Журналист асылды іздеуші

Реферат

ЖОСПАР

  • Журналист түн ұйқысын төрт бөлген анамен пара пар
  • Журналиске қандай қасиет тән
  • Журналистердің қиыншылығы неде?
  • Тақырып дегенің ұйықтаған балық
  • Журналистика өте жауапты өндіріс алаңы
  • Шаршы топта сөз бастау қиын
  • Журналист жансызға жан, ойсызға түйсік бітіреді

Журналистің қызметі ауыр да, ардақты да. Шынайы журналист түн ұйқысын төрт бөлген анамен пара пар десе де болады. Журналист қоғамдық сананың қалыптасуына, ұйқыдағы ойдың оянуына, ұлттық сана сезімнің сілкініске келуіне, яғни өмірдегі өзекті мәселелерді қозғайды. Ол ойын жан¬¬ жаққа жүгіртіп, сана көзін шартарапқа салатын беймаза жан. Сырт көзге, үстірт қараған адамға журналистің қызметі оп оңай, жеп жеңіл көрінуі де мүмкін. Шын мәнінде солай ма? Мен журналистика саласы бойынша оқып жүргендіктен, әрине, жоқ деп жауап беремін. Ал, басқа мамандықтағы адамдар журналистика мамандығы оңай деп, жауап беруі де ғажап емес. Журналистер тек болған жағдайды жазады, біреудің сөзін біреуге жеткізеді, дайын сценариймен жұмыс жасайды деп ойлауы да мүмкін.

Журналистика саласын журналист көзқарасымен талдайық. Ізденімпаз жанға нәтиже мол білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен келеді. Яғни, журналист ең бірінші ізденімпаз жан жақты болуы керек. Өйткені, өмір дегеніміз үнемі дамуда, өзгеруде, жаңаруда. Ал осы бір құпиялы әрекеттердің бастауында ой, сана, түйсік тұрады. Адамның басты қабілеті ой, ойлану. Барлық әрекет істердің, шешім ұйғарымдардың бастауы да осы ойдан, ойланудан тұрады. Ойлану адамның ең жоғарғы табиғи қасиеті, мидың атқаратын қызметі. Өмірдің көркем шындығын дәуір көшіне ілестіре отырып, тап басу қажет. Ұшқыр ой мен салиқалы талдау журналист қаламының қарымдылығына тікелей байланысты.

Жақсы журналиске қандай қасиет тән? Нендей талаптың үдесінен шығу керек дегенде, әуелі алдындағы ақ қағазға, қаламға адалдық керек: ел мүддесі, халық тағдыры, Отанның бүгінімен келешегі қашанда бірінші орында тұру басты талап. Ел жұрттың жайын өткір, шыншылдықпен айта білу де оңай жұмыс емес.

Жалпы журналистің атқаратын қызметі халыққа ақпарат тарату. Ақпарат әлемі шетсіз шексіз мұхит іспеттес. Онда жағалаулар байқалмайды. Оған себеп, саған бүгіннің күші ертең аласа көрініп, басқа бір ойлар үстемдік алады. Өйткені ақпарат ғарыштық жылдамдықпен құйылады. Ақпараттар тасқынын күнделікті мерзімді баспасөз, радио және теледидар еселеп толтыруда. Ақпарат тасқынының молдығы адамның саяси санасының дамуына да әсерін тигізеді. Ол адамның кәсіптік шеберлігі мен қоғамдық бағдарына да әсер ете отырып, оның жан жақты қалыптасуына көмектесуде. Теледидар әлеміндегі өмірдің құрама көріністерінен көрермен сыр түйіндеп, көңіл күйі қосыла өріліп жатады. Осы шақта кейіпкер жан дүниесімен бірге қуанып, қиналысқа бірге түсесің. Журналист өмірдегі сан алуан құбылыстарды жинақтап, оны көрермен жан жүрегін жаулап алатындай сиқырлы өнер әлеміне айналдыру керек. Онсыз көрерменді ойландыру, толғанту, үлкен тебіреніске келтіру мүмкін емес.

3 стр., 1460 слов

Правовое регулирование и практика аккредитации журналиста Предмет: Журналистика

... Николюкин, "Внешнеторговое право", № 2, февраль 2008. Описание предмета: «Журналистика» Журналистика - система внедрения в массовое сознание социальных оценок текущей действительности, ... редакции, телерадиокомпании, информационные агентства и их производственно-техническая база. Термином «журналистика» обозначается также продукция журналистской деятельности - произведения, из которых составляются ...

Журналистердің қиыншылығы неде?

Теледидарда барық хабарлар сценариймен жүреді. Сценарий туралы әңгімені тақырыптан бастау орынды. Себебі, өзекті ойлардың бастау бұлағында тақырып тұрады. «Бәріне бұрын тақырып пайда болады, дейді Валентин Катаев, пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді». Сценарий авторы азапты ізденіске түсе отырып, алдымен хабардың тақырыбын табады. Ал, «тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Тақырып тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық тегеурінді иірімдер ішінде: оны сол арадан іздеп таба біл, дөңбекшіген толқын, сарқырама астынан тауып алып шыға біл». Демек, тақырып дегеніміз журналист еңбегінің ең бірінші бастамасы, тақырып табудың өзі қиын. Қазақ сөзінің зергері, ғұлама ғалым, академик Зейнолла Қабдолловтың «Сөз өнері» атты кітабында: «Ой мен сезім құс десек, тақырып аспан; ой мен сезім бұғы десек, тақырып орман; ой мен сезім елік десек, тақырып тау; ой мен сезім жол десек, тақырып сол жол алып баратын Шаһар» дейді. Ой мен тақырыпқа бұдан артық теңеу, сөз сірә да табылмас.

Журналист өмірді көре, үйрене, біле жүріп, солардан ой тоқиды, идея жинақтайды. Идея да ғайыптан пайда болатын зат емес. Оған да ақыл ойдың тоғысы мен сезімталдық қабілеті керек. Идея шығарманың негізгі ойы. Автор идеяның көмегімен өзінің тақырыпқа деген ұнамдылық көзқарасын білдіреді. Материалды зерттеу барысында да идея ойға келуі мүмкін. Жақсы ой, идея туу үшін әрине білім қажет. Алайда, білім инемен құдық қазғандай. Білімнің жолы оңай емес.

Негізінен, идея түгелімен авторға, оның ойларына, алымдылығына, сезімталдығы мен өзге де қасиеттеріне түгелдей қатысты. Сценарийдің материалы жинақталған шақта оның тақырыбы анықталып, идеясы айқындалып, одан әрі фактіні, оқиға мен кейіпкерді іріктеу процесі басталады. Ол сценарий ішіне ене отырып, сонымен бір мезгілде оның композициялық шешімді іздеу қатар өтеді. Осы кезең сценарийді жазу кезіндегі ауыр әрі азапты шақ. Жинақталған материалды елеп екшей отырып, маңыздыларын іріктеп ала білуге де көрегендік қажет.

Журналистика өте жауапты өндіріс алаңы. Онда кез келген жағдайда да сабырлылық керек. Егер журналист шешімі солқылдақ әрі іс әрекетінен кемшіліктің белгісі аңғарылып тұрса оған деген теріс көзқарас қалыптасады. Материал жинау кезінде оған бетпе бет келген адамдар екі ұшты ойда болуы мүмкін. Оған шындықты айту керек пе, әлде жалған сөйлеу яки қажетті мағлұматтар беру әлде бермеу керек пе, әңгімеге араласу керек пе, жоқ па? деген сияқты ойлар. Сұқбаттасудың кезеңі де күрделі. Кейіпкердің көңілін тауып, сөзді өрбітудің өзі де ауыр. Барлық адам бірдей емес. Бірі қатал, бірі менменшіл, өркөкірек, енді бірі сөзге шорқақ, кейбіреуі тым көп сөйлейтін дегендей түрлі адамдар кездесуі мүмкін. Сұрақ қою арқылы басқаның ойын білу, өзіңе керек сұрақтарға жауап алу оңай деуге болмайды. Кейіпкеріңнің алдына қаруланып бару қажет, яғни ол туралы бәрін білу деген сөз. Ол көп еңбектенуді қажет етеді. Егер ешқандай хабарың болмаса, ол адам сені менсінбей, жауап бермей, уақытым жоқ деп қашқақтауы да мүмкін. Кейіпкеріңнен жақсы ой, жауап естігің келсе, сөзден сөз туындатып, сөзді іліп алып, сөз арқылы ұмытылған деректерді есіне түсіріп, өзіңе таныс емес, керек деген сәттерді толығырақ сұрау арқылы жүзеге асырасың. Кейіпкерді ағынан жарылтып сөйлете білу үшін оның көңіл кілтін таба білу қажет. Ал, бұл кілтті табудың жолы әрқилы. Журналист алдымен кейіпкерінің мінез құлқын, адамдармен қарым қатынасын, өмірге деген көзқарасын, ой дүниесін байқап, ішкі сезім әлеміне кіріге білгенде ғана оның жан сарайын бар қырынан жарқырата аша алады. Ол үшін журналист бойында қашанда шешімділік пен жинақылық, тиянақтылық пен парасат табылып, іскерлігі үстем болуы тиіс.

9 стр., 4400 слов

Журналист және журналистиканың қоғамдағы рөлі

... ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе ... жасайды. «Журналистика – бұл миссия» дейді журналистика мен мультимедианың бүгінгі үрдістерін бағалаған жазушы, журналист Дебора Кемпбелл. Журналистика әрі ... нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес. Әртүрлі жанрда жазатын журналистің өз дүниесінің ...

Шын мәнінде журналист мақтаулы материал жазып, қоғамдық ойға түрткі болса, ол негізінен сенімді, дәлелденген, өткір жайлармен өз материалын көмкерген болып шығуы керек. Журналист жаңа, тың пікірлерді қайдан алады? Ол көзге көрініп, қол созым жерде тұратын зат емес. Сондықтан да өзіңді цитата жасап, өткендерді сан мәрте құбылта қайталаулардың үздіксіз өтіп отыратындығы да кейде заңдылық аулынан өзекті ойлардың алыс еместігін аңғартқандай?! Қоғамдық ойдың қалыптасуына жаңа көзқарастардың ықпалы мол. Ал, оны кім жасайды, біз оған қаншалықты жан тәнімізбен кірігеміз және өзіміз көтеріп отырған мәселелер төңірегінде қарымды әрекет жасауға қабілеттіміз бе? деген сан сұрақтар мазалайды.

Бұқараралық ақпарат құралдарындағы журналистер ерте ме, кеш пе тоқырау процесіне ұшырауы да мүмкін. Тақырыпқа деген талғамы төмендеп, шығармаларында қайталауларға, бір сарындыққа ұрынып, орындауы мен іс әрекетінде жасандылық орын алады, жаңаша ойлау қабілеті кемиді. Теледидар журналистері үшін бұл өте қауіпті. Себебі, күн сайынғы эфирге кетіп жатқан материалдар сан қилы реңке еніп, көрермендер жүрегіне жол тауып отыруы тиіс.

Ел бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады,

Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады,

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ», дейді сөз қадірін қастерлеген Бұқар жырау.

Журналист шаршы топта сөз бастап, қоғамның пікірін қалыптастырушы. Ол еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Бұл орайда жауапкершілікті есте ұстаған жөн. Журналистің тағы бір ұстанатын принципі жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы қиын. Яғни журналист жазды екен деп, халық оқуға міндетті емес. Халықтың көкейінен шығатын, жұртшылықты мазлайтын мәселелерді дөп басып жаза білсе ғана оқиды. Сонымен қатар ой пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге түсінікті болуын алдын ала ойластыруы қажет. Екіұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ па соған назар аудару қажет.

9 стр., 4347 слов

Аза хал ыны музыка нері

... және шыңдауыл) болды кеңінен қолдану-қазақ халқының. Қатты дыбыс соқпалы аспаптар ақым ... және қазіргі заманғы жай-күйін домбыра, музыка. Бұл өтпелі кезең сипатталады күрделілігімен ... Сонымен қатар кобызовая традиция сипатқа ғана емес, ритуальный сипаты, бірақ байланысты эпическим шығармашылығымен ... қолдан берген ұлы жетістігіміз классиктерінің домбыра өнері. Өз интерпретациях Дина дәл сохраняла тақырыптар ...

Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтар кездесуі мүмкін. Соның бәріне ортақ ой пікірлер арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер оқыса да жатсынбайтын болуы жөн. Сондықтан да журналист барлық саладан хабары бар, эрудициясы жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде бейнеленгенде ылғи объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет.

Ой шыңырауынан қайнап шыққан мағыналы сөз, ұшқыр қиял мен орамды тіл жымдаса өріліп жатса ғана көрерменнің жүрегіне жол табады. Өмірдің қат қабат қойнауларында терең бойла, замандастарының жан дүниесіне барлай үңіліп, сезіміңді селт еткізер дүниелер ғана адам жанына жарық сәуле себелейді.

Қаламгер атаулы, оның ішінде жазушы, журналист ұлт тіліне терең бойлап, жіті екшелейді. Өзге адам байқамаған қазынаны аршып, қалың көпшіліктің кәдесіне жаратады. Жансызға жан, ойсызға түйсік бітіреді. Сөз сиқыры сана ұлғайтады. Кезеңнен кезең асып, дәуірден дәуірге ұласатын тіл көзге ілікпес өзгеріске ұшырайды. Ғасырлар шындығын шежіредей шертіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын да осы тіл. Оның қуатының әркімге әтүрлі даруында болмыстың, тәрбиенің, ортаның әсері мол. Көркем әдебиет қоғам мүшелерінің тіл байлығын, сөз саптауын, сөйлем нақышын екшейді, іріктейді, құнарландырады.

Үздіксіз ойлану, үнемі тебіреніс, толғаныс үстінде жүру творчество адамының табиғи қалпы болуы тиіс. Сонымен қатар қандай да бір ғажайып идея, ғаламат проблема болсын онымен журналистің өзі ғана тебіреніп, терең әсер алғаны, қиял әлемінде шарықтағаны жеткіліксіз. Ол өзгелердің ойына от тастап, жан дүниесін тербеп, қиялына қанат бітіруге тиіс. Тек сонда ғана оның еңбегі еш кетпейді, көпшілік қажетіне жарайды.

Журналистің қайығы білім, ақыл ой, сезімталдық, идея,көрегендік, сабырлылық, жинақылық, парасаттылық, іскерлік, шыншылдық, жан жақтылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттер бір арнаға тоғысқанда жағаға жетеді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  • Құдайберген Тұрсынов «Көгілдір экран құпиясы»
  • Төрегелді Бекниязов «Халықаралық журналистиканың дамуы»
  • Төрегелді Бекниязов «Журналистің шығармашылық шеберлігі»
  • Тауман Амандосов «Журналист және өмір»