Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы

Реферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе (екі кітап), Жұлдыз көпір, Қыл көпір, Тамұқ атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау.

Орындаған: Тарпамбай Ә.С

Тексерген: Сабырбаева Р.Қ

Қя-319 с

Семей-2015 ж

Жоспар

1. Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы

2. Қызыл Жебе роман-эпопеясының бірінші кітабы

3. Қызыл Жебе роман-эпопеясының екінші кітабы

4. Жұлдыз көпір — Қызыл Жебе роман-эпопеясының үшінші кітабы

Шерхан Мұртазаның шығармашылық шеберлігі шыңдалып, үлкен суреткерлікке көтерілгенін танытатын айтулы еңбегі бес кітаптан тұратын Қызыл Жебе роман-эпопеясы.

Бұл өзі туған әдебиетіміздегі көп томдық романдар дәстүрін сәтті жалғастырған және осы бағытта өзіндік бетбұрыс жасаған шығарма болды.

Көп томды романдар әдебиетімізде көбіне тарихи тақырыптарға жазылғаны белгілі. Соның ішінде тарихи-революциялық тақырып дегенге келсек, көркемдік сапасы әр түрлі деңгейде саусақпен санарлықтай ғана шығармалар бар. Міне, осы шығармалар қатарына, жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының соңын ала Қызыл Жебе роман-эпопеясының бірінші кітабы келіп қосылды.

Араға жылдар салып келесі кітаптары жарық көрді. Тамұқ аталған соңғы кітабы 1994 жылы оқырмандар қолына тиді.

Ұлы Қазан төңкерісінің халқымыз тарихында алатын орны ерекше. Өйткені бұл кезеңдер — қазақ халқының тағдырында өмірі болып көрмеген аласапыран оқиғалар мен қым-қуыт қысталаң жағдайларды туғызды. Міне, осы кезең шындығы, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда әлі толық зерттеліп, қыр-сыры түгел ашылып болды дей алмаймыз

Қызыл Жебе роман-эпопеясы осы қилы заман тудырған, сол аласапыранда халқым деп қабырғасы қайысқан Тұрар Рысқұловтай біртуар азаматтың, ұлт тарихындағы ұлы тұлғаның өмір жолын негізге ала отырып, халық басынан кешкен қилы оқиғаларды бар шындығымен көрсетуге ұмтылады.

Бұл шығарма ұзақ жылғы шығармашылық толғаныстан, ұдайы ізденіс, зерттеуден туған табанды еңбектің жемісі. Мен сізге дәл қазір алпыстан жаңа асқан жасымның жартысын арнадым. Отыз жыл бойы сізбенен қол ұстасып бірге жүріп, бірге тұрдым дейді автор Тамұқ романының соңында кейіпкері Т.Рысқұловпен қоштасып.

6 стр., 2615 слов

Абдеш ж маділов дарабоз романы

... ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999. «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999. Биографиясы Жұмаділов Қабдеш (24.04.1936 жылы туған, Қытай, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай ... шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989. «Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992. «Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994. «Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша ...

Осындай көп жылғы тынымсыз ізденістің, парасатты тебіреністің нәтижесінде бітімі күрделі, оқиғасы бай, сан-алуан образ-характерлерге толы, әсіресе Тұрар Рысқұловтың жарқын бейнесін толыққанды сомдаған, көркемдік салмағы жоғары, композициялық құрылысы шымыр эпопея дүниеге келіп отыр.

Қызыл Жебе роман-эпопеясының бірінші кітабы Тұрардың балалық шағын, әкесі Рысқұл Жылқайдаровтың драматизмге, трагизмге толы күрделі өмірін, қым-қиғаш қиын тағдырын арқау еткен. Автор мұнда ең алдымен, қазақ топырағында туған жалынды күрескер, Алаш жұртының ұлы перзенті Тұрардың көркем бейнесін жасауды мұрат тұтқаны белгілі. Сондықтан да болашақ қайраткерді жас шағынан бастап көрсетуге ұмтылады. Осылайша, Ұлы Қазан революциясы алдындағы Жетісу өңіріндегі ел тұрмысын, тап тартысын жан-жақты, кең қамтып суреттейтін Қызыл Жебе роман-эпопеясы — Тұрар Тысқұловтың өмір жолын жан-жақты көрсетуді ниет еткен бірден-бір көркем туындының алғашқы кітабы дейміз.

Рысқұл образы — роман табыстарының бірі. Бұл образ арқылы жазушы көркемдік шындық — тек фактілерді тізбектей беру, алуан түрлі деректер мен документтердің дәлдігіне ғана еліктеу емес екендігін, қайта, еркін қиялдау, ой қорыту, оқиғаларға өз тұжырымы болуы керектігін тағы бір айқындай түскен.

Романның негізгі қаһарманы — Рысқұл болғанмен, оған ілесетін, онымен жалғасатын тұлға — оның баласы жас өспірім Тұрар Рысқұлов. Осы бір қайтпас қайсар, алған бетінен таймайтын, алғыр баланың тағдыры кімді болса да толғандырады. Автор оның жас шағынан бастап, өскен ортасын, өмірден көрген-түйгенін байсалды суреттейді. Жастайынан көрген қиыншылық, жеген таяқ, аянышты тіршілік пенде атаулының пешенесіне жазыла бермейтін қатал тағдырды танытады. Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды пайғамбардай сыйлаған. Ол әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін көріп өсті. Тұрар үшін Рысқұл ер біткеннің ішіндегі одағай оқ жетпесі.

Оқырман алғашқы кітаптан-ақ болашақ революционердің характері қандай ортада, қалай қалыптасқандығы туралы жанымен ұғып, көңілімен танитын мол мағлұматтар алады.

Романға арқау болған күрделі кезеңнің мән-жайын, әр түрлі топтардың ара-жігін, тап қайшылығы мен таптық шайқастың әлеуметтік сыр-сипатын бірді-екілі адамның қимыл-әрекеті арқылы түбегейлі бейнелеу мүмкін емес. Бұдан күрделі дәуірді бейнелейтін шығармаларда образдар міндетті түрде қаптап жүруі керек деген ұғым тумасқа керек. Мәселе халық рухын, дәуір тынысын көрсететін образ-характерлердің, ситуациялардың реалистік тұрғыда бейнеленуінде.

Шынайы суреткерлік көркем шығармадағы әрбір образдың, тіпті, әрбір детальдың да типтік сипатта болуынан көрінсе керек. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Рысқұл мен Тұрарды былай қойғанда, айлалы болыс Саймасай, азулы бай Тұқымбай, боржық старшын Таубай, ақылгөй де аңғал Ахат, Рысқұлдың әйелі Ізбайшалармен қатар, саяси тұтқын Бронников, ғалым Дмитриев, мәртебелі ұлық Фон Таубе, түрме бастығы Приходько мырза, жарлы Қара Иван сияқтылардың да бір-біріне ұқсамайтын типтік бейнелері жасалған.

Образ мәселесін сөз еткенде, Рысқұлдың жұбайы Ізбайша бейнесін аттап өте алмаймыз. Жазушы бұл кейіпкерін сомдауға көп әрекеттенбесе де, Рысқұл сияқты ерге лайық адал жардың есте қаларлық характерін дәл суреттейді. Әсіресе, Ізбайшаның Бектен болыстар іздеп келіп, Сібірге айдалатын Рысқұл тілегін жеткізгендегі сөзі кімнің болса да ет-жүрегін елжіретеді. Бірақ патша әкімдері Ізбайшаның сауатсыздығын пайдаланып, күйеуімен бірге баруға келіспейтіні жөнінде өтірік қолхат жаздырады. Сонымен, декабрист-революционерлердің соңынан өз еркімен Сібірге барған әйелдері сияқты үлкен ерлікті Ізбайша рухани жағынан ғана көрсете алады. Бұл образдың жаңалық сипаты осында жатыр.

12 стр., 5921 слов

Христианские идеи в сюжетах и образах романа Ф.М. Достоевского ...

... исповедь к покаянию и искуплению, обретению вечной истины и вековечного идеала. Это и сюжеты его поздних романов от "Преступления и наказания" до "Братьев Карамазовых". 1. Евангелие в структуре романа «Преступление и наказание» Достоевский описывает в романе "Преступление и наказание" тот самый экземпляр ...

Ендігі бір айта кететін нәрсе — романда халықтар достығы үлгісінің біршама көрініс беретіндігі еді. Қыр соңына қуғын түсіп, ағайын-дос таппай, барар дер, басар тауы болмай, жалқұйрықсыз жалғыз қалғанда, Рысқұл Софийская станциясындағы тамыры Қара Иванға келсе, түрмеге түсіп қиналғанда, көмек сұрап Петербордағы Метрейге хат жазады.

Ал, түрмеге екінші рет түскенде, түрме әкімшілігі Рысқұлды Бронниковпен бір камераға қамап, діні басқа орыс пен қазақты ырылдастырып қоймақшы еді, қайта, бұлар бірі нағашы, бірі жиендей бауырласып кетті. Өйткені олар өздерінің тағдыр-талайы, үміт-сенімдері бір екендіктерін түсіністі.

Айдауыл таяғынан да Тұрарды осы