Демографиялық дағдарыс

Реферат

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Тақырыбы: «Демографиялық дағдарыс»

Тексерген: Беккалиев Б.Ү.

Орындаған студент: «Есеп және аудит – 104»

тобының студенті Сулейменова Г.С.

Орал 20

ЖОСПАР.

II. Негізгі бөлім

1. Демографиялық дағдарыс.

2. Демографиялық өсімнің тоқтау себебі.

3. Демографиялық проблемаларды шешудің елдік моделі

4. Шетелдердегі демографиялық ахуал.

5. Қазақстандағы демографиялық ахуал

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

XX ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен және күрделі мәселелерді қойды. Олар ғаламдық мәселелер деген атқа ие болды.

Бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды.

Демографиялық болжам — әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы демографиялық болжам аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрі — демографиялық дүмпу мен демографиялық дағдарыс және сол елдің демографиялык саясаты ескеріле отырып, демографиялық болжам қысқа (1 — 10 жылдық) және ұзақ (1 ғасырлық) уақытқа жасалынады. Адамзат тарихының бүкіл өн бойында дерлік Жер шарында халықтың саны өте баяу өсуі. Оның жедел өсуі XX ғасырда басталды.

  • Соңғы мың жылда халық санының бірінші рет екі еселенуі үшін 600 жыл қажет болса
  • екінші рет еселенуі үшін — 230 жыл керек.
  • Үшінші рет еселенуі үшін шамамен 100 жыл,
  • төртінші рет еселенуі үшін — 40 жылдан сол артық уақыт керек болды.

Дүниежүзі халқының саны 1000 жылы — 275 млн., 1500 жылы 450млн, 1900 жылы 1617 млн., 1950 жылы 2,5 млрд–қа. XX ғасырдың соңында 6,2 млрдқа жетті. Демографиялық болжам бойынша Жер бетіндегі халықтың саны XXI ғасырдың соңында 32 млрд-ка жетпек. Қазақ халқының саны 2015 жылға қарай (сыртқы көші-қонды есептегенде) 15 млн-ға, ал XXI ғасырдың соңында 30 млн-ға жетеді деп болжанып отыр. Қазақстанда 2015 жылы 13 млн. қазақ тұратын болады, ол еліміздің жалпы түрғыңдарының 65%-ын құрайды.

1. Демографиялық дағдарыс.

Демография — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың құрамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім көші — қонымен анықталытын қозғалыс процесін зерттейді.

9 стр., 4347 слов

Аза хал ыны музыка нері

... шыңдауыл) болды кеңінен қолдану-қазақ халқының. Қатты дыбыс соқпалы аспаптар ... онақ. Бейнелері қамтылған сыбызговой музыка, восходят ежелгі. Бұл туралы ... Тулак, Сырмалай, Ысқақ. ХХ ғасырда атақты айналды ма. В. ... крику аққу, жүгіру жылқы, дыбыс пущенной жебенің. ... ымын кеңейту үшін арттырдық саны ішектің 15-ке дейін. Шектерді ... берген ұлы жетістігіміз классиктерінің домбыра өнері. Өз интерпретациях Дина дәл ...

Демография туудың, өлімнің, көші — қонын әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси медициналық жағдайға сандық және сапалық әсерін, сонымен қатар еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп — қонушылардың тұрақтануына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығын да қортады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны өзгерту бағытын анықтап, ол туралы шешім қабылдайды, адамның құндылық жүйесін, балалы болуға тілегін, оны қанағаттандырудағы материалдық мүмкіндігін, отбасынның әлеуметтік мәртебесін, т.б. зерттейді, соған байланысты мелекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.

Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі аумақтарда алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады: жынысы, жасы отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.

Халықтың жыныстық- жастық көрсеткішінің екі белгісі болады: біріншісі- белгілі бір аумақтағы немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер мен әйелдің, ал екіншісі — әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Бұл құрылымдар биологиялық кескін ретінде қаралады. Шын мәнісінде еркек пен әйелдің арасындағы, болмаса бала мен естиар адамның арасындағы қатынастың биологиялық негізі де болады. Бірақ адамдардың жынысы және жасына байланысты жиынтық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі. Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді, ал кейін өмірде ер балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай қатынастар әлемнің әр елінде әр түрлі, жастық ерекшеліктерде солай.

Ерлер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр түрлі жыныстық- жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға, өндірістің кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық пен кәсіптік салаларға байланысты.

Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалы құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік- экономикалық өмірімен байланысын зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс.Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады. Демография – ғаламдық проблема.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда 15 миллион халық тұрады. Оның 55 пайыздан астамы қазақтар, 35 пайызы орыстар. Ал 1920 жылы Республикамызда не бары 4 миллион 400 мың халық болды. Оның 7 пайызы қалада, 93 пайызда ауылда тұрған екен.

Республикада 70 жылдам астам уақыт ішінде демографиялық қозғалыстар қандай болды,(1940 жылға дейінгі нақты статистикалық есептің жоқтығына байланысты бұл туралы кейінгі жылдарда жариаланған материалдарға сүйенеміз).

Туу, өлім және халықтың табиғи өсімі — демографиялық процесс көрсеткішінің бірі. 1940 жылы 1 мың адамға шаққанда туу мөлшері 40, ал 1990 жылы 23 баладан келген. Осы жылдар ішінде халықтың саны үш есе жуық өскен, соған қарамастан туу екі есе кеміген. Бұл арада ескеретін бір жағдай -екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ халқының соғыстан болған щығыны 350 мың адам (әскер қатарында 4-5-6 жыл болғандарды есептегенде).

3 стр., 1148 слов

«Бала біздің болашағымыз»

... экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты ... бала» бағдарламасымен жұмыс істеймін. Бұл бағдарламада басқа бағдарламалар секілді бес салаға бөлініп олар: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік ... бұлағы- халқында, отбасында, олардың ... үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы на ...

Соған байланысты ер адамдардың шығыны туу процесіне кері тигізгені белгілі. Адам өмірінің ұзақтығы әр кезеңде әр түрлі болады: 1978-1988 жылдар арасында жалпы халықтың орта жасы 67,4 – 69,8 жыл болды. Оның ішінде ерлердің орта жасы 61,9-64,8 әйелдердің орта жасы 72,4-74,1 жыл болды. Жалпы алғанда әйелдер ерлерден 10 жас артық өмір сүрді. Оның негізгі себептері: әйелдер ерлермен салыстырғанда әр түрлі ауруларға аз ұшырайды, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты өзгермейді, үй шаруасы, бала тәрбиелеу, немереге қарау сияқты жұмыс түрлері көбейе түседі. Ал ер адамдар ішімдік ішеді, темекі тартады, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты күрт өзгереді. Біздің елімізде халықтың орта жасы Жапония, Финляндия, Голландия, т.б. елдерден әлдеқайда төмен. 1991-1997 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қиындық өміріне кері әсерін тигізгені сөзсіз. 1993-1994 жылдардағы есеп бойынша Республикамызда туудан өлімнің көрсеткіші артып отыр. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі урбандалу процесі біздің елге де еніп келеді деп айтуымызға болады. Демографиялық проблема — «ғасыр проблемаларының» бірі. Бұл проблеманың бір – біріне қарама – қайшы екі бағыты бар.

Біріншіден, бірқатар дамыған елдерде халықтың ұдайы өсуінің бұзылуына, оның тез қартаюына және санының азаюына әкеп соғып отырған демографиялық дағдарыс алаңдатпай қоймайтыны рас. Демографтар мұндай процесті халық санының депопуляциясы деп атайды.

Екіншіден, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің көпшілігінде халық санының тез өсуі бұдан да гөрі көбірек алаңдатады . Оның үстіне жас адамдардың үлесі өте жоғары болып отырғанда, халықтың табиғи өсу қарқына тез кемиді деп күтуі қиын. Осыған қарамастан, демограф – ғалымдар 60 – жылдардағы демографиялық жарылыстың шыңы артта қалды деп тұжырымдайды. Африка елдерін қоспағанда, халықтың ұдайы өсуінің екінші түріне жататын барлық аймақтарда баланың туылуы мен халықтың өсуі біртіндеп кеми бастады. 60- жылдардың басында дүние жүзі халқы жылына 2 %, 80-жылдардың аяғында -1,6 % артты, ғасырдың аяғында бұл процесс 1,5-ке дейін, ал XXI ғасырдың басында — 1,2 %-ке дейін төмендеуі тиіс.

БҰҰ демографиялық проблеманы шешу мақсатымен «Халық саны саласындағы бүкіл дүниежүзілік іс-әрекет жоспарын» қабылдады. Оны жүзеге асыруға географтар мен демографтар да қатысады. Мұнда прогресшіл күштер отбасын жоспарлау бағдарламалары халықтың ұдайы өсуін жақсартуға көмегін тигізе алады деп есептейді. Бірақ демографиялық саясат жеткіліксіз. Ол адамдар өмірінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға ұласуы тиіс.

2. Демографиялық өсімнің тоқтау себебі

Демографиялық проблеманы көбіне отбасының материалдық әл-ауқатымен байланыстырады, бірақ бұрынғы индустриялық қоғамдарда бұл проблеманы материалдық жағдаймен байланыстыру дұрыс емес және дамыған Еуропа елдеріндегі жағдай осыны дәлелдеп отыр. Онда материалдық проблемаларды отбасындағы балалар санын ұлғайтуды айқындайтын атаулы себеп емес, фактор ретінде ғана қабылдау керек.

Еуропа елдерінде бала тууды қаржылық көтермелеу қысқа уақыттық көбею әсерін беруі ғана мүмкін және бұл бала тууды «жақсы уақытқа» қалдырған отбасыларына ғана қатысты болады. Егер, мемлекеттік қаржыландыру бала тууды шынымен арттырған болса, онда Италия мен Германия бала туу жағынан барлық елдерді басып озған болар еді, өйткені бұл елдерде бала туғаннан кейін берілетін көмекақы мөлшері басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Алайда, бұл елдерде адами әлеуетті іске асыру мүмкіндігі жоғары және жоғары жәрдемақы ықтимал шығыстарды өтемейді.

6 стр., 2959 слов

Господин из Сан-Франциско. И.А.Бунин

... мужчинами во фраках... Смокинг и крахмальное белье очень молодили господина из Сан-Франциско. Сухой, невысокий, неладно скроенный, но крепко сшитый, он ... стояла толпа тех, на обязанности которых лежало достойно принять господина из Сан-Франциско. Были и другие приезжие, но не заслуживающие внимания, — ... гробе в черный трюм. А наверху, как обычно, был бал. “И никто не знал... что стоит глубоко, глубоко ...

Отбасы құндылығы, қоғамдағы құрмет пен бедел, екі ата-ананың да бала тәрбиесіне қатысу деңгейі, ажырасу саны, некенің орташа ұзақтығы, жалғыз ілікті аналар саны, денсаулық сияқты материалдық емес көрсеткіштер демографиялық процестердің серпінінде үлкен рөл атқарады.

Демографияны зерттеушілерді алаңдататын маңызды проблема – бұл отбасы институтының келешегі болып отыр, өйткені жылдар өткен сайын халықтың басым бөлігі азаматтық некемен ғана өмір сүруді жөн санап отыр. Ағылшын социологтарының болжамдары бойынша 2031 жылы британдықтардың жартысы азаматтық некемен өмір сүретін болады. 2031 жылға қарай Ұлыбритания ерлерінің жартысы бойдақ болмақ, ал 2003 жылы ерлердің 35%-ы некеде тұрмаған, бұл туралы ұлттық статистика қызметі жария еткен «Демографиялық үрдістер» (Population Trends) баяндамасында хабарланды. Күйеуге шықпаған әйелдер саны 28-ден 49 %-ға дейін өспек. Нәтижесінде некеде тұрмаған, бірақ жұптасып өмір сүретіндер саны екі есеге өсіп, 3,8 млн. адамға жетеді. Мұндай үрдіс барлық жастағы адамдарға қатысты болады.

Балаларға қатынастың өзгеруінде және бір проблема жатыр. Associated Press агенттігінің деректер бойынша бақытты отбасылық өмірдің барынша маңызды тоғыз шартының тізімінде бала тек сегізінші орында ғана. Сауалнамаға қатысушылар «үй жұмыстарын бірлесе орындау», «жақсы тұрғын үйдің болуы», «жақсы табыс», «жұбайлардың сексуалдық сыйысушылығы» және «берілгендік» сияқты шарттарды маңызды деп санайды.

Бұрынғы индустриялық қоғамдарда бала туудың қысқаруы қоғамның әлеуметтендіру функциясының бұзылуымен байланысты. Мәселен, Жапонияда жапон менеджменттік білім беру орталығының қызметкері Такенобу Курихараның пікірінше отбасы деген не және ол нені білдіреді дегенді адамдарға түсіндіретін арнайы қызмет құратын уақыт жетті.

Сонымен демографиялық дағдарыс себептерінің бірі отбасы институтының және дәстүрлі құндылықтар жүйесінің дағдарысынан туындап отыр.

Бұдан ажырасулар санының ұлғаюы заңды түрде туындайды. Статистика бойынша еуропалықтар арасында екі некеге бір ажырасудан келеді.

Өспелі демографиялық дағдарыс бірқатар факторлармен байланысты. Соңғы он жыл ішінде, мысалы Еуропада аборттар саны 30%-ға өскен. Жыл сайын бұл сан 1 миллион 200 мыңға жетіп отыр. Бұл бойынша Бельгия мен Испания көш басында келеді, онда соңғы он жыл ішінде мұндай операциялар саны 50%-ға өскен.

Қазіргі қоғамның оған өз әлеуеттік мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік бермейтіні адам кездестірген басты проблема. Әңгіме ең бірінші басқа әлеуметтік рөлдермен бірге оның ата-ана рөлін толыққанды және бірлестіріп іске асыруы туралы болып отыр. Қазіргі заманғы адам жан-жақты дамыған тұлға болуға ұмтылады, бүгінде оны балалар бар кезде, ал ертең отбасы болған кезде жүзеге асыру қиын болмақ. Жеке-даралық ерлер мен әйелдердің санасына еніп, отбасылық негіздерді бұзуға қатер төндіре бастады және бұрынғы индустриялық қоғам осы проблемаға кез болды.

Бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде демографиялық құлдырау себебі пайда болған материалдық проблемалармен, ертеңгі күнге сенімділіктің жоқтығымен, тиісінше орнықты жұмыстың тұрғын жайдың болмауымен, мемлекеттік қолдаудың әлсіздігімен, жәрдемақыны беру кезінде бюрократияның жоғары деңгейімен т.б. байланысты болып отыр.

4 стр., 1704 слов

Сан даймохк на чеченском языке

... Іамавелахь массо а! Амма: Сочинение на тему сан даймохк на чеченском языке Бергоева Айзан Абдилвахитовна Сан Даймохк! Сан ирс а, халда хьуна, ... туркойн мотт а, цигахь бара сан нийсархой а, сан да-нана, йиш-ваша а, делахь а, ... хетта цунна хьошалла дан аьтто цахиларна дагахь балам болуш а яра Умисат. Шайн хиллачу къамелех ... бер ду! Амма, хаалахь, берел а хьоме бу хьуна, Даймохк! Хьо лахь а, висахь ...

3. Демографиялық проблемаларды шешудің елдік моделі

Пайда болған демографиялық проблемаларды шешу үшін мемлекеттер халық өсімін ынталандыратын белгілі бір шаралар қабылдау үстінде.

Мәселен, Ресейде арнайы ұлттық жоба қабылданып, 2010 жылдан бастап туу туралы сертификат қолданыла бастайды. Жұмыс істемейтін жас аналарға арналған жаңа жәрдемақы пайда болды. 2010 жылға қарай туу туралы сертификат құны уәде етілген 250 мың рубль емес, 307 мың рубльді құрайды. Иммиграция ынталандырылады, атап айтқанда бұрынғы КСРО азаматтары үшін өңірлерге қарай Ресей азаматтығын алу рәсімі жеңілдетіледі. РФ өңірлерінде көп балалы отбасыларды танымал етудің дербес саясаты жүргізілуде, мәселен Мәскеуде көп балалы отбасыларына арналған коттедждер салу басталмақ.

Германияда, мәселенің елеулі екенін мойындаған неміс саясатшылары демографиялық проблеманы шешуді қолға алды. 2007 жылдың басынан нәресте күтетін анаға немесе әкеге соңғы жалақысының 67%-ы, ең көбі 1800 евроға дейінгі мөлшерде жәрдемақы төлейді. Жұмыстан амалсыз кеткені үшін өтемақы ретіндегі жәрдемақыны жыл бойы алуға болады. Одан соң ол отбасындағы әрбір бара үшін 300 евроға дейін қысқартылады.

Ата-аналарды материалдық ынталандырудан басқа Ангель Меркель басшылық еткен «үлкен коалиция» бюджеттік миллиардтарды қажетті инфрақұрылымдар: ясли, балалар бақшасы, ұзартылған күні бар мектептерды ұлғайтуға жіберуде. Германияда негізінен бала туу мен бала күту еңбек қызметі мен мансаптық өсуге қарай отбасының екі мүшесіне де қатысты болады.

Франция өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап бала тууды жоғарлатуға бағытталған белсенді демографиялық саясат жүргізіп келеді. Тіптен 1967 жылға дейін контрацептивтерді сатуға, 1975 жылға дейін аборт жасатуға тыйым салынды.

1946 жылы Францияда бірінші, екінші және әсіресе үшінші баланың тууын (пронаталистік саясат) көтермелеуге бағытталған отбасыларға ақшалай төлемдер мен салық жеңілдіктер жүйесі кеңінен тәжірибеге енгізілді. Нәтижесінде 80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдерінің ішінде Франция бала туудың ең жоғары – 1,8 – 1,9 жиынтық коэффициентіне ие болды (орташа алғанда бір әйелге келетін бала саны).

Халық саны жыл сайын 0,3 — 0,4%-ға ұлғайып отырды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында, 1946 — 1974 жылдар ішінде Франция халқы 12,1 млн. адамға, оның ішінде 8,5 млн. халықтың табиғи өсімі есебінен, 1,2 млн. француздардың бұрынғы отар елдерден оралуы есебінен ұлғайды.

Францияның пронаталистік демографиялық саясатының қазіргі заманғы шаралары балалары бар отбасыларының материалдық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді.

Балаға базалық жәрдемақы Францияда тұратын және елде өмір сүретін 20 жасқа дейінгі баланың азаматтығына қарай кемінде екі баласы бар барлық адамдарға тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері бала санынан қарай сараланады: екі балаға айына 107 евро, үш балаға 244, төрт балаға 382, бес балаға – 519, алты балаға 656 евро төленеді. 11 жастан асқан балаларға – 30 евро және 16 жасқан асқандарға 54 евро мөлшерінде үстемақы және төленеді. Мұндай үстемақы екі баласы бар отбасылардың бірінші баласына төленбейді. Отбасының табысы бұл жәрдемақының мөлшеріне әсер етпейді.

18 стр., 8502 слов

Значение антитезы в рассказе Л Н Толстого «После бала

... отказался от государственной службы? Прав ли он был, по-вашему? 6. Сочинение-миниатюра. “Мои впечатления после прочтения рассказа Л.Н.Толстого “После бала”. ... отец, оказался жестоким по отношению к солдатам? Почему Толстой противопоставляет друг другу две части рассказа и в ... картина наказания. Полковник все тот же – с румяным лицом и белыми усами и бакенбардами. — Сопоставьте полковника и ...

Отбасы табысына қарай мынадай қосымша жәрдемақылар төленеді: