Табиғат тал бесігім , табиғат туралы

Эссе

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,

№31орта мектептің 7 сынып оқушысы

Сығайбаев Бекболат

Табиғат – тал бесігім

Эссе

Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие – бұлақ», «әулие – ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.

Иә, туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке. Табиғат – адам баласынын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын

ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат – әлем денсаулығының сақшысы, жаңға дауа шипагер.

Кең дала көремісің сонау жатқан

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар, көл, өзен,

Әке, сол анам еді мені туған.

Табиғаттың басты байлығы – жер. «Күте білсең, жер – жомарт» деген халық мақалы тектен – текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.

Топырақтан өмір исі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесінен беретін.

Жақсылықта топырақтан шығады.

Тіршілік атаулының өмірлік өзегі, арманы – таза ауа.

Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Су – адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

2 стр., 573 слов

Алтын адам тақырыбында

... қайнар бұлағы Алтын адам дер едім. Қорыта айтқанда, еліміздің нақышының қатары Алтын адаммен толықты. Өйткені, Алтын адам – ел ертеңінің, ... десеңіздер, ол, әрине, Алтын адам дер едім. Алтын адам өз дәуірінің баға жетпес байлығы, асыл қазынасы. Алтын адам – қазақ тарихының ... ыш Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы Алтын адам феноменін ерекше атап көрсетіп, оның тарихи маңызын тере ...

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

Табиғат – ол өсімдік. Өсімдік – бүл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл – жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда – дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті – жасыл – желек орман. Табиғат – ол жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, ән мен сәннің иесі – бұлбұл, орман – тоғай емшілері – тоқылдақ болса, дала ажары – ақ бөкен.

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім.

Көздері мөлдіреген ақбөкенді,

Адамның баласынан кем көрмедім. (Сәкен Сейфуллин)