Статья «Менің есімім»

Эссе

Ақмола облысы,Ерейментау қаласы

«Бөгенбай батыр атындағы

қазақ орта мектебі»КММ

Жанатова А.Ж.

Менің есімім қандай мағына береді?

(эссе)

Дүниежүзіндегі халықтардың жаңа туған нәрестеге есім беруде өзіне тән қызықты дәстүрлері бар. Америка мен Канаданы ежелден мекен еткен көне үнділер балалары ер жетпей нақты ат бермеген. Жапондардың да осыған ұқсас тұрмыстық мәдениеті баршылық. Адамның мінезі тұрақтанып, өмірде бір ісімен көзге түссе, сонда ғана олар кісіге тән есімдерді берген екен.

Біздің ұлы бабаларымыздың бұдан бұрынғы ер балаларға қойған аттары үнемі «бай» сөзімен аяқталып отырған. Алысқа бармай өзіміздің әулеттің аттарына тоқтағым келеді. Түгелбай деген есімді менің ұлы бабам өмірде алып жүрген. Бұл сөздің мағынасын сұрағанымда ол кісінің малға да, өнерге де, мінезге де бай болғанын естіп білдім. Өз еңбегімен тапқан дәулеті өмірде кедейшілікті көрсетпеген. Ақынжанды ұлы бабамның өнері еліне дәулет болғанына сол кездегі көпшілік ризашылықпен айтып отырыпты. Суырып салма ақынның қолынан домбырасы бір де бір түспепті.

Қазақтың айтулы батырлары Бөгенбай, Қабанбай заманында ешкімнен кем болмаған. Даңқы жер жарған осы ұлы дала баһадүрлерінің айбынынан қазақ даласына шүйліккен жаулары ығысып отырған.

Бертінгі кезге келетін болсақ, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, ұлы өнер иелері Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаева есімдерін балаларына берген, солардай абырой мен даңққа ие болсын деген ата-аналар көп қой. Қазіргі заманда талай-талай Бауыржандар, Талғаттар көпшіліктің ортасында жүр.

Қазақ даласын мекендеген сақтар патшайымы Тұмар (Томирис) бүгінгі ұрпақ үшін үлкен үлгі дегім келеді. Египеттің патшасы болып, сол елдің өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген түбі қыпшақ баласы сұлтан Бейбарысты осы арада мысалға келтірсем – ол сөзімнің үлкен дәлелі болар еді. Ұлы тұлғаға арнайы түсірілген кинодан кейін біздің ортамызда Бейбарыстар пайда болды. Бұл жақсылықтың нышаны. Аталарымыздың «Жақсыдан шарапат» деген мәтел сөзі соның бір айғағы болар.

2 стр., 582 слов

По казахской литературе «ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН» АТТЫ ШЫҒАРМА

... Отан үшін отқа түс-күймейсін»- деген мақал бар.Расында да,егер Отан үшін жанынды қисаң,ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі ө ... ын көтеріп келеді. Ол қандай мақтаныш сезім!Ол –отаншылдық сезімі! Жылда біздің ауылымызда аудандық Би фестивалі өтеді.Ол қандай әдемі дәстүрге ... қы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан-байтақ жері ,оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді.Қазақстан мұнай мен ...

Қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк әр заманның өкілдеріне үлкен өнеге болып қала береді. Ал, қазақ халқының сүйікті жыр-дастандары «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дүниежүзілік әдебиеттің алтын мұрасына айналды. Оны туысқан түрік, татар, өзбек пен қырғыз халықтары да жақсы біледі. Көне дәуірдегі осы кісілердің аттары әлі күнге дейін халқымыздың қолдауына ие болып отыр. Мысалы, менің әкемнің қарындасының аты Еңлік.

Ұлы жазушы Сәкен Сейфуллин газет беттеріндегі мақалаларға өзінің псевдонимасы (жасырын аты) ретінде «Еркебұлан» деп қол қойып отырған. Ал біздің бабаларымыз бұл есімді балаларына аз қойған жоқ. Соның бір мысалы ретінде өзіміздің ағаларымыздың бірі – яғни, әкемнің туған інісі – Еркебұланды айтып өткім келеді.

Алысқа бармай қазақ халқының өмірінде, дәстүрінде ертеден орын алып келе жатқан есімдердің біразын алға тартайын: Ақан сері, Біржан сал, Абай, Шоқан Уәлиханов, Абылайхан, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов біздің ұлтымызға үлкен өнеге болған. Еліктегіш халық «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп соңына ерген ұрпағына сөз қалдырған. Қазіргі кезде де жас ата-аналар балаларына өздеріне ұнаған аттарды қойып жатыр. Бірақ ішінде ұнамсыз, біздің дәстүрімізге қисыны келмейтін есімдерді де қойып жібереді. Көптеген үнді телесериалдарының кейіпкерлері қазіргі кезде біздің елде көбейіп кетті.

Өзімнің есімім туралы да айтып өтейін.

Мен елімнің еркесі болу үшін кішіпейіл, мейірімді, достарыма адал, жақындарыма қамқор, еңбекқор, қолымнан келгенше елге жақсылық жасауға тырысамын!