«Астана-арман қала» ( )

Эссе

Астана-арман қала.

Мақсаты:

Көрнекіліктер:

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдатыру бөлімі:

Мұғалім: Екі көзін не үшін керек?

Оқушылар: Жақсыларды көру үшін керек.

Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар: Ақыл-кеңес тыңдау үшін керек

Мұғалім: Екі қолың не үшін керек?

Оқушылар: Елге көмек беру үшін керек.

Мұғалім: Екі аяғың не үшін керек?

Оқушылар: Шетте жүрсен туған жерге жету үшін керек.

Қима қағаздар арқылы оқушыларды топқа бөлу. Алматы, Астана сөздерін шығару .

2.Топтар өз аттарын таныстырып, қорғайды.

1-топ: Алматы

Алматы –еліміздің бұрынғы астанасы .Алматы көрікті ,сәулетті қала.Алатаудың етегінде орналасқан.Алматы қаласы әлемге апортымен танымал.Қалада көптеген өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.Жоғары оқу орындары бар.Қала тұрғындары Медеу спорт кешенін тамашалайды.

2-топ: Астана

Астана – Еліміздің жаңа астанасы,отанымыздың жүрегі,еліміздің тірегі.Астана-көрікті қала. Есіл өзенінің оң жақ жағында орналасқан. Астана күннен-күнге көркейіп,гүлденіп келеді. Астанада көрікті жерлер өте көп.

3. Ой қозғау:

Дүниедегі ең бір жақсы мекен ,жайлы қоныс –әркімнің өз туған жері деп бекер айтпаған. Ал балалар сіздер өз туған жерініз, Отаныныз туралы не айтар едіңдер.Отан – деген сөзге қалай жауап берер едіңіздер.

1-оқушы : Отан дегеніміз – отбасы.

2-оқушы: Отан дегеніміз – адамның туып -өскен жері

3-оқушы: Жақындарымен бірге түратын атамекені .

4-оқушы: Отан – жерім, Отан суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

4.Қызығушылықты ояту: Ойын:Сиқырлы қорапша.

Алматы тобы:

1.Біздін Отанымыз қалай аталады?

2.Елбасымыз кім?

3.Қай жылы тәуелсіздік алдық?

Астана тобы:

1.Қазақстанның рәміздерін ата?

2.Астанада қандай көрме болды?

3.Біздін тіліміз кай тіл?

Оқушы:

Біз ұлтты мекенбіз,

Ортақ біздін үйіміз .

5 стр., 2482 слов

«Расцвет Астаны- расцвет Казахстана» ученицы 5 «Б» класса Агай Маргариты

... усилия, чтобы задумки воплотились в «реальную» жизнь. Я вижу, что именно в Астане – столице Казахстана это сочетание мечты и действий достигло своего апогея. «Поднимем бокалы за Советскую ... город пытается «тянуться» к своей столице, походить на нее и стать небольшим брилиантиком в неподражаемом украшении под названием Казахстан. Ранее, Астана была сравнительно небольшим городком и развивалась ...

Ортақ біздің жеріміз,

Жаса Қазақстаным-, Жасасын қазақ еліміз!

5.Топтық тапсырма:, Кеспе буындардан сөздер шығару:, Алматы тобы:

Астан тобы:

Бұл сөздерді естігенде көз алдарыңа қай қала елестеді?

Ән: «Астана»

Балалар, біз неліктен «Астана» туралы ән тыңдадық деп ойлайсыңдар?

Ия. Себебі, алдымызда еліміздің ең айтулы мерекесі Астанамызға 20-жыл толады. Ал Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі.

Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласы құрметіне арналмақ

Мағынаны тану

Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен.

Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.

Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 — шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО — ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді.

Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы. Ал енді осы ғимараттармен таныс болыңыздар.

Балалар 1

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді

2 стр., 965 слов

Көрікті қала — Астана

... жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған к ... жас қала Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа ... деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген ... күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» ...

Балалар 2

Ақ Орда резиденциясы

Ақ орда резиденциясы 1

Тәуелсіздік Сарайы

Тәуелсіздік сарайы 1

  • «Хан шатыр»

Хазрет Сұлтан мешіті, Нұр Астана мешіті

Хазрет сұлтан мешіті 1

Бейбітшілік пен келісім сарайы

Бейбітшілік пен келісім сарайы 1

Цирк ғимаратының құрылысы

Цирк ғимаратының құрылысы 1

«Астана-Арена» футбол стадионы

Көлемі 10 000 ш.м. жылжымалы жабыны бар әлемдегі 6 құрылыстың бірі. Стадион 2009 жылғы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы ең бірінші матчта «Локомотив» (алматылық екі команда негізінде сол жылы құрылған астаналық команда) мен Қазақстанның жастар құрамасы кездесті. Матчқа атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Колина төрелік етті, ал оның ысқырығынан кейін допты бірінші болып Қазақстаның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тепті.

Цирк ғимаратының құрылысы 2

Назарбаев Университетi

6.Астанаға ЭКСПО көрмесіне барып қайтқан оқушымен сұхбаттасу, . Астанаға арналған өлең шумақтарына кезек беру .

1-оқушы

Астанам — бағы биік асқарымсың,, Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,, Астанам пейіш қалам,ел арманы,, Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.

2 – оқушы

Астанам шапағаттың шуағындай,, Астанам махабаттың тұрағындай,, Астанам – періштелер мекенісің, Астанам махабаттың тұрағындай

3-оқушы

Болашаққа бастаған .

Шарықтайды асқақ ән .

Елордасы Отанымның ., Мақтанышым –Астанам !

4-оқушы

Астанам бағым ,баспанам .

Қарыштап алға бас қадам .

Отанымның жүрегі,, Елорда- менің Астанам !

Қорытынды;Оқушылар Астанаға өз тілектерін арнайды.

Ән ; Атамекен .