По казахскому языку

Сочинение

Тақырыбы:«Менің Елім-Мәңгілік Ел»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.

(М. Мақатаев)

Әр адам үшін өмірде қымбат екі нәрсе бар. Оның біріншісі –Ана да, екіншісі –Отан. Өйткені, бұлар жайлы сөз қозғағанда елжіремейтін жүрек болмайды. Нәресте кезінен өмірінің ақырына дейін, адамдар ардақты, абзал анасын қадірлеп өтеді. Ал Отан деген- қадірі мол, қасиетті сезім. Сондықтан да біз «Отан-Ана» дейміз.

Отан дегеніміз-адамның туып- өскен жері, туған туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Кең-байтақ Қазақстан менің туған өлкем,оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы-менің ақ бесігім.Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін, алыс кетсем сағынамын.

Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Оның мыңдаған шақырым ормандары, шөл, шөлейт жерлері, өзен-көлдері, таулары өте көп. Республика жерінің үлкендігі соншалық оның онтүстігі мен солтүстігіндегі, батысы мен шығысындағы өлкелердің табиғаты бір- біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде өрік гүлдеп тұрғанда, солтүстігінде қарлы боран соғып тұрады.Біздің еліміздің табиғатының сұлулығын көркемдеп, қаншама ақын-жазушыларымыз қалам тартты десеңізші! Ақиық ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев өзінің Отанына деген сезімін:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» — деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан! Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем…-деп, өлеңмен өріп, өз ойын көркем сөзбен өрнектей білді.

Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіне енген элементтердің барлығы да бар. Қазақстанға әлемнің басқа елдері қызыға қарайды.

40 стр., 19903 слов

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі

... қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. [1 б. 10 ... емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, ... қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы ала ...

Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған, көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздікке қол жеткізді. Ата- бабаларымыздың аңсаған тәуелсіздік таңы атты. Дербес, Тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткен қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама?

Дәл бүгін қуанышты қала, далам,

Жасадың сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқты қара табан,-деген өлең жолдарынан тәуелсіздіктің қолымызға қалай жеткенін аңғаруға болады.

Егеменді еліміз-әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, қуатты, бай ел.Өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туын белгілеп алды.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін түсініп, оны қастерлей білу, жас ұрпақтар, біздің еншімізде.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың астанасы –Астана қаласы. Астана –жаңа Қазақстан ұлылығының белгісі.Ол Еуразия кеңістігінің орталығында Сарыарқа жүрегінде орналасқан. Жаңа астана тағдыры жас ұрпақтар тағдырымен, жастардың арман-үмітімен тығыз байланысты. Ертеңге қол созған ел Астанаға зор үмітпен қарайды.Бүгінде Астананың өзіне ғана тән қайталанбас келбеті бар. Жастар алаңының әсем сәулет ансамблі, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бірқатар жаңа корпустары, Ел анасы монументі, толқында тербелеп тұрғандай осы заманғы спорт кешені, Қазақстан Республикасы Ішкі істерминистрлігінің зәулім ғимараты, фонтан жүйелері орнатылған.Бірқатар жаңа сәулет ғимараттары- осының бәрі астананың келбетіне жаңа түр береді.Аспанмен таласқан Бәйтерек айнадай өзіңе шақырып тұрғандай, қалаға көрік беріп тұр.

Астана біздің баршамыздың, әсіресе шетелдіктерді өзінің құрылысының екпінді және қуатты жылылығымен, қайталанбас әдемілігімен қазіргі заманғы сәулетінің алуан түрлілігімен таң қалдырады.

Қазақстанда тұратын барлық халықтардың достығы мен бірлігін нығатуда , жас ұрпақтардың сапалы білім, саналы тәрбие алу жолында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор.Президентіміздің ел бірлігін, жер тұтастығын, мемлекеттің қуаты мен халықтың болашағы туралы орамды ойлары топтастырылған «Туған елім-тірегім» атты кітабы бар. Осы кітаптан үзінді келтірейін:«Менде Қазақстан елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ.Осы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратыны — туған халқым»- деп, тебіренеді. Осындай Президентіміздің барына өте қуанамын және онымен мақтанамын. Өз жұртының ұлты мен ұлысына қарамай, арман -мұңын сезіне білетін тәжірибелі саясаткер, биік парасат иесіне ұқсағым келеді.

3 стр., 1099 слов

«Астана-арман қала» ( )

... Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ... Отан – жерім, Отан суым, Отан қуат, нәр береді. Отан – ұран, Отан-туым, Отан ... қтап тұрғандай әсерге бөлейді ... Астанам ! 4-оқушы Астанам бағым ,баспанам . Қарыштап алға бас қадам . Отанымның жүрегі,, Елорда- менің Астанам ! Қорытынды;Оқушылар Астана ...