жаттығуларын жасату;

3. Симметрия тақырыбына геометриялық денелерді картина жазықтығының бетіне (қағаз бетіне) оң жағы мен сол жағын тепе-тең етіп орналастыру жаттығуларын жасауға үйрету;

4. Геометриялықденелерді жазықтық бетіне қатал симметрия заңымен емес, ассиметрия зыңдылығын сақтап орналастыру жаттығуларын жасау:

5. Геометриялық формаларды жазықтық бетіне кеңістіктегі көрушіне жақынын (көлемін үлкен етіп) көрушіден алысын (кіші етіп) бейнелеу жаттығуларын орындау;

6. Түстердің ырғағы (ритмі) бойынша алынған композициялар жасау, натюрморт, пейзаж тақырыптарына композиция жасау жаттығулары.

Ұсынылып отырған бағдарлама бойынша алғашқы кезде өмір шындығынан алынған көріністер бойынша бірден сапалы композиция жасау қиындық туғызады. Сондықтан композицияның заңдылықтарын үйретуге арналған жаттығулар геометриялық формаларды құрастыру арқылы жасалғандығының ұтымды болатындықтарын тәжірибелік эксперимент жұмыстары көрсетті.

Қорытындылай айтқанда, композицияны оқытуды бірнеше жаттығулар жасау мен суретшілер шығармалар таныстыру нәтжесінде игерілетін оқу үрдісі емес, ол жүйелі, кешенді, бірізділікпен, ғылыми тұрғыдан негізделген оқыту технологиясы нәтижесінде игерілетін композиция заңдылықтары туралы білімдер мен композициялық бейнелеу икемділіктерінен дағдыларынан құралатын мұғалімнің дайындығын қажет ететін іс-әрекеттер жүйесі ретінде тану қажет.

Тағы рефераттар