ӘЛЕМДЕ ӘУЕЛЕГЕН ӘНДЕР ( )

Эссе

Е-е, айтқандай, Асаура деген қалада кеңес инженерлері Евфрат гидроузелін салып жатыр екен. Бұл жердегі концертімізде де «Даниярдың әніне» ұзақ қол соқты.

Осы әнді жазғанда жүрегіңіз қалай соқты екен, Ілаға, а?! Бірдеме деуге тілім жетер емес, Ілаға, а?!.»

«Березка» ансамблі билеп жатыр

1974 жыл. Күз айы. Алматы теректерінен алтын жапырақтар төгіліп жатты. Күз лебі білінді. Сол күні Ілекең үйде Бетховеннің «Айлы сонатасын» тыңдап, мүлгіп отырды. Көз алдында клавишке төне түсіп, аузындағы дирижерлық таяқшаны рояль қақпағына тіреп қойып, бар дүниеден оқшауланып, сұрғылт өңі қуара түсіп, ал, ал, енді бірде сол солған реңіне қан жүгіріп, сәл жымиғандай болып, бір армансыз жандай елжіреген Бетховен!

Илья Бетховенге сүйсіне қарады. Шерлі көкірегі толған арман, соната мөлдіреген жайын жас жігіттей жүзі нұрланып, бір тәтті елеске мәз болады өзінше, сүйінеді, емінеді оған.

Бір кезде осы ұйыған тыныштықты шылдырлаған телефон үзіп жіберді елең еткізіп, бұзып жіберді. Есін алған ғажайып суреттен әп-сәтте көз жазып қалды, аң-таң боп.

  • Алло!

— Ой, Илюша, это же я…Алтынбек! Слышишь, а? Поздравляю тебя!.. Ой, сондай укмуш… только начали… открой телевизор… Москва каналын кош! Дереу, давай… давай, быстро, дорогой!

Ілекең сасқалақтап телевизорды қоса қойды. Қолында телефон.

Алтынбек:

— Көрдің бө? Сениң обонуң «Асылым»! «Березка» ансамблі билеп жатат. Аларға сенин бул обонуңның нотасын былтыр Фрунзеге келип, гастрольде жүргенде мен бергем, Илюша.

«Асылым!..» «Березка» ансамблі толқып жүр мүлде. Биші қыздар лып-лып етіп, сырғиды бір, ұзын шаштары төгіле түсіп.

Алтынбек мәз. Телефонды тастар емес. Би бітті. Жүрек толқулы.

2 стр., 818 слов

«Сказка о белоствольной березке»

... 15 3 ФИО автора (полностью), Хазова Анастасия Юрьевна 4 Название работы, Сказка- быль про белоствольную березку 5 Год рождения, количество полных лет 29.05.2004г 13лет 6 Образовательное учреждение, ... березки превратились в высоких белоствольных красавиц, а на алые рябины прилетают веселые клесты и красавцы снегири. Жизнь продолжается....Спасибо тебе, белоствольная красавица, за красоту и сказку! ...

Сол көрініс күні бүгінге дейін тебіренте елжіретеді.

Алтынбек Жаныбеков Алматы консерваториясында Брусиловскийдің класын үздік бітірген аса көрнекті қырғыз композиторы, профессор досы Ілекеңнің!

Алғаш рет «Әселді», одан кейін «Асылымды тыңдағанда Шыңғыс Айтматов: «Ошол «Асылымды» қайта тыңдалық, а? Бұл обонду тыңдағанда мен емнеге бир «Тополек мой в красной косынке» китебимдеги Кадишанин келбетин көз алдыма келтирем. Өзуң де жакшы айттың, бул обонду Кадишаның образынан жаздым деп. А десе бул жулдыздай жайнаган келинчек кандай сулуу, а? Жаркылдап тур, ал «Асел» болсо, ол армандуу, муңдуу, Ильястын кенен кокурогунуң Ысык колдей толкуган аңсауы, аңсауы, ошол сезимди «Асылым» жеңилдетип тур… а, карасаң болот Кадишаға, а?! Мимолетная любовь! Аның кучун, кубатын кара, а?!» деп тебіреніп еді, осы сөзі қаз-қалпында есіне түсіп, «Асылым» әніне, оны басқа біреу жазғандай сұқтанатыны бар Ілекеңнің.

«Асылымды» қырғыздар өздерінің ән жинақтарына қырғыз әні деп кіргізіп жатады.

Илья Жақанов, «Асылымды» 1993 жылдың ақпан, маусым айларында Қытайдағы, Моңғолиядағы қазақтардан да тыңдады.

«Жайлаукөл кештері», «Толағай», ГДР сахналарында

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының «Салтанат» ансамблі бір мың тоғыз жүз сексенінші жылдарда ел аузына ілігіп, шет елдік гастрольдерге де шығып жүрді. Сондай сапарларының бірі – ГДР-да болды.

Бұл жайды өз көзімен көрген, Қарқаралы қаласындағы № 1 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Роза Әмірина: «1988 жылдың, желтоқсан айының жиырмасыншы жұлдызында, біз ГДР-да, неміс жұртын таңқалдырған концерттерімізде «Жайлаукөл кештері», «Толағай» әндерін жиі-жиі орындадық. Екі әннің нәзік лиризмі немістерді ойландырып тастады. Әндер орындалғанда неміс тіліне қолма-қол аударылып отырды» — деп естелік жазып берді.

Ол Ілекеңнің архивінде сақтаулы тұр.

«Нені ойладың?» Францияда

— 1976 жылы «Салтанат» ансамблі Францияда өтетін 19-шы фольклорлық фестивальге қатысу құқығына ие боды, — дейді Роза Әмірина.

Біз ол сапарда бір айдай болдық. Фестиваль негізінде Конфолан деген қалада өтті. Оған 22 елден кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымы қатысты. Бұл фестивальді ұйымдастырған фермер Курсаже деген миллионер екен. Мұндай фестивальге қатысу үшін біз өте мұқият дайындалдық. Өйткені, біз тек Қазақстан емес, Кеңес одағы атынан барып едік. Сондықтан да жауапкершілікті жоғары сезіндік.

9 стр., 4058 слов

Юрий визбор творчество

... творчества, большого успеха и признания. Блестящее остроумие и необыкновенное обаяние автора стали естественным достоянием его песен. В этом одна из главных причин поразительной притягательности песен Юрия Визбора. ... восемнадцать кручин,, Восемнадцать надежд на рассвет голубой... Целью данного реферата является изучение и анализ авторской песни Юрия Визбора. (20 июня 1934 - 17 сентября 1984) Родился, ...

Біздің репертуарымызда француз халық әндері, орыс әндері, қазақтың әндері мен күйлері бар еді. Осы сапарда Қанат Әділбаева екеуміз Илья Жақановтың, ақын Аманжол Шамкеновтің сөзіне жазған «Нені ойладың?» әнін дуэтпен орындадық.

Бір қызық жай ойыма оралады. Дайындық аяқталып, енді москвалық комиссияға тапсырарда алты ай дайындалған осы әннің сөзін ұмытып қалғаным да бар. Бірақ, оған қарамастан осы әнді «құлаққа жылы-жылы мелодиясы өте бай» деп алған болатын. Қысқасы, фестивальде елуге тарта берілген концерттердің бәрінде де «Нені ойладың?» әнін орындадық. Халық өте жылы қабылдады. Әннің мәтіні француз тіліне аударылып тұрды.

«Еділ-Жайық» Самарада

2008 жылы, қараша айында Орал облыстық мәдениет департаменті бастығының орынбасары, музыкант Марат Қалиевпен сұхбаттасып отырғанда, төмендегі әңгімені айтты:

— Мен Самара қаласындағы мемлекеттік өнер мен мәдениет институтында оқып жүрдім, — деді ол. – Юрий Михайлович Паршин деген деканымыз бар. Өте терең білімді, дүние танымы кең, талғамы биік, мейлінше қатал мінезді жан. Классика мен халық әндерін ерекше жақсы көреді. Эстрадалық музыка мен әндерді жақтырмайды. Осы ұстазымыздың талғамынан шығуға тырысатынбыз. Осы бір қиын жан бір жолы бізге ерекше үйірілді. 1990 жылдың 1 мамыры қарсаңында біз концерт әзірлеп, репетицияда гуілдесіп жүрдік. Концерттің бағдарламасына «Еділ-Жайық» әнін қосып, оны гитар, баян, домбырамен сүйемелдеп айта бастап едік, сондай бір репетицияны байқап қалған Юрий Паршин залға кіріп келіп:

— А ну-ка, что это за песня? – деді.

Біз сасқалақтып, жүрексініп, үндей алмай тұрып қалдық. Ол кісінің ойлы жанарынан бір жылылықты сезінгендей болдық па, «Еділ-Жайықты» сызылтып айта бастадық. Паршин ойлана, қиялға бата тыңдады. Терезеден сыртқа көз салған күйі:

  • Это, что, казахская песня? – деді, сол толқыған сезімде, жұмсақ сөйлеп.

  • Да, Юрий Михайлович! – деп шу ете түстік.

  • Это народная или современная песня? – деді Паршин.

— Да, Юрий Михайлович, современная песня. Автор – Илья Жақанов. Очень популярный композитор Казахстана, — дедім мен.

— А, он казах что ли? – деді Паршин таңғалып.

13 стр., 6200 слов

Поэзия второй половины XX века. Авторская песня

... творчестве. Само собой разумеется, такая песня, в отличие от массовой эстрадной продукции, адресована далеко не всем ... Глава 1.Что такое авторская песня (иначе – «бардовская», «поэтическая») песня – современный жанр устной поэзии («поющаяся поэзия»), сформировавшийся на рубеже ... Окуджавы, Юрия Иосифовича Визбора, Владимира Семеновича Высоцкого. Итак, цель работы: рассказать об авторской песне и о ...

— Да, он казах, Юрий Михайлович.

— Классическая песня! Хорошо поют казахи! Хорошо! Молодцы! – деп Паршин толғана сөйледі.

Сол күннен бастап біз «Еділ-Жайықты» институт концерттерінде жиі-жиі айтатын болдық. Юрий Паршин бұл әнді тыңдаған сайын бізді рахаттана мақтап жүрді.

Содан арада он сегіз жыл өтті. Оралда бір музыка фестивалі өтіп жатты. Самарадан ұстазымыз Юрий Михайлович Паршин да сол жиынға қатысты. Сол үш-төрт күнде ол кісі барлық концерттерде «Еділ-Жайықтың» орындалуын қиыла сұраумен болды.

… Астрахань жерінде

Астраханьда Ақсарай деген жер бар. Бұл Илья Жақановтың ата-бабалары, әкелі-балалы Нәрік пен Шора батыр жайлаған жер. Еділдің бір тармағы Қиғаштың арғы беті. Орыстың белгілі тарихшысы академик Орлов бір зерттеуінде: «Нарик-бай со своими сорококибитичным таминцами переехал с Казани в Аксарай» деп жазды. Осы Ақсарай былқылдап жатқан бір көркем жер. Бұған тиіп тұрған Ганюшкинді Шора өзені қақ жарып ағып жатыр.

«Еділ-Жайық» әнінің барған жері көп-ақ. Бұл әңгіме соның бірі. Осы Ақсарайда Москваға қарай шыққанда жүз шақырымдай жерде Қарабайлы қаласы бар. Сол қалада Ғайнулла деген кісінің қарындасы Әлия тұрады екен. Әлия қырық жасқа толыпты. Осы қуанышқа орай ағасы Ғайнулла қасында әйелі Нағима және Науқан Байқовты (Ақжайық ауданындағы жұрт оны «Левитан» дейді екен. Т.Ә.) ертіп барыпты.

Әлияның үйінде келісті отырыс болады. Сол жиында жергілікті қазақтар бұлардан «Еділ-Жайық» әнін орындап берулерін өтінеді. Бұлар іркілмейді, әнді айтады. Бір кезде бірге отырған орыс дәрігерлер «Еділ-Жайықты» қайта-қайта айтқызады. Орыстар: «Веиколепная песня! Какая широта!» десіп таңғалысады.

Бұл – 2000 жылдың күзінде болған оқиға. Ілекең оны 2001 жылдың 28-ші сәуір күні Ақжайық ауданының Бағдат есімді азаматынан естіді.

… Түркияда

1994 жылдың шілде айында Түркияның Анталия қаласында дүниежүзінің алпыстай елі қатысқан халық музыкасының фестивалі өтті. Осы фестивальда Атыраудың Дина атындағы ұлт аспаптар оркестрі «Гран-При» жүлдесіне ие болды. Осы оқиға жөнінде оркестрдің бас дирижері Рысбай Ғабдиев былай деді: «Фестивальдің соңғы күні қорытынды концертте біздің оркестр қазылар алқасының шешімімен Моцарттың «Түрік Рондосын», Құрманғазының «Сарыарқасы» мен «Серперін» және Илья Жақановтың «Еділ-Жайық» әнін орындады.

…Иранда

Толымбек Әбдірайым, жазушы