Қазақстан-Ұлы Дала елі

Эссе

Қазақстан-Ұлы Дала елі 1

«Д.Бабаев атындағы

№115 жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің

11-сынып оқушысы

Жүнісбаева Гүлсана

Қазақстан – Ұлы Дала елі

Еуропаның дәл ортасындағы , жүрегі атанған ел – Қазақ елі. Қазақстан- ұшқан құстың қанаты талатындай ұлан –ғайыр аумақтың иесі. Мен мақтанышпен , көкірегімді көкке көтеріп «Мен Қазақстанның жас ұрпағымын , келешегімін!» — деп жарияға жар сала аламын.

Тәуелсіздік — қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілқайыр сияқты әйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді-мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді. Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары жайлы том-том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды. Тәуелсіздікпен бірге оралып, ұрпағына ұланғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жалындаған жастардың арасында аса зор патриоттық өрлеу туғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатты.Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр. Әр буын өкілдері ата-баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болады. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз Қазақстанның жастары бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой-беделін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді.

Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол -қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол — Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік — біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халқы бар. Ол — ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол — Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Мәңгілік Ел» бағдарламасында «Мәңгілік Ел» ұғымы кең әрі осы екі ауыз сөз қазақ халқының өткені мен болашағы екенің ашық түрде айтып өткен болатын. Егеменді ел болып қалыптасу жолындағы қиыншылықтарымызды тілге тиек етсек , бәлкім қағаз бетіне сыймас. Осы уақытқа дейін тар жол , тайғақ кешіп, мойымай өттік. Әр қазақтың жадында қорқынышты түс секілді сақталған ызғарлы желтоқсан оқиғасы.

3 стр., 1049 слов

«Ту?ан жерім — ?аза?стан!»

... әр алған ғой жанымыз Жер бетінің ажары ол – сәніміз. Туған өлке таби ... жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата ... ауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпа ... уелсіз елдің балаларымыз. Алдағы жылдарда еліміз ең мықты елу елдің қ ... ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халық ...

Әрине, желтоқсан оқиғасын ұмыту мүмкін емес . Желтоқсанның желі, аязы, ызғары «Қанды мұзда» талай қазақ жазық болды. Ұлт қамы үшін сол күні алаңға , қайсар қазақ қыздары да шықты. Талай қазақ қыздарын да , гүлдерін де желтоқсан солдырып, тоңдырды.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі,-деп Марфуға апайымыз жырлағандай, оны үнемі жүрегімізге сақтауымыз керек. Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл толып, еліміз құрсаудан босады. Ата –бабаларымыздың үміті ақталып , көк туымыз көгімізде желбіреп тұр.

Ендеше, әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Еліміз құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Ұлы мақсаттарға жету жолында бізге батыр бабалардың аруағы жар болсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз — солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз — ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл — біздің тағдырымыз! Бұл — біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын!

Сен дегенде, Қазақстан,

Жүректен от лаулап ұшқан.

Гүлдей жайнап,құлпыра бер,

Егемен ел-Қазақстан!