Отбасының басты қызығы балада

Эссе

Эссе

Қазақ ұғымында отбасы –өмірдің тұтқасы,оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы.Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да,бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі.Отбасының амандығы ошақтың оттың маздап тұруы — үмітінің өшпес алауы,үй ішінің қызыққа,қуанышқа толы болуы да соған байланысты.Оттың басы,ошақтың қасы — ырыстың ұйтқысы.Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.Адам баласының ой –санасы өсіп,ақыл – ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді.Отбасында көрген жақсы жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді.Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр.Отбасы адамға бақыт,толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі.

Отбасының басты қазығы,алтын діңгегі – бала.Баланың тәрбиелі,жан – жақты болып өсуіне берекелі,өнегелі,ынтымақты отбасының ықпалы мол.Отбасы ата мен баланың,келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым қатынасынан құралады.Отбасы берекелі тату болу үшін,сыйластық,мейірімділік,жанашырлық,бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата –ананың ең маңызды міндеті.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта .Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады.Ол – ата ,әке,,бала.Аталар мен апалар ауыл –аймақ ,ағайын арасының берекесі,ақылшысы болып келеді.Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып,сый құрметке бөленген.Өйткені ,үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп,тәжрибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған.Үлкенді сыйлау,ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген.Көне заманнан – ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар,тәрбиешілер,ұстаздар болған.Олар өз көз қарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып,халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

2 стр., 559 слов

Отбасы тәрбие ошағы ( )

... түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі,некеге немесе ... німен бірге жаны да өсіп отырады. Бала дүниеге ақылды,не ақылсыз,зұлым,не ақ ниетті болып келмейді. Отан – от басынан басталады. ... құлақ естуге тоймайды. Көрмегенге көсеу тан дегенде халық,көрмей білмейсің,көз көрмей сенбейсің. Бірақ ...

Халқымыз қашан да өз қанынан жаралған ұрпағын жатқа бермейтіндігімен ғана емес,өзгенің де жетім қалған көрген көздерін де бауырына басып,жүрек жылуын аямайтын дарқан көңілімен де ерекшеленген.Оған дәлел,сонау XIX ғасырдың ашаршылық жылдарындағы оқиғалар мен Ұлы Отан соғысындағы

жер аударылып келген өзге ұлт балаларын жетімсіретпей бауырына басқандығы,оның дәлелі жетімдер үйіндегі жәутең көздерді «бауырыма басып аламын» деген ізгі жүректі адамдардың тілегіне орай бүгінде патронаттық тәрбие кең қанат жайып отыр.Соның бір дәлелі біздің ауылымыздағы қамқоршы ата-аналардың көңіл толтыратын тірліктері.Соңғы екі-үш жылда бір емес бірнеше баланы өз отбасына алып ,өзгесің деп өзекке теппей,ошағының жылуымен бөлісіп отырған отбасылар көп.Әрине,көзін ашқаннан ресми ортада тәрбиеленіп ,қатаң қадағалауда ұсталған ,режиммен өмір сүрген балақайларға еркін жүріп,кең тұсауда болу әл дегеннен жүрексіндіргені де,қобалжытқаны да рас болса керек және тағдырдың тәлкісіне түсіп, ата – анасынан ерте айырылған бүлдіршіндер де жоқ емес.Олардың туыстары бүлдіршіндердің болашақтарына алаңдап,қамқорлық жасағандары да бар.Осындай батыл қадам жасап,бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып,көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға арналып Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап , «Қамқоршы күнін» мерекелеу дәстүрге айналды.

Қамқоршы түрлі себептермен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып,өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар.Бұл мереке соларға арналған мереке,оларға ризашылық білдіру,оларды қолдау мақсатында бала тәрбиелеуде қажымас еңбек етіп,оған жауапкершілікпен қарап,жүрек жылуын беріп,аялап,қамқорлық көрсетіп жүрген ата –аналардан үлгі алуға болары хақ.

«Бала тәрбиесі – бір өнер,өнер болғанда да ауыр өнер,жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер».Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжрибесі жетпейді.

Отбасы белгілі дәстүрлердің ,жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір – бірінің тәрбиесіне жауапкершілік,борыштылық ,адамгершілік сезімдерін туғызған.Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың ,әке мен қыздың,қыз бен жеңгенің ,келін мен ененің,келін мен атаның,нағашы мен жиеннің,бажы,жезде,бөлелердің арасындағы өзара қарым — қатынастарының әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп,жүрегінен нұр,өңінен жылу кетпейтін,әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.Міне,осындай жүректері жылылыққа толы,балаға деген мейірімі мол жандар арамызда жүр.Балаларға қамқор болып отырған жандардың бақытты ғұмыр кешуіне тілеулеспіз.