«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер»
З.Фрейд.
Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойландым. Бала кезімде көп ауыратынмын, апкемнің мені бір дәрігерден, екінші дәрігерге жетектеп өсіргені әлі есімде. Сол кезде балалық арманым дәрігер болу еді. Мектепте жақсы оқып, гимназияны жақсы бағамен тамамдасам да, дәрігер мамандығына түсу оңай болмады. Апаларымның таңдап берген мамандығына түссем де, бұл мамандықтың қыр-сырын түк білмеген екенмін. Ақырында осы бір сұраққа жауап та алдым. Ол әлем – психология әлемі – жан туралы ғылым.
«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен таңдаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры екен. Сол кезде осы мамандыққа түскеніме еш өкінбедім, адамдардың тәнін емдей алмасам да, жанын емдеуге өз үлесімді қосарыма қуандым.
Қазақта «жан ғылымын» ерте меңгерген. «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды. Және достарым осы қасиеттердің менің бойымда бар екенін жиі айтатын.
Психолог, ол кім? Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог – өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан – дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – жәрдемші, психолог – көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан – дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейді. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі психология мамандығын жақсы көруімнің басты себептері осындай. Себебі мен адамдарға жақсылық жасағанды бар жан-дүниеммен қаладым.
Социальная психология как основа профессионального становления ...
... тех воздействий, которые научно-технический прогресс оказывает на жизнь человека и всего общества. Социальная психология получила широкое развитие в обществе Психолог , работающий в образовании должен знать специфику и ...
Жақсы психолог болу үшін не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал, психолог мамандығы бұдан да гөрі зор қасиеттерді талап ететінін еңбек ету барысында сезініп, білудемін. Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы. Психолог-басқа адамның мәселесіне еніп, түсіне отырып, өзі бірақ бұдан зардап шекпейтін мықты тұлға. Өз өмірін тәжірибе ретінде қолданбайтын, әр нәрсеге обьективті түрде қарай алатын, өзгелермен бірге қуана да, қайғыра да алатын терең эмоционалды, жоғарыда айтқандай бірақ өзі бұдан зардап шекпейтін жан. Қазір мен бөбекжайда психолог бола жүріп, әрбір күн сайын , кездесетін қиыншылықтар мен проблемаларымен бетпе-бет кездесіп өз білімімді шыңдау, іздену үстіндемін. Бұл мен үшін психология мектебі.
Мен жұмыс барысында көптеген психологтардың іс-тәжірибелерімен, еңбектерімен танысып, халқымыздың ұлттық тәрбиесі негіздерінде бүгінгі психологтар қажетіне жаратар көп қазына бар екендігіне көзім жетті. Шығыстың аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл – Фараби “Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы” деп көрсеткен. Бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті үрдіс екені белгілі. Барлық ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүруі керек. Бұл мақсатта әсіресе психолог мамандарға үлкен міндеттер жүктелген. “Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың” деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбірбаланы жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой – өрісі бар, компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті бүлдіршіндердітәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын. «Тәрбие тал бесіктен» демекші бала тәрбиесі мен дамуын ерте жастан қолға алу керектігін түсіне отырып, бөбекжай психологтарының жұмысы күрделі де жүйелі болу керек деп санаймын.
Психолог мамандығын таңдау арқылы бала бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани өсіп жетілуіне ықпал жасау қажеттігін ұғындым. Психолог әр баланың ата-анасы, жанашыры, досы, ақылшысы, рухани жетекшісі екендігіне жасаған жұмыстарым арқылы көзім жетті. Әр баланың ішкі әлеміне үңілген сайын, ғажайып сырларына бойлайсың, ашылмаған әлеміне жол тауып, қуанасың, таңырқайсың. Психологтың сөзі адам жанын қанаттандырып, өмірге қызығушылықтарын арттырып, сенімділігін оятып, өзінің бұл өмірде қажет екенін ұғынғанда жаның марқаяды. Осындай жетістік бақыт пен қуанышқа жетелейді. Адамзат игілігі үшін, таңдаған мамандығымның маңыздылығының жоғары екендігіне көзімді жеткіздім. Сондықтан да осындай мінез-құлық, жүрек, ақылдың арқасында өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, өмірден орнын таба білсе, менде осындай асыл қасиеттер арқылы шабыттанам. Таңдаған мамандығым арқылы қолымыздан көмек сұрайтын адамның тағдырымен оның жан дүниесі тұрғанын жүрегіммен сезініп келемін.