«Егер мен президент болсам…..»

Эссе

Эссе

«Егер мен Елбасы болып сайлансам….»

Еліміздің Елбасысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев– Қазақстан мемлекетінің көшбасшысы. Қазақстан халқы үшін, елі үшін жаратылған кемеңгер, дара, дана тұлға. Осындай кең байтақ, еркін, тәуелсіз елде бейбіт өмір сүріп жатқанымызЕлбасымыздың арқасында, осы үшін оған басымды иіп, үлкен алғысымды білдіремін.

Егер мен Елбасы болып сайлансам,онда мен бірінші орында Қазақстанымыздың басқа елдерден тәуелді болуын тоқтатар едім.Қазақстан мұнай мен газдан және басқа да кен орындарына толы. Осыларды пайдаланып, мен жаңа технология жасап шығарып,елімізді дамытуға көп үлес қосар едім. Мемлекет өзін-өзі керекті тағам,киім-кешек, мүлік, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге көмегімді тигізер едім. Сонда ғана Қазақстанның экономикалық жағдайы жақсарып, шет елдерді керек қылмайтын болады және Қазақстанда жұмыссыздықта азая түседі.

Қазіргі таңда бүкіл Қазақстанның әсем табиғатын қоқыстар құртуда. Осы қоқыстарды жинап, өңдеп, қайта шығаратын зауыт және фабрикалар ашар едім.

Келесі,қозғайтын мәселе,бұл Қазақстанның білім беру саласы және медицина. Қазіргі таңда технология қарқынды дамып келеді. Сол себепті олардың оқуға қызығушылығы азайды. Мен білім беру саласына жаңа бағдарлама құрастырып және оны жаңа технологиямен байланыстырар едім. Осылайша қазақ жастарының оқуға деген ынтасын арттырар едім.Ал, медицинаға келетін болсақ,онда ең алдымен жедел жәрдем көліктерін көбейтіп және тегін медициналық қызмет көрсетуді дамытар едім. Жаман аурларды емдеу түрлері шыққан сайын, Қазақстанның барлық дәрігерлері оны білу міндетті етер едім.

Тағы бір талқылайтын өзекті мәселе — ол еліміздің және халықтың тұрмыстық жағдайы. Ең алдымен, халықтың алатын жалақыларын және қарттардың зейнетақыларын көтерер едім. Қалалардағы үйлерге қысы-жазы ыстық су бергізіп және жылуды ерте қосып, кеш өшірткізер едім.Ауылды аймақтарды толығымен жарықпен, су, газ және байланыспен қамтамасыз етер едім. Тұрмысы төмен, көп балалы, асыраушысынан айырылған, жетім-жесірлерге ай сайын берілетін жәрдемақы мөлшерін көтерер едім. Жоғары оқу-орындарының оқу ақысын, кез-келген ата-ана төлей алатындай мөлшерді орнатар едім, яғни Қазақстаннның әрбір азаматының білімі жоғары болуы керек.

3 стр., 1183 слов

Содержание баллады Жуковского “Певец во стане русских воинов”

... кто сей рьяный великан, Сей витязь полуночи? Друзья, на спящий вражий стан Вперил он страшны очи; Его завидя в облаках, Шумящим, смутным ... Деревья сыплют стрелы; Они лишь к мосту – мост исчез; Лишь к селам – пышут селы. Хвала, наш Нестор-Бенигсон! И вождь и муж ... Да сеет, нам предтеча в бой, Погибель над врагами; Наполним кубок! меч во длань! Внимай нам, вечный мститель! За гибель – гибель, брань – ...

Атап өтетін тағы бір мәселе-тәртіп, тәрбие. Қазіргі таңда теледидардан шет елдердің арналары көбейіп кеткен. Осы арналарды бала мен үлкен кісіге дейін көп қарайды, ал бұл қазақтың санасын, ұлт-намысын төмендетеді, өйткені, шет елдердің салт-дәстурлері біздің қазақтың салт-дәстүрлеріне қайшы. Сондықтан шет ел арналарын жойып, қазақ тіліндегі өз еліміздің арналарын көбірек таратар едім.

Жалпы, ой-көкірегімде мені толғандыратын осы мәселелер. Егер мен Президент болсам, алдымен осы мәселелерді шешіп, ары қарай Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосуға бар күш-жігерімді жұмсар едім.

Мен Отаным-Қазақстанды сүйемін!!!