Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасындағы роман-эссе жанрындағы көркемдік ізденістер
(З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-эсселері негізінде)
Ф.ғ.к. Сұлтанғалиева Р.Б.
Магистрант Емранова Ж.М.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ХХ ғасырдың соңындағы еліміздің егемендікке қол жеткізуі қазақ сөз өнерінің даму тарихына да ерекше серпіліс әкелді. Еліміздің рухани еркіндікке ие болған бұл кезеңі әлеуметтік-саяси формацияның, қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне байланысты қоғамда қалыптасқан эстетикалық идеалдар мен рухани мәдениетіміздегі құндылықтарды қайта қарау, бағалау орын алды. Осы тұста қазақ прозасында ерекше жанрлық түрлердің пайда бола бастауы, әсіресе роман жанрының трансформациялану құбылысы ерекше көрініс тапты. Роман-толғау (С. Елубай «Жалған дүние»), роман- тәмсіл (Ж. Қорғасбек «Үлпілдек»), роман-дедектив (З. Төлеуова «Банкирдің өлімі»), роман-триллер (Ә.Ыбырайымұлы «Зауқайыр», С.Досжан «Ұлкен үйдегі үрей») психологиялық роман (М. Мағауин «Жармақ»), роман философия немесе философиялық диология (М. Есламғалиев «Әйтеке би»), ашық сырласу романы (Х. Әдібаев «Жұлдыздар шоғыры»), роман-миф (А. Алтай «Алтайдың алқызыл модағайы»), роман-эссе (А. Егеубай «Жүсіп Баласағұн», З.Қабдолов «Менің Әуезовім», Ш.Мұртаза «Ай мен Айша», Қ.Ысқақ «Келмес күндер елесі»), роман-интенция (Д. Нақыпов «Күл шеңбері»), т.б. түрлік ізденістер, сөз жоқ, қазақ прозасындағы түрлі тендециялар, алуан әдеби дәстүрлер мен ағымдардың табиғи үйлесімі мен қаламгерлердің көркемдік ізденістерінің нәтижесінде туындады.
Ғалым Қ. Жанұзақова: «Тәуелсіздік идеясы әдебиетке жаңа серпін, санаға өзгеріс енгізіп, романтикалық рух дарытты. Осыған орай, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасының мақсат-мұраты, бағыт-бағдары, өрнек-айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптасуы тарихи-әлеуметтік өзгерістер нәтижесіндегі заңдылық» [1, 331 б.] — дейді.
Міне, тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті тарихындағы жаңа мазмұнға сай жаңа форма табуға ұмтылудың заңдылығы, қазақ қаламгерлерінің кешегі кеңестік кезең мүмкіндік бермеген шығармашылық еркіндік, ой-сана тәуелсіздігіне ұмтылуы еді. Роман-эссе жанры қазақ қаламгерлеріне кешегі ауыр қасіретті жылдармен бірге есейген ұрпақтың өткен күнге қайта бір үңіліп, бүгін мен өткенді сабақтастырып, естелік айтуға, кеңестік саясаттың таланттардың дамуына, ұлт болашағына залал тигізгендігін ашық, оқырмандарымен сырласу түрінде айтуына мүмкіндік берді. Енді бірі замандастарының, өзінің үлгі тұтар тұлғаларының рухани-адамгершілік келбеттерін ашып, жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, тарихи кезеңдердегі ұлттық мәселелерді көркемдеп бейнелеуге күш салды. Осындай жанрда жазылған тәуелсіздік жылдарынан кейінгі әдеби сында, оқырмандар мен әдебиеттанушы ғалымдар назарын аударған туындылардың қатарында З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», Қ.Ысқақтың «Келмес күндер елесі» роман-эсселері жиі аталады.
«Мен рухани бай педагогпын»
... болдым. Әйтсе де алға қойған мақсатым – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол, қоғам сұранысына жауап берер білімді ш ... ынына қарамастан, мектеп директоры Л.Б.Жүсіпова мен ұжымдағы білікті, тәжірибелі ұлағатты ұстаздарымның қолдауы мені алға жетелеп, өзімнің шығармашылы ... қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, кез келген ұстаз соңғы ақпараттық технологияны еркін меңгерген болуы тиіс. ...
Қазіргі әдеби процестегі маңызды мәселенің бірі тарихи тұлғалар ғұмырын, тұлға ретінде қалыптастыру жолдарын әдеби шығармаларда бейнелеу болып табылады. Жеке адам концепциясы – өнер үшін өзекті тақырып, ешқашан сарқылмайтын басты проблема. Тарихи тұлғалардың жан дүниесін танытудың қазіргі әдебиетте түрлі жолдары көркемдікпен игерілуде. Соның ішінде ең жиі таралып, әдебиет тарихында жанр ретінде орнығу үстіндегі роман-эссенің бүгінгі маңыздылығы жоғары екенін ескерсек, М.Әуезов туралы З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі тарихи тұлға – ғұлама ғалым, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткерінің жан дүниесін диалектикалық қайшылықтарымен жеткізуде соны ізденістік тәсілдерді игерген құнды туынды екенін әйгілейді.
З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі шәкіртінің ұстазына көркем сөз арқылы орнатқан ескерткіші тәрізді, автордың атынан баяндалады. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі, өнегесін көрген шәкіртінің ұстаз, жазушы, ғұлама-ғалым ретіндегі бейнесін ашуда автор роман-эссе жанрын таңдап, көркем әдебиеттің эпикалық, лиркалық, драмалық суреттеу амалдарының бәрін шеберлікпен қолданып, өзінше жаңаша суреттеудің тың түрін қалыптастырған.
З.Қабдолов «Менің Әуезовім» роман-эссесін ұзақ толғаныстан кейін жазған. Ол өзінің роман-эссесін осы толғаныстың сырын ашудан бастайды. Өмірде де ғылымда да рухани әкесі, қамқоршысы болған М.Әуезовті жазушы: «…мен көрінген жұртша емес, өзімше, тек қана өзімше жазуым керек», — дейді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қимастық, достық сезімді байқаған Ш.Айтматов қаламгерге: «Әуезов – ұстаз, Қабдолов – шәкірт» [2] деуі де демеу болғаны, «Менің Әуезовім» сынды роман-эссенің дүниеге келеуіне әсерін тигізді.
Роман-эсседе жарқырап көзге түсетін бейне – ұстаз, жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтің бейнесі. Роман күзгі аспанды, күзгі аспан астындағы Алматыны, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік университетінің ғұлама ұстазы М.Әуезов бейнесін көрсетуден бастайды. Күзгі аспан көктемгідей көгілдір, таза. Алматының көркіне көз тоймайды. Көшелері түзу. Көше жағалай тізіліп көкке өрлеген көк теректер мен ақ қайыңдар. Көк теректер мен ақ қайыңдардың тобығын айналып сылдырлаған бұлақтар: «арық жиегіндегі жылтыр тастарға мөлдір моншақтай шашылып, төңірегін түгел қоңыр-салқын шафхат лебімен жалпиды!» [3, 7 б.]. Көше бойлап екі кісі келеді.
Роман-эсседе көше бойлап келе жатқан екі кісінің бірі – ұстаз, екіншісі – шәкірт. Бұл М.Әуезовтің лекциясынан кейінгі сәттің бір көрінісі еді. Жазушы осы сәттен сәл шегініс жасап, оқушыларын университеттің аудиториясына, университет аудиториясындағы лекцияға алып келеді. Лектор – М.Әуезов. Қаламгер М.Әуезовтің ұстаздық қызметін, ұстаздық келбетін нақты шындық оқиғалар арқылы көрсетіп алған соң, ұстаз, ұстаздық туралы монолог түрінде берілетін ойлары мен толғаныстарынан сыр ашады. Сөйтіп эпикалық баяндау лирикалық толғауға ұласады.
Арт ожа романы іздесе табасы
... сауаттылығы; Эссе, оның құрылымы туралы жеткілікті теориялық мәлімет алдыңыз деп ойлаймыз. Енді сол талаптар бойынша жазылған эссе үлгісін ұсынамыз., Эссенің тақ ... дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет. 3 - қадам. ... ға ақ батасын жаудырған аппақ сақалды қарияның тілегінен артық ешкім айта алмастай. Құдалардың алдында құрдай жорғалағаны да ...
Роман-эссенің өн бойында М.Әуезовтің өмірі мен қызметінің аясында айрықша дараланатын және өзара сабақтас екі ұғымның орны ерекше: а) ұстаз туралы ұғым; ә) ұстаздық туралы ұғым. Роман-эсседе ұстаз бен шәкірт арақатынасында орныққан ерекше екі қасиет жарқырап көзге түседі: а) ұстаздың шәкіртке деген шексіз ілтифаты;
ә) шәкірттің ұстазға деген шексіз құрметі. Осы екі қасиет – ұстаздың шәкіртке деген шексіз ілтифатымен шәкірттің ұстазға деген шексіз құрметі – роман-эссенің бір бүтін көркемдік болмысына негіз болған [4, 56 б.].
Қаламгер М.Әуезовтің өмірі мен қызметінің шындықтарын жаза отырып, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, жас ұрпаққа өткен заманның қатерінен сақтандырып, өсер елдің өркеніне рухани-адамгершілік іргелі ой ұсынады. Ол ойы – ұстаз бен шәкірт арасындағы адамгершілік, ұлттық асыл құндылықтарымызды сақтау, келер ұрпаққа аманат, парызды жеткізу туралы туралы ой. Ал сақтандыру қатері – халықтың ақыл-ойын, сана-сезімін жұтқа ұшыратудың, ұлт зиялыларының қуғын-сүргінге салудың қатері.
Тәуелсіздік жылдарынан кейін жарық көрген роман-эсселердің ішінде көрнектілерді бірі – Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-эссесі. Автор романында ауыр тұрмысты басынан кешкен балалық шағы (тұтас замандастары), басынан кешкен өмір тарихындағы анасы Айшаның азапты тағдырын қазақ халқының басынан кешкен сонау жылдардағы тағдыр-талайы, қаралы тарихымен сабақтастыра отырып, солардың себеп-салдарына бүгінгі көзқарас биігінен сыншылық ой жіберген қаламгердің жеке дара тағдыры мен өткен тарихтың тынысын таразылаған көркемдік әлемі, ой таразысы деуге болады.
«Халық басынан кешкен тарихты бейнелеп берудің әдіс-тәсілдері мол. Соның ең өнімдісі, мүмкіндігі мол жанр мемуарлық туындылардан танылады» [5, 19 б.] деген тұжырым Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы дәуір келбетінің ақиқатын айғақтай түседі.
Роман-эсседе отыз жетінші жылдың зобалаңынан бергі қазақ ұлтының басынан кешкен тұтас бір кезеңінің көркем понорамалық суреті берілген. Бірінші жақтан баяндалатын роман-эссенің стилінде байқалатын ерекшелік, ең алдымен, дәуір суретін беруде нақ сол өткен дәуірді бейнелеуден гөрі, бүгінгі ортамызда жүрген ел ағасы, ұлт зиялсы автордың салиқалы ойы арқылы өрбиді. Романда жоғарыдағы роман-эссеге тән баяндаудың барлық түрі, эпикалық, лирикалық, драмалық әдістің барлығы дерлік қолданылып, өткен күннің әңгімесін баяндауда шынайы өмір суретін, тағдыр тауқыметін репрессия мен аштық, соғыс жылдарындағы тұтас бір ұрпақтың шежірелі өмірі көз алдыңыздан өтеді. Романдағы аймен сырлас жесір Айшаның, тағдыр тепкісін көрген Барысханның, Мұртаза сынды арыстың жазықсыз жаласын және осылармен тағдырлас барша қазақ отбасының тағдырын тебіренбей қабылдамау мүмкін емес.
37-ші жылғы саяси қуғын, жазықсыз жала, байдың баласы, халық жауы, жапон тыңшысы деген өтірік жалалар. Қолдан жасалған аштық, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыртпалық, елдегі шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділердің асыра сілтеулері салдарынан орын алған қаншама қасіреттер – Барысханның ғана басынан кешкен өмірі емес, ол бүкіл бір халықтың, ұлттың бастан кешкен, әрбіріміздің отбасымыздың тағдыры [6, 282 б.].
Абдеш ж маділов дарабоз романы
... азақстан», 1999. «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999. Биографиясы Жұмаділов Қабдеш (24.04.1936 жылы туған, Қытай, Шыңжаң ө ... Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді. Шығармалары «Жас ... және "Дарабоз” (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. "Соңғы көш” дилогиясында Қытайдағы қазақтардың бастан кешкен ...
«Ай мен Айша» — өмірбаяндық романның жаңа үлгісін танытатын, адамның қалыптасуы мен қоғамның дамуын сабақтастыра суреттеген шығарма. Мұндағы адам тағдырлары сұрқай заман шындығы ойлантпай, толғантпай қоймайды. Автор адам жан дүниесін көркемдік тұрғыдан зерттей отырып, кейіпкер мінезін ашу арқылы оның адам ретіндегі болмысын жан-жақты ашуға тырысады.
Роман-эссенің көркемдігі туралы ғалым С. Айтуғанова: «Ай мен Айша» романының көркемдік табыстары аз емес. Ш. Мұртазаның өзіне тән шығармашылық ерекшелігі – қысқа жаза отырып, салмақты ой айтатындығы. Автор бірыңғай баяндау. Шылқымай суреттеу, орынсыз тәптіштеуге орын алдырмайды. Осы ретте романның қысқа-қысқа әңгімелерге бөлініп берілуі де сюжеттік желінің жинақы шығуын, композициялық бітімнің жинақылыығын ойластырудан табылған тәсіл деуге болады. Автор қаламына тән лирикалық әуен бұл туындысында барынша тереңдеген. Өзімен тұстас жазылған басқа де мемуарлық шығармалармен салыстырғанда лирикалық реңкі ерекше бұл роман-дилогияның орталық кейіпкері – Барысхан. Сондай-ақ осы Барысханмен үнемі қосарлана, егізделе, тұтаса суреттелетін Айша, сағынышқа айналған Мұртаза, жұмбақ сырлы Ай шығарма оқиғасына нәзік сыршылдық үстеген. Мұндағы Ай, кәдімгі қара түнді жарық қылып, әлемге нұрын шашқан Ай үлкен символикалық мәнге ие. Шығарманың басынан аяғына дейін Ай Айшамен бірге қатарласып суреттеліп отырады. Сол кезеңдегі қытымыр заманның ызғарын сәл де болса жылытып, адамның жабырқау тартқан жанына жылу себетін осы Ай сияқты. Тағдыр тауқыметін тартқан Айшаның да көңіліне желеу болар жалғыз жарық, жалғыз шуақ, жалғыз үміт те осы – Ай» [7] — дейді. Мысал келтірсек, роман-эссенің алғашқы беттерінде Мұртазаның ұсталатын сәтіндегі Айша мен Айдың тілдесуіне зер салайық: «Айша аспандағы топ-толық айға қарап:
— «О, Жаратқан, басқа-басқа мына үрпек балапандай үш нәрестенің не
жазығы бар еді? – деді.
Толықсып тұрған ай бір аунап түскендей болды.
Жаңа ғана жарқырап тұрған ай бұлт ішіне сүңгіп кетті де, жетімдіктің алғашқы түні жан-жақтан қаптап келе жатты» [8].
Иә, автордың Айдың символикалық бейне ретінде алуы, архетиптік бейне ретінде ұлттық дүниетанымдық құндылықтардан хабар береді. Сондай-ақ, автор ай суретін автор кейіпкерлерінің ауыр тағдырына ортақтастырып, ауыр жағдайды жеткізуде ұтымды қолданған. Айдың да қараңғылыққа сүңгіп жоқ болып кетуі, әділетсіздікке табиғаттың да шарасыздығын танытқандай. Табиғат пен адамзат баласының егіздігін аңғартқандай. Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктер, ғасырлар бойы қалыптасқан салт пен ғұрыптың, ырым мен тыйымның қастерленуі роман кейіпкерлерінің сөздері мен істерінен анық көрінеді.
Қорыта айтсақ, тәуелсіздік жылдарында жарық көрген роман-эсселердің пішіндік, стильдік бағыттарында жаңа ізденістер байқалатынын, тілдік қолданыстары түрленіп, қаламгердің суреттеу бейнелілігін арттыруға деген ұмтылысын жоғарыда біз талдап өткен З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», Қ.Ысқақтың «Келмес күндер елесі» роман-эсселерінен байқауға болатынын атап өткен жөн. Бұл аталған туындылар мемуарлық, ғұмырнамалық сипаттағы романдарды дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан дамытып, жаңа шығармаларда көркемдік ізденістер үрдісі одан әрі қарай дами түсетіндігін көрсетеді.
Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) ...
“Ақиқат пен аңыз” роман-диологіндегі батыр бейнесін автор сөздері арқылы бейнелей аламыз. Бауыржан Момышұлыны ... кесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам, өлсе де өтрік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі ретінде суреттелетін Бауыржан бейнесі ... болып, жеңіске жетуге міндетті”, - деген сөздерінен-ақ байқай алдым. Романың аяғында “Ерлік – адам жанының лап кеткен жалыны, жарық еткен найзағайы ...
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жанұзақова Қ.Т. Қазақ прозасындағы романтизмнің көркемдік әлемі. Монография. – Алматы: ИП «Есенбекова», 2010. – 448 бет.
2. «Менің Әуезовім» роман-эссесі хақында // А.Қабылова, Ж.Дүйсенбаева. (оқырман пікірі).
Маңғыстау газеті, 22 желтоқсан. 1998 ж.
3. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. – Төртінші том. Менің Әуезовім. Роман-эссе. – Алматы: Санат, 2003.
4. ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы қазақ романы және тәуелсіздік идеясы: монография / Ө.Әбдиманұлы, Ж.Дадебаев, т.б. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 230б.
5. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Қазақпарат, 2005. – 8 т. – 993 б.
6. Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2009. – 392 бет.
7. Айтуғанова Ш.С. Мемуарлық шығармалардағы замана шындығы және көркемдік // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы.– 2013.- № 4. – 162-166 бб.
8. Мұртаза Ш. Ай мен Айша. – Алматы: Қазақстан, 2008. – 456 бет.